"Сотталған әскери қызметшiлердiң қылмыстық жазаларын өтеу ережесiн бекiту және қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 182 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20 шілдедегі N 266 Бұйрығы. Қазақстан Республикасың Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3780. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 552 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. "Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) және оның облыстарда, Астана және Алматы қалаларында филиалдары құрылсын.
 

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
 

      3. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде көзделген қаражат есебiнен және шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
 

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Мекеме мен оның филиалдарының мұқтаждары үшiн үй-жай берудi қамтамасыз етсін.
 

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі