"Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 344-I бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрінің 2009 жылғы 7 шілдедегі N 309 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5721 болып енгізілді

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 458 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкімет аралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде:
      17-бөлім. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" мынадай мазмұндағы 79-3-тармақпен толықтырылсын:
      "79-3. Қазақстан Республикасындағы қысқартылуға тиісті ядролық қаруды жою саласындағы Қазақстан-жапон ынтымақтастық жөніндегі комитеті.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов