Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылау департаменттері мен кедендерінде "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалануға енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3071. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Республика аумағында террористiк актiлердiң және экстремизм мен сепаратизмнiң өзге де көрiнiстерiн болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 300200000 (үш жүз миллион екi жүз мың) теңге мыналарға:
      жалпы сомасы 200200000 (екi жүз миллион екi жүз мың) теңге, саны 5 бiрлiк автобронетехника (БТР-90, T-5 транспортерi, КАМАЗ), сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрi сатып алуға;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сұңқар" арнайы мақсаттағы бөлiмшесiнiң ғимараты мен құрылыстарын қайта жаңартуға 100000000 (бiр жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      бiр көзден мемлекеттiк сатып алу тәсiлiмен көрсетiлген тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi