Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғам

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 қазанда № 21425 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.03.2024 № 15 (25.03.2024 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.03.2024 № 15 (25.03.2024 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.03.2024 № 15 (25.03.2024 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы "___" "_____________"

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 12 қазандағы
№ 97 қаулысымен
бекітілді

      Ескерту. Талаптардың оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.03.2024 № 15 (25.03.2024 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) 11-бабының 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес жасалды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына (әрі қарай – сақтандыру брокері) қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.03.2024 № 15 (25.03.2024 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңда және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) көрсетілген мағыналарында пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);

      2) бір жолғы операция (мәміле) – жеке тұлғаның ұйымның сақтандыру қызметтерін көрсеткені үшін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу операциясы;

      3) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару – ұйымның КЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      4) клиент – ұйымдардың және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметтерін алатын жеке тұлға, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым, соның ішінде пайда алушы;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын тарату тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ тәуекелдері) - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын тарату процестеріне ұйымдарды қасақана тарту немесе қасақана тартпау тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ);

      6) цифрлық актив - криптография және компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, қаржылық құрал болып табылмайтын мүлік, сондай-ақ мүліктік құқықтарды куәландырудың электрондық-цифрлық нысаны;

      7) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;

      8) іскерлік қатынастар – ұйымдардың клиентке бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметке жататын қызметтерді (өнімдерді) ұсынуы жөніндегі қатынастар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) қарсы іс-қимыл мақсатындағы ішкі бақылауды ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокері:

      1) Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      2) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) ұйымды, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде КЖ/ТҚҚ мақсатында ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы және (немесе) сақтандыру брокері ұйымның ішкі аудит қызметінің (ішкі аудит жүргізуге уәкілетті сақтандыру брокерінің органы) КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптарды қамтитын ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді және қабылдайды.

      Ішкі бақылау қағидаларын ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекеліне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелерін, ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің мөлшерін, сипатын және күрделілігін ескере отырып орындайды.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокері оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттары не ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органы немесе атқарушы органы бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ұйымның басқару органы (сақтандыру брокерінің уәкілетті органы) ұйымның басшы қызметкерлерінің және (немесе) сақтандыру брокерінің немесе ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің өзге де басшыларының қатарынан ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының және (немесе) сақтандыру брокерінің деңгейінен төмен емес тұлға тағайындайды ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты (бұдан әрі - жоғары білімі, ұйымдағы және (немесе) сақтандыру брокеріндегі жұмыс өтілі (техникалық немесе қосалқы персонал лауазымындағы жұмыс өтілін қоспағанда) кемінде бір жыл не КЖ/ТҚҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл не қаржы қызметтерін ұсыну және (немесе) реттеу саласындағы жұмыс өтілі Сақтандыру қызметі туралы Заңға сәйкес кемінде үш жыл қызмет көрсету және мінсіз іскерлік беделі белгіленеді, сондай – ақ құзыретіне КЖ/ТҚҚ мәселелері кіретін ұйымның қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі-КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше) айқындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау рәсімі;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес жасалған терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) болуына нысаналы қаржы санкцияларын қолдану, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;

      3) Тізбеден және ЖҚҚТҚ тізбесінен клиент туралы мәліметтер алып тасталған кезде нысаналы қаржы санкцияларын қолдануды тоқтату тәртібі;

      4) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметкерлерінің, оның ішінде ұйымның басқару органының және атқарушы органының (сақтандыру брокерінің уәкілетті органының) жауапты қызметкерлерінің өздеріне белгілі болған, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      5) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері (бар болса) кіретін КЖ/ТҚҚ бойынша сақтандыру тобы белгілеген талаптардың сипаттамасы;

      6) КЖ/ТҚҚ мақсатында ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі аудит қызметінің ішкі бақылау тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті, оның ішінде сақтандыру тобы шеңберінде шоғырландырылған негізде дайындау және ұйымның басқару органы мен атқарушы органына ұсыну тәртібі;

      7) КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі.

      8) КЖ/ТҚҚ бойынша бөлімше функцияларының сипаттамасы, оның ішінде КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен және (немесе) сақтандыру брокерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің, сондай-ақ жауапты қызметкердің функциялары, өкілеттіктері, жауапты қызметкердің ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органымен және атқарушы органымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің сипаттамасы;

      9) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі, оның ішінде қосымша бақылау шараларын қолдану тәртібі және КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару және оларды азайту жөніндегі рәсімдері.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) әзірленген және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың), сондай-ақ ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде олардың сақталуын мониторингтеуді қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес уәкілетті органға хабарламалар ұсынуды және олардың ұсынылуын бақылауды ұйымдастыру;

      3) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарламалар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      4) ұйымның (немесе) сақтандыру брокерінің лауазымды тұлғасын анықталған клиенттер мен нысаналы қаржылық санкцияларын қолдану жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар ету;

      5) КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасасқан шарттарда көзделген жағдайларда және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуді тоқтата тұруы не бас тартуы туралы шешімдер қабылдау не ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару және (немесе) атқарушы органдарымен келісу;

      6) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органын және (немесе) атқарушы органын хабардар ету;

      7) ұйымның басқару органына (сақтандыру брокерінің уәкілетті органына) есептерді қалыптастыру үшін ұйымның (сақтандыру тобының) және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпаратты дайындау және ұйымының және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органдарымен және (немесе) атқарушы органдарымен келісу;

      8) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ процестеріне тартылу тәуекелін бағалау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға сұратылатын ақпаратты жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау бойынша үйлестіру.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жауапты қызметкер және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлері жүктелген функцияларды орындау үшін мыналарды жүзеге асыруға құқылы:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органына және (немесе) атқарушы органына сұрау салулар жіберу;

      2) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;

      3) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелеріне операциялар жүргізуге қатысты нұсқаулар беру;

      4) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

      5) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету.

      9. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің филиалдарында Талаптардың 7 және 8-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер бар болса осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      10. Жауапты қызметкердің, ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің Талаптардың 7-тармағында көзделген функциялар жүктелген қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің функцияларымен, сондай-ақ ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.

      Сақтандыру брокерінің бірінші басшысы сақтандыру брокерінің жауапты қызметкерінің функцияларын орындай алмайды.

      11. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі бақылау ережелерінің талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.

3-тарау. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      12. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ұсынылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ тәуекелдерін оның құрылымдық бөлімшелері бөлінісінде басқаруды ұйымдастыру рәсімі;

      2) клиент тәуекелінің деңгейіне;

      ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттің типі, елдік тәуекел және қызметтер/өнімдер тәуекелі бойынша) ескере отырып, КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) алдын алу іс-шараларының тізбесін, оларды жүргізу рәсімі мен мерзімдерін, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылауды көздейтін клиенттердің тәуекелдеріне және ұйым және (немесе) сақтандыру брокері өнімдерінің (қызметтерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін тұрақты мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру рәсімі;

      4) клиенттердің тәуекел деңгейлерін қайта қарау үшін беру рәсімі, мерзімдері мен негіздері.

      14. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жыл сайынғы негізде кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызмет (өнім) және (немесе) оны ұсыну тәсілінің тәуекелін ескере отырып, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу рәсімдерін өзгертуді, операцияларды жүргізуге лимиттерді белгілеуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну шарттарын өзгертуді, қызметтерді ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды адам, оның жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) шетелдік қайта сақтанушылар (цеденттер), егер қайта сақтандыру бойынша мәміле сақтандыру брокерінің қатысуынсыз жасалған жағдайда және осындай шетелдік қайта сақтанушылардың (цеденттердің) қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде мақұлданған рейтингтік агенттіктер берген қаржылық сенімділік рейтингі немесе кредиттік рейтингі жоқ;

      қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      3) шетелдік сақтандыру брокерлері (Қазақстан Республикасында сақтандыру брокерлік қызметін жүзеге асыруға қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар және КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын еншілес ұйымы бар ұйымдарды қоспағанда);

      4) қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын ұйымдар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақшаны, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы қабылдауды жүзеге асыратын қызметтерді (қаржылық қызметтен басқа) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірілген өкілдері);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн-казино қызметін көрсететін не одан кіріс алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді ұсынатын тұлғалар;

      5) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      6) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      7) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      8) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      9) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      10) Талаптардың 17-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      11) клиент ұсынған мәліметтердің дұрыстығына күмән болған кезде;

      12) клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген клиентті тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттер жасағанда;

      13) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін төмендететін клиенттердің түрлеріне:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан бақыланатын заңды тұлғалар;

      2) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беруші акцияларының жүз пайызы (қатысу үлесі) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар құрған заңды тұлғалар;

      3) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері - бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары;

      4) сақтандыру брокерлері - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар резиденттер, сақтандыру брокерлері - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасында еншілес ұйымы бар бейрезиденттер;

      5) акциялары қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не олардың қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдар;

      7) қаржылық сенімділік рейтингі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен құпталған, рейтингтік агенттіктер берген кредиттік рейтингі бар шетелдік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;

      8) бағалы қағаздары (акциялары және (немесе) облигациялары) халықаралық қор биржаларында немесе Қазақстанның қор биржасында бағаланатын не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен құпталған рейтингтік агенттіктер берген кредиттік рейтингі бар заңды тұлғалар;

      9) Мемлекеттік кредиттік бюроның дерекқорында олар туралы ақпарат бар және осы ұйымның тиісті тексеруінен өткен сақтандырушылар кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      17. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерде қызметті жүргізуге, осындай шет мемлекеттер клиенттеріне қызметтерді (өнімдерді) көрсетуге, осындай шет мемлекеттердің қатысуымен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

      Мыналар өздерімен жасалатын операциялар КЖ/ТҚ тәуекелін ұлғайтатын шет мемлекеттер болып табылады

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) оларға қатысты қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      4) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар).

      БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша мұндай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

      18. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын қызметтері (өнімдері, операциялары), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі бақылау қағидаларында айқындалған жаңа және дамушы технологиялар сияқты жаңа, сондай-ақ іс жүзінде бар өнімдерге жаңа тетіктер беруді қоса алғанда, жаңа өнімдер және жаңа іскерлік тәжірибелер;

      2) ерікті жинақтаушы сақтандыру қызметтері;

      3) ерікті жинақтамайтын сақтандыру шарттары бойынша 10 000 000 теңгеден асатын сомаға не шетел валютасында баламасы 10 000 000 теңге сомаға сақтандыру төлемдерін қолма-қол ақшамен жүзеге асыру;

      4) клиенттің күрделі, әдеттегіден тыс ірі не айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасауы.

      19. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ тәуекелін төмендететін қызметтері (өнімдері, операциялары), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) міндетті сақтандыру шарттарын жасау;

      2) зейнетақы аннуитеті шарттарын жасау.

      20. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің (өнімдерінің, операцияларының) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау кезінде Талаптардың 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер санаттарына және факторларына сәйкес мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері тәуекелдің қорытынды дәрежесіне әсер ететін қосымша мәліметтерді ескереді:

      1) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламалардың саны;

      2) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері уәкілетті органға клиенттердің шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.

      21. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері Талаптардың 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ ұйым және (немесе) сақтандыру брокері белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтер мен ақпаратты талдау нәтижелері бойынша белгілейді және ұйым және (немесе) сақтандыру брокері әзірлеген, кемінде екі деңгейден тұратын тәуекел деңгейін айқындау шкаласы бойынша бағаланады.

      Талаптардың 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тәуекел санаттары мен факторларын пайдалана отырып, тәуекелді бағалау клиенттерге (клиенттер тобына) қатысты операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелері негізінде жүргізіледі.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің және операцияларды (іскерлік қатынастарды) мониторингтеу нәтижелерінің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

      21-1. Ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер және жаңа іскерлік практика әзірлеуге;

      2) жаңа, сол сияқты қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамушы технологияларды пайдалануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚҚ тәуекелдерін айқындайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға дейін немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. 21-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 6-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ тәуекелдері есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.

4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      23. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 2-2) тармақшаларында көзделген шараларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, өзара сақтандыру қоғамы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары сақтандыру сыйлықақысы төленгенге және (немесе) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанға дейін жүзеге асырады.

      Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болса, клиент – заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент – заңды тұлға, заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Тиісті тексеру бойынша шараларды қабылдау нәтижесінде клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Клиенттің бенефициарлық меншік иесін анықтау жөніндегі іс-шараларды ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сақтанушыға қатысты, ал ерікті жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, оның ішінде өмірді сақтандыру шарттары бойынша пайда алушыға қатысты да жүргізеді.

      Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстыру, қолжетімді көздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстыру, мәліметтерді басқа тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Клиент тәуекелінің деңгейіне байланысты ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жүргізетін іс-шаралар дәрежесі КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің оңайлатылған не күшейтілген шараларын қолданудан көрінеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері іскерлік қарым-қатынастар орнатылғанға дейін клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне сәйкестендіру жүргізеді.

      25. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-4-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді, іскерлік қатынастарды тексереді және операцияларды зерделейді, қажет болған кезде жасалатын операцияларды қаржыландыру көздері туралы мәліметтер алу мен белгілеуді қоса алғанда, клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, сондай-ақ мынадай жағдайларда клиент және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің дәйектілігін тексереді және іскерлік қатынастардың немесе бір реттеу операцияның (мәміленің) болжамды мақсатын анықтайды:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жасағанда;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет еткенде);

      3) клиент КЖ/ТҚ типологияларына, схемаларына мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операцияны (мәмілені) жасағанда;

      4) клиент әдеттегіден тыс операциялар (мәмілелер) жасағанда;

      5) клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің дұрыстығына күмәндануға негіздер болғанда.

      6) клиент – жеке тұлға, егер мұндай операцияның сомасы 100 000 (жүз мың) теңгеден не 100 000 (жүз мың) теңгеге балама болатын шетел валютасындағы сомадан асып кетсе, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөніндегі операцияны жасағанда.

      Клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіз болған кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қаржы мониторингі субъектісі осындай күмәннің бар екендігі туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операциялар жасау кезінде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және талаптарға сәйкес бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту не алу қажеттігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді:

      1) іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау рәсімі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімі, оның ішінде клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану;

      3) шетелдік қайта сақтанушылармен (цеденттермен) іскерлік қатынастар орнату (тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдау) кезінде сәйкестендіруді жүргізу ерекшеліктері;

      4) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жария лауазымды тұлғаларды, олардың жұбайларын және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      5) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру рәсімі;

      6) іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚҚ және сақтандыру тобы бойынша (бар болса) талаптарды орындау шеңберінде сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу, сондай-ақ осындай мәліметтерді сақтау және құпиялылығын қамтамасыз ету ерекшеліктері;

      8) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында басқа ұйымдармен өзара іс-әрекеттесу ерекшеліктері;

      9) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру рәсімі;

      10) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және рәсіміне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;

      11) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау рәсімі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;

      12) ұйымның сұратуы бойынша клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша алу және ұсыну тәртібі.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бойынша қосымша шаралар бағдарламасына енгізуіне рұқсат етіледі.

      Егер ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды ұйым клиенттеріне қатысты қолдануды тапсырса, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді, ол мыналарды қамтиды:

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен ұйым және (немесе) сақтандыру брокерлерінің шарт жасау рәсімін, сонымен қатар сондай шарт жасауға уәкілетті ұйымның және (немесе) сақтандыру брокері лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің арасындағы шартқа сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің беру мерзімі мен рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді ұйым және (немесе) сақтандыру брокеріне беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру бойынша талаптарды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің қабылдаған шараларының сақталуын бақылауды ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің жүзеге асыру рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен олар сәйкестендіру бойынша талаптарды, оның ішінде ұйымға және (немесе) сақтандыру брокеріне алынған мәліметтерді беру мерзімі мен толықтығын сақтамаған жағдайда олармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы ұйым және (немесе) сақтандыру брокердің шешім қабылдауының негіздерін, рәсімін және мерзімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сәйкестендіру жүргізу тапсырған тұлғалардың олардың сәйкестендіру бойынша талаптарды алынған мәліметтерді ұйымға және (немесе) сақтандыру брокеріне беру рәсімін, мерзімін және толықтығын қоса сақтамағаны үшін жауапкершілігі туралы ереже;

      сәйкестендіру талаптарын орындау мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсету мәселесі жөнінде сәйкестендіру жүргізу тапсырылған ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің өзара іс-қимыл рәсімін.

      Ұйым тапсырма шарттарын жасаған сақтандыру агенттерімен клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Шетелдік қаржы ұйымына шарт негізінде КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларын қолдануды тапсырған ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың ықтимал тәуекелдерін ескереді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Тиісінше тексеру шаралары клиент – жеке тұлға сақтандыру шарттары бойынша, егер осындай операция сомасы 100 000 теңгеден не шетел валютасында баламасы 100 000 теңгеден аспайтын сомаға сақтандыру сыйлықақысын төлеу операциясын жасаған кезде, клиент күдікті операцияларды жасаған жағдайларды қоспағанда жүргізілмейді.

      28. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру шеңберінде Талаптардың 24 және 25-тармақтарына сәйкес алынған мәліметтер құжатпен тіркеледі, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттің досьесіне енгізеді, ол клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және клиентпен іскерлік қатынастар немесе бір жолғы операция (мәміле) жасау тоқтатылған күннен бастап кем дегенде бес жыл ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде сақталады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент туралы қаржы мониторингінің басқа субъектілерінен клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сүйенетін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру шараларына арналған мәліметтерді дереу, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін сұрату бойынша кідіріссіз алады, оларға оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйеден немесе ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті тиісінше тексеру шараларына сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жатады.

      Егер ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері шетелдік қаржы ұйымы қабылдаған клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенсе, ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокері осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және осындай қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының талаптарына ұқсас тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдайтынын, сондай-ақ тиісті тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтайтынын белгілейді.

      Сақтандыру тобының қатысушылары болып табылатын ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері қажет болған кезде КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-1-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай топтың басқа қатысушылары қабылдаған КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенеді.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ішкі құжаттарға сәйкес досьелер жүргізетін клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ шектелмейді:

      1) жеке тұлғаларды;

      2) заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қайта сақтанушыларды (цеденттер);

      3) заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымдарды.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент досьесін ол туралы ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ішкі бақылау қағидаларына сәйкес оған ұйым және (немесе) сақтандыру брокері берген тәуекел деңгейіне қарай қалыптастырады. Клиентке төмен деңгей берілген жағдайда оған қатысты тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары жүргізіледі және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер тізбесі бекітіледі.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда қосымша мәліметтерге КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағында көзделген мәліметтер жатады (салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер).

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, немесе бенефициарлық меншік иесін анықтау барысында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері мұндай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына тексеру жүргізеді.

      Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты миграциялық карточкалар туралы мәліметтер алу талап етілмейді. Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуын тексеру. Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне қарай (Тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) жүзеге асырылады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайлары мен жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына (зайыбына) және жақын туыстарына қатысты:

      1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;

      2) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің мұндай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;

      3) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;

      4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі күшейтілген шараларын тұрақты негізде қабылдайды.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша осы тармақтың бесінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жеке тұлғаны (заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым басшысын, бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); азаматтығы; туған күні және жері; заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы; жеке басты куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері, қызмет түрі (жеке кәсіпкерлер үшін);

      жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері заңды тұлға-клиентті (заңды тұлға клиентінің құрылтайшыларын (қатысушыларын), заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымды) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      атауы;

      заңды тұлғаның тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса); орналасқан және тіркелген жерінің мекенжайы; бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент-заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір; қызмет түрі; басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің немесе заңды тұлға құрмай клиент-шетелдік құрылым атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер; бенефициарлық меншік иелері туралы деректер.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокерлері заңды тұлға құрмаған клиент-шетелдік құрылымды сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауы, нөмірі (бар болса),

      орналасқан жерінің мекенжайы,

      негізгі қызметті жүргізу орны,

      қызмет сипаты,

      басқарудағы (меншіктегі) мүліктің құрамы (ұқсас құрылымы немесе функциясы бар заңды тұлға құрмай трасттар мен өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29-1. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың шынайы болуы тұрғысынан тексеріледі.

      Ескерту. 29-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29-2. Ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе орналасқан жағдайда, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды.

      Ескерту. Талаптар 29-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу қажеттілігінің кезеңділігі клиент (клиенттер тобы) тәуекелінің деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып белгіленеді.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кемінде жылына бір рет жүзеге асырылады.

5-тарау. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      31. КЖ/ТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша, сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды анықтау және уәкілетті органға жіберу бойынша талаптарды іске асыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      32. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ бұлармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ ұйым және (немесе) сақтандыру брокері дербес әзірлеген күдікті операцияларды анықтау белгілері негізінде жасалған ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесін;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тиісті типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар клиент операциясын анықтау рәсімін;

      3) ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) пен бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу бойынша міндеттерді бөлуді;

      4) ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасында қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      5) жауапты қызметкерінің клиент операциясының деңгейі туралы шешім қабылдау тәртібін, негіздемесін және мерзімін;

      6) күрделі, ерекше операциялардың нәтижелері туралы мәліметтерді зерделеу (оның ішінде зерделеу тәсілдері) және сақтау рәсімін;

      7) клиент ерекше, күдікті операцияларды және қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операцияларды жүзеге асырған жағдайда ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің клиентке және (немесе) сақтандыру брокеріне қатысты қабылдайтын іс-шаралар және оларды қабылдау рәсімі;

      8) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарлама жіберу тәртібі;

      9) ұйымдардың және (немесе) сақтандыру брокерлерінің басқару органын, атқарушы органын және лауазымды тұлғаларын шекті және (немесе) күдікті операцияларды анықтау туралы хабардар ету (қажет жағдайда) тәртібі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. Клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасы шеңберінде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері барлық шекті, ерекше, күдікті операциялардың және қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операциялардың мақсатын және негіздерін, сондай-ақ қажет жағдайда қаржыландыру көзін белгілеуге бағытталған іс-шаралар жүргізеді.

      Клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің нәтижелерін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттер операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 28-тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңінде кемінде бес жыл бойы сақтайды.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Шекті операция біліктілігінің заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттегіден тыс күдікті операцияны немесе қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операцияны анықтаған кезде көрсетілген операцияны анықтаған ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкері осындай операция туралы ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) хабарлама жібереді.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда ұйым және (немесе) сақтандыру брокері белгілі бір уақыт кезеңінде жүргізетін (жүргізген) операциялардың барлығын зерделейді.

      35. Шекті операция біліктілігінің заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттегіден тыс күдікті операцияны немесе қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операцияны анықтаған кезде көрсетілген операцияны анықтаған ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкері осындай операция туралы ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) хабарлама жібереді.

      Бір хабарламада бірнеше операциялар туралы ақпараттың болуына рұқсат етіледі.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерттеудің нәтижелерін операциялар аяқталғаннан кейін кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      36. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің өзге де ішкі құжаттарының талаптарын орындау үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты болып табылады.

      37. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағында көрсетілген КЖ/ТҚҚ саласында даярлау және оқыту бойынша қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      38. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.