"Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидаларын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиден

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 43 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 маусымда № 28661 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидаларын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3190 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы қаулымен бекітілген Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидаларында, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушыларға қарыздар беру жөніндегі қызметті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.

      Уәкілетті органның "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына сатып алу сомасы шегінде қарыздар беру бойынша қызмет көрсетуді ұсынады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандырушы сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша шартын қоспағанда, өз сақтанушыларына жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша қарыздар береді. Қарыздар осы Қағидалардың 2-1-тарауына сәйкес есептелген сатып алу сомасы шегінде беріледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заем алу үшін сақтанушы сақтандырушыға мынадай құжаттарды:

      1) заемды беру туралы еркін нысандағы өтінішті, оны берген мерзім мен заемның сомасын көрсете отырып;

      2) сақтанушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесін;

      3) қолданыстағы жинақтаушы сақтандыру шартының көшірмесін;

      4) қарыз сомасын аудару үшін банктік шоттың 20 таңбалы нөмірі көрсетілген банктік шоттың бар екендігі туралы хабарламаны (анықтаманы) (егер сақтандыру жарналарын төлеу мерзімін ұзартумен байланысты болмаса) береді.".

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова