"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486 бұйрығына өзгерістер мен т

Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 1 бұйрығы. Қазастан Республикасының Әділет министрілінде 2005 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3378. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 16 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде N 3267 болып тіркелген "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815  бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесінде:
     1-тармақ ", жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Қаржы департаменті (Литвиненко Т.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
     3. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     Министрдің
     міндетін атқарушы