Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі Нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көр

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2250. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 523 бұйрығымен

       Ескерту. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 317 Қаулысының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы   N 1261 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.01. N 922   қаулысына .

      2. "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 30, 265-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы "құрылып, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамы мен Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
      "құрылсын".
      6-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі";
      7, 8, 9, 12-тармақтарда:
      "Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта "Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталсын";
      12-тармақтың "Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі