Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 904 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысына ө

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 248 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 14 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3065. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қылмыстық-атқару заңнамасын қоныс-колонияларына қатысты бөлігінде жетілдіру мақсатында және "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы  Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 167  бұйрығына енгізілген өзгерістері бар (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 2083 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 4, 784-құжат) "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148  бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 1720 болып тіркелген, 2002 жыл, N 7-8, 542-құжат), мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде:
      4-тармақта:
      "жеке істерінің түгелдігін" деген сөздерден кейін "(жеке басын куәландыратын құжаттар, мамандығының болуы туралы куәлігі, медициналық картасы және басқа да жеке ісі жөніндегі құжаттар), келген сотталғандар киімінің маусым бойынша сай болуы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "ТМ-не келген сотталғандардың маусым бойынша киімі, жеке істерінде құжаттары, денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындысы болмаған кезде, комиссия акті жасайды және оны шаралар қолдану үшін сатылап жібереді (13-қосымша).";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
      "2-1. Қоныс-колонияларында ұсталатын сотталғандардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері
      12-3. Қоныс-колонияларындағы сотталғандар сондай-ақ:
      1) осы Ережеде ұйықтауға бөлінген уақыттан басқа кез-келген уақытта қоныс-колониясының аумағында еркін жүріп-тұруға;
      2) егер бұл ол орындайтын жұмыс мүддесіне, оқуына байланысты не стационарлық немесе амбулаторлық емделу үшін қажет болса, мекеме әкімшілігінің рұқсатымен қадағалаусыз қоныс-колониясынан тысқары, бірақ қоныс-колониясы орналасқан елді мекеннің шегінде жүріп-тұруға;
      3) азаматтық киім киіп жүруге;
      4) өзімен бірге ақша және бағалы заттар алып жүруге;
      5) ақшаларды пайдалануға, сәлем-сауқат, сәлемдеме және бандероль алуға;
      6) отбасы болған кезде әкімшіліктің рұқсатымен қоныс-колониясының аумағында немесе қадағалаусыз қоныс-колониясынан тысқары, бірақ қоныс-колониясы орналасқан елді мекеннің шегінде жалға алынған немесе өзінің тұрғын-үй ауданында тұруға;
      7) қоныс-колониясынан тысқары, бірақ қоныс-колониясы орналасқан елді мекеннің шегінде орналасқан жоғарғы және орта кәсіби білім беру мекемелерінде сырттай оқуға құқылы.

      12-4. Қоныс-колонияларындағы сотталғандар:
      1) қоныс-колониясының аумағынан өз бетінше кетіп қалуға;
      2) көлік құралдарын жеке меншікке сатып алуға және оны пайдалануға;
      3) қоныс-колониясының аумағында ұялы байланыс құралдарын сатып алуға, әкелуге, сақтауға және пайдалануға;
      4) атыс және суық қаруды, есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды сатып алуға, сақтауға, сондай-ақ оны пайдалануға;
      5) әскери үлгідегі киім киіп жүруге;
      6) алкагольді ішімдіктердің барлық түрлерін, сыраны өндіруге, сатып алуға және пайдалануға;
      7) дәрігердің рұқсатынсыз құрамында есірткі бар медициналық препараттарды сатып алуға және пайдалануға құқылы емес.

      12-5. Қоныс-колонияларындағы сотталғандар:
      1) отбасымен бірге тұратын сотталғандар күн тәртібімен белгіленген уақытта айына төрт ретке дейін қоныс-колониясы бастығының кезекші көмекшісіне тіркелуге келуге;
      2) қоныс-колониясының бастығы қол қойған және осы түзеу мекемесінің мөрімен расталған сотталғанның жеке басын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжаты болуға міндетті. Қоныс-колониясынан тысқары тұратын сотталғандарға міндетті түрде тұратын мекен-жайы көрсетіліп, куәлік беріледі (14-қосымша).

      12-6. Қоныс-колониясына келген күннен бастап ұстау режимін бұзуға жол бермеген сотталғандарға, жеке басын зерделегеннен кейін, қоныс-колониясы бастығының қаулысы бойынша қоныс-колониясының тысқары, бірақ қоныс-колониясы орналасқан елді мекеннің шегінде жалға алынған немесе өзінің тұрғын-үй ауданында тұруға рұқсат берілуі мүмкін (15-қосымша). Режимді бұзған жағдайда отбасымен тұру құқығынан айыру туралы қоныс-колониясы бастығының қаулысы шығарылады (16-қосымша).

      12-7. Қоныс-колониясының әкімшілігі сотталғандарды түзеу мекемесінің кәсіпорындарына жұмысқа орналастырады. Мұндай мүмкіндік болмаған кезде сотталған әкімшіліктің рұқсатымен қоныс-колониясынан тысқары, бірақ қоныс колониясы орналасқан елді мекеннің шегінде орналасқан мемлекеттік ұйымдарда немесе өзге де меншік нысанындағы ұйымдарда жұмыс күшін беру шартының негізінде және оны тиісінше қадағалауды қамтамасыз еткен жағдайда еңбекке орналастырылуы мүмкін. Сотталғандар жеке еңбек қызметімен айналысуы мүмкін.
      Қоныс-колониясы әкімшілігінің сотталғанды жұмыс объектісінен мынадай жағдайларда: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару комитетінің, жоғары тұрған басқару органдарының нұсқауы бойынша, оның босатылған кезінде, табиғи апат, ұстау режимін сақтамауы, ұйымдардың шарттағы міндеттерін орындамаған кезінде шақыртып алуға құқығы бар.

      12-8. Қоныс-колониясынан тысқары, бірақ қоныс-колониясы орналасқан елді мекеннің шегінде тұруға және еңбек етуге ұстау режимін бұзбаған сотталғандарға және мыналар:
      1) сотталғанның, оның туыстарының арызы;
      2) белгіленген тәртіппен расталған отбасы құрамы және тұру жағдайы туралы анықтамалары;
      3) қоныс-колониясынан тысқары аумақта отбасымен тұруға қаулы шығарылғаннан кейін, полиция учаскелік инспекторынан оның қадағалаудағы адамның учаскеде тұратынынан хабарланғаны туралы анықтама;
      4) сотталғанның қоныс-колониясынан тысқары аумақта тұратын кезеңде мінез-құлық ережесімен және шектеулермен танысқаны туралы анықтама;
      5) белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың сотталғанға жұмыс орнын беру туралы ұсынымы;
      6) қоныс-колониясының басшылығы мен жұмыс күшін жалдауға құқығы бар жұмыс беруші арасында жасалған сотталғандар ішінен жұмыс күшін беру шарты болған жағдайда рұқсат беріледі.

      12-9. Қажет жағдайларда қоныс-колониясынан тысқары жерлерде түзеу мекемесі (жалпы, қатаң және ерекше режимдегі) жанынан Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен қоныс-колониясының және түзеу мекемелерінің сотталған қызметкерлерін тәулік бойы қадағалау ұйымдастырыла отырып, қоныс-колонияларының учаскелері ашылуы мүмкін.".

      37-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай мазмұнда жазылсын:
      "37. Топтардың ТМ-нің аумағында жүруі сап бойынша ғана (қоныс-колонияларын қоспағанда, онда сап бойынша жүру сотталғандарды тексеру және тамақтану кезінде ғана көзделген) сотталғандар ішіндегі басшының басқарумен немесе ТМ әкімшілігі өкілінің бірге еріп жүруімен жүзеге асырылады.";

      осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес 13, 14, 15, 16-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 154  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 1723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 9-10, 544-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      6-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қоныс-колониясында жазасын өтеп жатқан және денсаулық сақтау органдарының емдеу-алдын-алу мекемелерінде емдеуде жүрген сотталғандарды қадағалауды қамтамасыз ету осы мекеме әкімшілігімен келісу бойынша кемінде күніне бір рет сотталғандар емдеуден өтіп жатқан палатаны аралау арқылы өткізіледі. Сотталғандар аурухана режимін бұзған жағдайда, бұл адамдар қызметкердің бірге еріп жүруімен қоныс-колониясына жіберіледі. Сотталғандар амбулаториялық емдеуден қоныс-колониясы жанынан өтеді.";

      87-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қоныс-колониясына іргелес аумақтардың шекаралары қоныс-колониясы бастығының бұйрығымен сотталғандар орындайтын жұмыстардың сипаты ескеріліп белгіленеді."

      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      Келісілді
       Қазақстан Республикасы
      Бас прокурорының
      бірінші орынбасары
      _____________
      2004 ж. 23 тамыз

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің      
2004 жылғы 24 тамыздағы  
N 240 бұйрығына 1-қосымша 
ТМ ішкі тәртіп ережесіне 
13-қосымша         

А К Т

200__ж. "___"_______            _________облысы бойынша ҚАЖКБ__ -ТМ

Біз төменде қол қойғандар _________________________________________
                      (лауазымы, атағы, аты-жөні көрсетілуі керек)
_____________облысы бойынша ҚАЖКБ _______ТМ-нен, ____________облысы
бойынша ҚАЖКБ _______ТМ-не келген
___________________________________________________________________
      (жеке ісіндегі кемшіліктер, ауырулары, киімінің маусым
___________________________________________________________________
                 бойынша сай келуі көрсетілсін)
___________________________________________________________________
сотталған__________________________________________________________
           (аты, жөні, туған жылы, сотталған бабы, мерзімі)
___________________________________________________________________
қабылдау кезінде осы актіні жасадық.

      __________________________             _________________
           (лауазымы, атағы,                 (лауазымы, атағы,
      __________________________             _________________
               аты-жөні)                          аты-жөні)

       Ескерту: акті 3 данада жасалады, бірінші данасы облыстар, Астана қ-сы бойынша ҚАЖКБ-на, екінші данасы сотталғанның келген ТМ-не және үшіншісі сотталғанның жеке ісіне тігіледі.

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің      
2004 жылғы 24 тамыздағы  
N 240 бұйрығына 2-қосымша 
ТМ ішкі тәртіп ережесіне 
14-қосымша         

Түзеу қоныс-колонияларындағы сотталғандарға
берілетін куәлік нысанының сипаттамасы N ___ куәлік

Құжаттың бірінші (беткі) жағында "Куәлік" деген жазу
Екінші жағында мынадай мазмұндағы мәтін:
__________________________________________________________ мекемесі
                      (шартты атауы)
Мұны көрсетуші сотталған __________________________________________
                                        (аты-жөні)
___________________________________________ мекемесінде есепте тұр.
              (шартты атауы)
фотокәртішкеге   Оған мына мекен-жай бойынша тұруға рұқсат берілген:
арналған орын           __________________________________
    3x4                           (мекен-жайы)

М.О.

--------------------------     ҚК бастығы _________________________
   (куәлік иесінің қолы)                   (атағы, аты-жөні, қолы)

Үшінші бетінде мынадай мазмұндағы мәтін:
"____" ___________ 200 ж. дейін жарамды.

ҚК бастығы ____________________________________________________
                         (атағы, аты-жөні, қолы)
"____" ________________ 200 ж. дейін жарамды.

ҚК бастығы ____________________________________________________
                          (атағы, аты-жөні, қолы)

       Ескерту: Түзеу қоныс-колонияларындағы сотталғандарға қызыл
түстен басқа кез-келген түстегі материалдан жасалған 100 х 50 мм
форматтағы куәлік беріледі.

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің      
2004 жылғы 24 тамыздағы  
N 240 бұйрығына 3-қосымша 
ТМ ішкі тәртіп ережесіне 
15-қосымша         

ҚК аумағында немесе одан тысқары жерде жалға алынған
немесе жеке тұрғын үй ауданында өз отбасымен тұруға
Қ А У Л Ы

      Сотталған ___________________________________________________
                                  (аты-жөні)
еңбек етуге адал қарайды және жазаны өтеудің барлық талаптарын
сақтайды әрі өзінің отбасы бар.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің  125-бабын
басшылыққа алып
                           ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      Сотталған ___________________________________________________
                                    (аты-жөні)
еңбек етуге адал қарағаны және үлгілі мінез-құлқы үшін мына
мекен-жай бойынша отбасымен бірге тұруға рұқсат етілсін:
___________________________________________________________________
                (тұратын мекен-жайы көрсетілсін)
___________________________________________________________________
ҚК бастығы ________________________________________________________
                          (атағы, аты-жөні, қолы)
                      "____" ________________ 200 ж.

      Қаулы маған хабарланды, қоныс-колниясынан тысқары тұру
тәртібі түсіндірілді. ҚК-на тіркеуден өту үшін айына 4 рет келуге
міндеттенемін.
"___" ____________ 200___ж.
_____________________________
(сотталғанның аты-жөні, қолы)

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің      
2004 жылғы 24 тамыздағы  
N 240 бұйрығына 4-қосымша 
ТМ ішкі тәртіп ережесіне 
16-қосымша         

ҚК тысқары жерде жалға алынған немесе жеке тұрғын үй
ауданында өз отбасымен тұру құқығынан айыру туралы
Қ А У Л Ы

      Сотталған ___________________________________________________
                                    (аты-жөні)
200___жылғы "___" ___________ _____________________________________
                     (жүріп-тұру ережесін бұзуға жол берілген
___________________________________________________________________
     жағдаяттар мен сипаты не қоныс-колониясынан тысқары тұру
___________________________________________________________________
         құқығынан айыруға негіз болған себептер баяндалады)
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің  111-бабын басшылыққа алып
                          ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Сотталған ___________________________________________________
                                        (аты-жөні)
200 ___жылғы "___" ________ бастап қоныс-колониясынан тысқары тұру
құқығынан айырылсын.
      ҚК бастығы ___________________________________________
                           (атағы, аты-жөні, қолы)
      "___" ________________ 200 ж.

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің      
2004 жылғы 24 тамыздағы  
N 240 бұйрығына 5-қосымша 
ТМ ішкі тәртіп ережесіне 
17-қосымша        

________ облысы бойынша ҚАЖ комитеті басқармасы
_______ мекемесінің қоныстанушы-сотталғандары
ішінен жұмыс күшін беруге арналған
ШАРТ

      1. Бұдан әрі "Мекеме" деп аталатын _________ түзеу мекемесі,
мекеме Жарғысының негізінде әрекет ететін түзеу мекемесінің бастығы
_________________ атынан бір тараптан және бұдан әрі "Жұмыс беруші"
(атағы, аты-жөні)
деп аталатын жұмыс берушінің өкілі ______________________атынан
                                         (аты-жөні)
екінші тараптан мына төмендегі туралы осы Шартты жасасты:
      2. "Мекеме" "Жұмыс берушінің" қарамағына оның өтініміне сәйкес ведомстволық бағынысты учаскелерде жұмыс істеуі үшін қоныстанушы-сотталғандар ішінен саны ______ адам болатын жұмыс күшін береді.
      3. "Жұмыс беруші" "Мекемемен" ұсынылатын өндірістік еңбекпен сотталғандар ішінен алынған жұмыс күшін шарттың барлық іске асатын мерзімінің аралығында қамтамасыз етілуі керек.

Жалпы талаптар

      4. Шарттың міндеттемелерін бұзу "Жұмыс беруші" мен "Мекеме" өкілдерінің екі жақты актісімен бекітіледі. Актіге қол қоюдан бір тарап бас тартқан жағдайда, ол жоғары тұрған ұйымның қатысу кезінде жасалады.
      5. Шарт бойынша даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

"Мекеменің" міндеттемелері

      6. "Жұмыс берушінің" өкілдерімен бірлесіп, сотталғандар ішінен жұмыскерлер бригадасын олардың мамандықтары мен практикалық дағдыларына сәйкес жинақтауға қатысу.
      7. "Жұмыс берушімен" ұсынылатын тұтыну есептілікке сәйкес жұмыс күшін уақытылы объектіге шығарылуын қамтамасыз етеді.
      8. "Жұмыс берушінің" ұсынымы бойынша сотталғандар ішінен алынатын жұмыскерлердің еңбек тәртібін сақтауы және еңбек өнімдлігін арттыру жөнінде сотталғандардың режимдік талаптарды сақтауын және қажетті шаралар қабылдауын қамтамасыз ету.
      9. "Жұмыс берушінің" жұмыс объектісінде сотталғандар ішінен алынған жұмыскерлермен болған төтенше жағдайларды тергеу жөніндегі "Жұмыс берушінің" комиссиясына қатысу.
      10. "Жұмыс берушінің" объектілерінде жұмыс істейтін сотталғандар ішінен алынған жұмыскерлерге бекітілген жауапты адамдарды тіркеуді жүзеге асыру.
      11. Сотталғанның "Жұмыс берушідегі" жұмыс шарты мен орнын ескеріп, объектіде сотталғандар ішінен алынған жұмыскерлер арасында қауіпсіздік техникасы бойынша көзделген нұсқама өткізілуін тексеруді ұйымдастыру.
      12. Қоныс-колониясы әкімшілігі сотталғандар ішінен алынған жұмыскерлер жұмыс істейтін объектілерге баруға құқылы.

"Жұмыс берушінің" міндеттемелері

      13. Барлық жұмыстар "Жұмыс берушінің" басшылығымен, оның негізгі құралдарын, материалдарын және құрал-саймандарын пайдалана отырып жүргізіледі.
      14. Жұмыс уақыты ішінде объектідегі сотталғандар ішінен алынған жұмыскерлердің еңбек тәртібін сақтауын бақылауды (спирттік ішімдіктерді ішу, жұмыс орнын себепсіз тастап кету және т.б.) жүзеге асыру.
      15. Сотталғандар ішінен алынған жұмыскерлерді жұмыс орнына және кері қарай қоныс-колониясына "Жұмыс берушінің" көлігімен жеткізілуін қамтамасыз ету.
      16. Сотталғанның жұмыс орнынан (жұмыс берушінің кінәсі бойынша) қашуы кезінде ұстау және орнына қайтару "Жұмыс берушінің" есебінен жүзеге асырылады.
      17. "Жұмыс берушінің" объектісінде, сондай-ақ жұмыс орнына бару және жұмыстан қайту жолында сотталғандар ішінен алынған жұмыскерлермен болған әрбір төтенше жағдайды тергеу жөнінде комиссия құру. Төтенше жағдай туралы актілерді ресімдеу және оларды Н-1 нысаны бойынша есепке алуды жүргізу. "Жұмыс беруші" әкімшілігі бекіткен Н-1 нысанындағы актінің екі көшірмесі "Мекеме" әкімшілігіне жіберіледі. Төтенше жағдайларды тергеу және есепке алу "Мекеме" өкілінің, ал ауыр, кісі өлімі болған жағдайларда - жоғары тұрған орган өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
      18. Арнайы киімді, арнайы аяқ-киімді және басқада қорғаныш құралдарының жабдықтау мен сақталуын қамтамасыз ету.
      19. Үй-жай объектілерінде салқын уақытта жылытуға арналған жабдықтарды, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасымен қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек жағдайын қамтамасыз етеді.

Еңбекақы төлеу

      20. "Жұмыс беруші":
      1) сотталғандар ішінен алынған жұмыскерлерге еңбекақы төлеу "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңға сәйкес жүргізуге міндетті. Толық күнтізбелік айда жұмыс істеген қоныстанушы-сотталғандардың жалақысы белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауы тиіс. Жалақының көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгеруі мүмкін;
      2) сотталғандар ішінен алынған жұмыскерлерге мерзімнен тысқары жұмыстарға, мереке және демалыс күндердегі, түнгі уақыттағы жұмыстарға "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы"  Заңында белгіленген көлемде ақы төлеуге міндетті;
      3) жұмыс уақыты режимін нормадан аспайтын Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңнамасымен айқындалуын қамтамасыз етеді;
      4) қоныстанушы-сотталғандардың күнделікті жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге, нақты өтеген уақытқа еңбек ақысын, сонымен қатар демалыс ақысы және пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы аударуға міндетті;
      5) наряд-тапсырмасын жабуды есептік айдан кейінгі бірінші күнінен кешіктірмей жүргізуге міндетті. Есептік айдан кейнгі үшінші күнге дейінгі мерзімде сотталғандардың жалақысы туралы тізілімді "Мекемеге" беруге міндетті;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табыс салығын, әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақы жарнасын ұстап қалуға және аударылуын жүргізуге міндетті;
      7) Жалақының қалған сомасын міндетті түрде қоныс-колониясының депозиттік шотына аударуға міндетті, онда одан Қылмыстық-атқару кодексінің 103-бабына сәйкес ұстау жүргізіледі.

Тараптардың мүліктік және материалдық жауапкершілігі

      21. Тараптардың әрқайсысы шарт жасасқан және орындаған кезде екінші тараптың мүдделерін сақтауы, өзінің міндеттерін анағұрлым ұтымды түрде орындауы, міндеттемелерді тиісінше орындамауға байланысты туындауы мүмкін залалдың алдын-алуға немесе азаюына қажетті шаралар қабылдауы тиіс.
      22. "Жұмыс беруші" қауіпсіздік техникасы мен еңбектің қорғалуын сақтамауының нәтижесінде сотталғандар ішінен алынған адамдардың денсаулығына зақым немесе өзге де зардаптар келтірілген жағдайда "Жұмыс беруші" жауап береді.

Ерекше шарттар

      23. "Мекеме" сотталғандар ішінен алынған жұмыскерлерді жұмыстан бөлектеп немесе толықтай шығаруға мынадай жағдайларда құқылы:
      1) ҚР ӘдМ ҚАЖ комитетінің тиісті нұсқауларын алу;
      2) сотталғандарды жазасын өтеуден ҚР ҚАК-де көзделген мерзімі өтеуіне байланысты немесе басқада себептер бойынша босату;
      3) табиғи апаттар;
      4) "Жұмыс берушінің" сотталғандардың еңбекпен толық қамтылуын қамтамасыз ету және тұрмыстық және өндірістік жағдайларын тиісінше сақтау жөнінде шартта көзделген міндеттемелерді орындамауы;
      5) "Жұмыс берушінің" қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережесін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдамауы;
      6) сотталғандармен ұстау режимінің бұзылуы;
      7) еңбек тәртібінің бұзылуы.
      24. Сотталғанды 2, 4, 5-тармақтарда көзделген жұмыстан шығару кезінде "Жұмыс берушіні" "Мекеме" кемінде бір апта бұрын жазбаша түрде ескертуі тиіс.
      25. "Жұмыс берушіде" сотталғандар ішінен алынған жұмыс күшін шарт мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланудан бас тарту қажеттілігі туындаған жағдайда, ол "Мекемені" 30 күн бұрын жазбаша түрде ескертуі тиіс.
      26. "Жұмыс беруші" "Мекеме" әкімшілігі келіскен кезде сотталғандар ішінен алынған жұмыскерлерге моральдық және материалдық көтермелеу, тәртіптік жаза шараларын жеке ісіне ресімдеп қолдануға құқылы.
      "Жұмыс беруші" мен "Мекеме" арасында туындайтын даулы мәселелер сол жерде тараптардың өзара келісуі бойынша шешіледі. Келісімге келе алмаған жағдайда даулы мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

Шарттың қолданылу мерзімі

      Осы шарттың мерзімі 200__ж. "__"_________ бастап 200__ж. "__"__________ дейін белгіленеді.

      Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізілді ____________
                                              (лауазымы, аты-жөні)

Тараптардың заңды мекен-жайы

      _______________ мекемесі                "Жұмыс беруші"
      Мекен-жайы:
      МФО:
      СТН:
      Код
      Қазынашылық комитеті

      Мекеме бастығы
      _________________