"Клиникалық ординатураға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 963 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі N 202 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4663 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 161 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  426-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      "Франциядан," деген сөзден кейін»"Америка Құрама Штаттарынан, Сингапурдан, Жаңа Зеландиядан, Австралиядан," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақта:
      "Тікелей нәтижеде" "Халықаралық сарапшылар мен дәріскерлерді Франциядан - 3 адам," деген сөздерден кейін»"Америка Құрама Штаттарынан - 2 адам, Сингапурдан - 1 адам, Жаңа Зеландиядан - 1 адам, Австралиядан - 1 адам" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі