Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігiнде N 904 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасыныц "Екіншi деңгейдегi банктердi кредиттеу жөнiндегi құжаттаманы жүргiзу ережелерiн бекiту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысына өзг

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 130 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2344. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Стандарттау туралы " және " Сертификаттау туралы " Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 мамырдағы N 410 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 18, 215-құжат);
      2) "Стандарттау және сертификаттау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қыркүйектегі N 1259 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 30, 377-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі N 505 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 15, 121-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі