Су тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 506-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3383. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 наурыздағы N 226  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      1) тармақшаның күші жойылды деп танылсын;
      2) тармақшадағы "Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің" деген сөздер "Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 49-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасының және 4-1-тармағының қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қайта қалпына келтірілсін.

      3. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы N 1809  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 536-құжат) 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі