N 2250 тіркелген "Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі Нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу Ережелерін және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3154. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 523 бұйрығымен

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы   N 263   бұйрығымен .
___________________________

      Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
      1. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587  бұйрығына  (бұдан әрi - Бұйрық, нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Реестрiнде тiркелген нөмiрi 990,  N 571  тiркелген нөмiрi 1349,  N 787  тiркелген нөмiрi 1699,   N 775 тiркелген нөмiрi 2092,  N 722  тiркелген нөмiрi 2651 бұйрықтарымен енгiзiлген өзгерiстермен) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      2-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Iшкiісминi Жол полициясы департаментiнiң бастығы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң өндiрiстiк-техникалық мүмкiндiктерiн және оларды көлiк құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқау алдында диагностикалауға жiберудi қарау үшiн Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi өкiлдерiнiң қатысуымен (келiсуiмен), Қазақстан Республикасының Iшкiісминi Жол полициясы департаментiнiң аппараты қызметкерлерiнiң iшiнен жұмыс тобын құрсын";
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген, автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiнде:
      6-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) меншiк нысанына қарамастан автобустар, автомобиль-таксилер, адамдарды тасымалдау үшiн жабдықталған жүк автомобильдерi, сондай-ақ иелерi жеке кiсi тасумен айналысатын жеңiл автомобильдер - тоқсанына бiр рет";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) мемлекеттiк техникалық байқау мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнген көлiк құралдары жол полициясында тiркелгеннен кейiн 30 тәулiк iшiнде".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

      Келiсiлдi
       Қазақстан Республикасының
      Көлiк және коммуникациялар
      Министрi
      _________________________
      2004 жыл 15 қыркүйек

      Келiсiлдi
      Қазақстан Республикасының
      индустрия және сауда
      министрлiгiнiң стандарттау,
      метрология және сертификаттау
      жөнiндегі Комитеттің төрағасы
      _________________________
      2004 жыл 15 қыркүйек