Клиникалық ординатураға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 963 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3304. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 161 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01  N 161 (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Клиникалық ординатураға қабылдаудың үлгі ережесі бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К.Құрманәлиев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Н. Гамарникке жүктелсін.

       Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы
 
             2004 жылғы 4 желтоқсан

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2004 жылғы 23 қарашадағы   
N 963 бұйрығымен бекітілген 

  Клиникалық ординатураға қабылдаудың
үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Клиникалық ординатураға қабылдаудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленген.

      2. Ереже Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың клиникалық ординатурасына тұлғаларды қабылдаудың тәртібін анықтайды.

      3. Білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың клиникалық ординаторлары контингентін қалыптастыру жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру, заңды және жеке тұлғалардың қаражаттар есебінен оқуға төлем ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

      4. Шетел азаматы болып табылатын ұлты қазақ тұлғалардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар клиникалық ординатурада Қазақстан Республикасының заңнамаларында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей білім алу құқығын пайдалана алады.
      Басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың клиникалық ординатурасына төлем ақылы негізде Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық келісімдер және келісім шарттар негізінде қабылданады.

      5. Білім беру ұйымы және ғылыми ұйым білім беру қызметін жүргізуге тиісті лицензиялары болғанда ғана клиникалық ординатура мамандықтары бойынша оқуға қабылдау жариялайды.

      6. Бюджет қаражаты есебінен білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың клиникалық ординатурасына оқуға қабылданатын азаматтардың саны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша білім беру саласындағы орталық атқарушы орган жыл сайын конкурстық негізде орналастыратын мемлекеттік білім беру тапсырысының шегінде белгіленеді.

      7. Білім беру ұйымы мен ғылыми ұйым білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шарттар негізінде оқу құнын заңды немесе жеке тұлғалар есебінен төлете отырып білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау жоспарынан тыс азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруға құқылы.

      8. Клиникалық ординатураға түсу емтихандарын өткізу және қабылдау кезеңінде білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда қабылдау, пәндік емтихандық және аппеляциялық комиссия құрылады.
      Ұйым басшысы қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.
      Құрамына төраға және үш мүше кірген пәндік комиссия тиісті мамандық бойынша осы білім беру ұйымы және ғылыми ұйымның жоғары білікті ғалымдарының қатарынан құрылады, мамандық саласы бойынша олардың екеуі ғылым докторлары, ал қалғандары мамандықтың бейіні бойынша ғылым кандидаттары бола алады.
      Аппеляциялық комиссияның төрағасы және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның өкілдері білім беру саласындағы орталық атқарушы органның бұйрығымен бекітіледі.

      9. Конкурстық іріктеуді қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымы мен ғылыми ұйымға құжаттар тапсыру мерзімінен 1 ай бұрын орталық баспада мамандықтары және құжат тапсыру мерзімі көрсетілген клиникалық ординатураға қабылдау жөнінде хабарландыру жарияланады.

      10. Клиникалық ординатураға түсушілер шетел тілдерінің біреуінен және арнайы пән бойынша түсу емтихандарын тапсырады.

      11. Шетел тілі бойынша түсу емтихандары білім беру саласындағы орталық атқарушы орган құрған орталықтарда стандартталған тестілеу технологиясы бойынша тапсырылады.

      12. Арнайы пән бойынша түсу емтихандарын білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың басшылары бекіткен пәндік комиссиялар өткізеді.

      13. Емтихандарды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      14. Клиникалық ординатураға түсушілерден өтініштерді қабылдау  1 шілдеден 20 шілдеге дейін жүргізіледі.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2007.04.14. N  202 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Клиникалық ординатураға түсу емтихандары тамыздың 5-нен 20-на дейін, оқуға қабылдау - 31 тамызға дейін өткізіледі.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2007.04.14. N  202 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Клиникалық ординатураға қабылдау тәртібі

      16. Клиникалық ординатураға жоғары медициналық білімі бар азаматтар қабылданады.

      17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша клиникалық ординатураға қабылдау конкурстық негізде түсу емтихандарының нәтижесі бойынша жүргізіледі.

      18. Клиникалық ординатураға түсуші тұлғалар білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымға мынадай құжаттар ұсынады:
      басшының атына жазылған өтініш;
      жоғары білімі туралы құжаттың қосымшасымен көшірмесі;
      кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
      086-У нысанды дәрігерлік анықтама;
      3,5х4,5 4 фотосуреті.

      19. Клиникалық ординатураға түсушілер жоғары оқу орындарын бітірушілер үшін белгіленген бағдарлама көлемінде шетел тілдерінің бірінен тестілеу нысанында емтихан тапсырады.
      Жоғары кәсіптік білім беру бағдарламалары көлеміндегі арнайы пән бойынша емтихан ауызша немесе жазбаша түрде өткізіледі.

      20. Қабылдау комиссиясы түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде әр үміткер жөнінде шешім енгізеді.
      Қабылдау кезінде баллдары бірдей болған жағдайда үздік дипломы бар тұлғаларға, содан кейін бейінді пән бойынша жоғары баға алғандарға басым құқық беріледі.

      21. Оқуға клиникалық ординаторлар қатарына қабылдау ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

      22. Осы ережеде реттелмеген мәселелерді білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссиялары шешеді.