"Табиғи монополия субъектілерін қайта ұйымдастыруды немесе таратуды уәкілетті органмен келісу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3878. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 430 бұйрығымен

       1-бап.  "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309, 321-құжаттар; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      13-баптың бірінші бөлігінде:
      төртінші абзацта:
      "өзімен бірге 7 жасқа дейінгі" деген сөздердің алдынан "әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;

      "әуе," деген сөз алып тасталсын;

      бесінші абзац "билеттің толық құнының" деген сөздердің алдынан "әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы абзац "тасымалдау кезінде" деген сөздерден кейін ", әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші - тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "- өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге;
      - халықаралық тасымалдарды қоспағанда, әуе көлігінде 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға;
      - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға.".

       2-бап.  Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті