Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесі туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 1 тамыз N 279. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1965. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысымен.

      Ескерту. Мәтіндегі сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.03. N 191 өкімімен. Қазақстан Республикасының егемендi кредит рейтингiн қайта қарау шеңберiнде республиканың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпаратты дайындау және рейтинг агенттiктерiне беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының оң инвестициялық бейнесiн қалыптастыру мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі рейтинг агенттiктерiмен жұмыс жөнiндегi уәкiлеттi орган және мынадай iс-шараларды орындауға:
      1) тұрақты негiзде ақпаратты дайындауға және рейтинг агенттiктерiне беруге;
      2) Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының және ұлттық компанияларының тиiстi ақпаратты уақытылы дайындау және рейтинг агенттіктерiне беру жөнiндегi қызметiн үйлестiруге;
      3) рейтинг агенттiктерi өкiлдерiнiң Астана қаласына сапарларын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды үйлестiруге жауапты болып белгiленсiн.

      2. Рейтинг агенттiктерiне ақпаратты тұрақты берудi ұйымдастыру үшiн Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарымен және ұлттық компанияларымен бiрлесiп мерзiмдерi мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып, рейтинг агенттiктерiне тұрақты негiзде берiлетiн ақпараттың көрсеткiштерi мен нысандарының тiзбесiн айқындасын;
      2) ақпаратты жинауды және рейтинг агенттiктерiне берудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және ұлттық компаниялары Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне ақпаратты осы өнімнiң 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзiрленген кесте түрiнде қағаз және электронды көздерде берсiн. <*>

      4. Елдiң егемендi кредит рейтингiн анықтау үшiн қосымша ақпаратты беру туралы рейтинг агенттiктерi сұрау салған кезде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және ұлттық компаниялары өздерiнiң құзыретiне сәйкес Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне тиiстi сұрату бойынша мұндай ақпаратты (мүмкiндiгiнше ағылшын тiлiндегi аудармасымен бiрге) уақтылы және сапалы берудi қамтамасыз етедi деп белгiленсiн.<*>

      Премьер-Министр