Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының 2004 жылғы 27 шілдедегі N 115-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3040. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 2 ақпандағы N 43 бұйрығымен.

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 2 ақпандағы N 43  бұйрығымен .
__________________________________

      Қазақстан Республикасы Президентінің 27 қаңтардағы 1996 жылғы  N 2828 "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" туралы, 28 маусымдағы 1995 жылғы  N 2350 "Мұнай туралы" Заң күші бар Жарлықтарына, 18 шілдедегі 1996 жылғы  N 745 "Мұнай және газ кенорындарын игеру кезіндегі бірыңғай ережесін бекіту туралы", 21 шілдедегі 1999 жылғы  N 1019 "Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезіндегі жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережелерін бекіту туралы" Үкімет қаулыларын іс жүзіне асыру үшін, бұйырамын:
      1. Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқауы бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау геология және жер қойнауын қорғау Комитеті Төрағасының орынбасары Е.Кәрібаевқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Төраға

      Қазақстан Республикасының
      қоршаған ортаны қорғау
      министрлігі Тете-министр
      __________________
      Келісілді:
      15.06.2004 ж.

       Қазақстан Республикасының
      төтенше жағдайлар жөніндегі
      агенттігі Төрағасының орынбасары
      __________________
      Келісілді:
      15.06.2004 ж.

Табиғи және ілеспе газды    
жағуға рұқсат беру жөніндегі 
Нұсқауын бекіту туралы     
энергетика және минералды    
ресурстар министрлігі     
Геология және жер қойнауын   
қорғау Комитеті Төрағасының  
2004 жылғы 27 шілдедегі    
N 115-п бұйрығымен бекітілді 

  Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі
Нұсқау 1. Жалпы ереже

      1. Осы Нұсқау табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі Нұсқауы (әрі қарай - нұсқау) Қазақстан Республикасы Президентінің " Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ", "  Мұнай туралы" Заң күші бар Жарлықтарына, Қазақстан Республикасының "Атмосфера ауасын қорғау" туралы  Заңның , Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 шілдедегі  N 745 "Мұнай және газ кенорындарын игеру кезіндегі" бірыңғай ережесінің, 1999 жылғы 21 шілдедегі  N 1019 "Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезіндегі жер қойнауын қорғаудың" бірыңғай ережелерін бекіту туралы Үкімет қаулыларының талабына сәйкес жасалып, сонымен қатар басқа да нормативті-құқықтық актілердің жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талабының мәселелері Қазақстан Республикасының аумағында мұнай операциясын жүргізіп жатқан барлық субъектілерге, құрылым жекеменшіктігіне байланысты емес, соның ішінде шетелдік және біріккен мекемелерге міндетті болып табылады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы міндетті түрде ұңғымалардың сынама және игеру кезінде факелде жағылған газдың себебін және қанша жағылғанын, жер қойнауын қорғау және пайдалану мемлекеттік органға, жұмыс жүргізгеннен кейін 10 күннің ішінде жазбаша хабарлайды. Мұнай жөнінде  Жарлықтың 30-5 бабының 3 тармағына сәйкес, жер қойнауын қорғау және пайдалану мемлекеттік органы газды жағуға қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік органының оң қорытындысы бар болса ғана рұқсат береді. Жер қойнауын пайдаланушы газды толық қайта қолдану Бағдарламасын жасап, өндіру жөніндегі жобалау құжатының құрамында газды қайта қолдану техникалық-экономикалық есептері мен іс жүзіне асыру кестелерінің барлық жолдарын қарастырады. Газды қайыра қолдану техникалық-экономикалық негіздемесі кенорнынан игеруден бөлек жасалса қабылданбайды. Бағдарлама Орталық игеру жөніндегі комиссиясында бекітіліп, игеру жобалық құжатының біртұтас құрамдас бөлігі болып саналады, сондықтан Мұнай және газ кенорындарын игеру кезіндегі бірыңғай ережелерінің 6.3.5 тармақшасы 6.3 тармағының 6 тарауы және Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезіндегі жер қойнауын қорғаудың бірыңғай  ережелері 333 тармағына сәйкес мұнай және мұнай-газ кен орындары өнеркәсіптік игеруде шығарылған мұнаймен қатар шығарылған газ, қолданылған жағдайда немесе уақытша сақтау мақсатында арнаулы жер асты қоймаларына, игеруге немесе игеруге дайын мұнай қабатына айдалады.

  2 тарау. Газды жағуға рұқсат беру

      3. Факелде жанатын газдың рұқсаты келесі кезекпен жүзеге асады:
      1) жер қойнауын пайдаланушы жағатын газдың рұқсатын алу үшін жер қойнауын қорғау және пайдалану мемлекеттік органына (1-қосымша) келесі жыл келгенше дейін, сұраныс береді. Сұраныста себебі, негіздеме қажеттілігі, жағатын газдың көлемі көрсетіліп және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік органының қорытындысы тіркеледі;
      2) сұранысқа Орталық игеру комиссиясының шешімін растайтын, кенорынды игеру кезеңдегі қайыра қолданатын газдың экономикалық тиімсіздігі немесе қайыра газды қолданылмайтындығы жөнінде құжаттар тіркеледі;
      3) газды жағу үшін рұқсат материалдары алдын-ала облыстық жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясында 10 күннің ішінде қаралады. Облыстық жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясының келісім нәтижесінде газды жағу жөніндегі түпкілікті шешім аумақтық басқармасында 5 күннің ішінде қабылданады.

      4. Сынамалық игеру кенорнында қаралуға табыс етілетін келесі құжаттар:
      1) сынамалық игеру жобасының бекітілу жөніндегі Орталық игеру комиссиясының хаттамасы;
      2) жайластыру жобасында жинау, есептеу және газды қолдану жайында қарастырылған мәселелер;
      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда (газды жаққандағы шығаратын көлемнің келісімі);
      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік құзыретті органның қорытындысы;
      5) газдың өндіру көлеміндегі болжамы (жобасы), және сынақтық игеру кезеңіндегі жыл сайын жаққан газдың көлемі.

      5. Тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік кенорынды игергенде қаралуға табыс етілетін келесі құжаттар:
      1) игеру жобасы, игерудің технологиялық схемалары, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасы жөніндегі бекітілген Орталық игеру комиссиясының хаттамасы;
      2) жайластыру жобасындағы жинақтау және газды пайдаланғандағы есеп жүргізу жайында қаралған мәселелер;
      3) бекітілген игеру жобасында қайта өңдеудің техника-экономикалық есептерімен әртүрлі әдістерінің газды толық қайта өңдеуі (сонымен қатар сұйытылған, электро қуатының қазбасы, қабатқа айдау) және кесте бойынша іс жүзіне асырылуы;
      4) газды қайта өңдеу жобасы жөніндегі Орталық игеру комиссияның шешімі;
      5) өткен мерзімде өндірілген және жанған газдың мағлұматы;
      6) мұнай және газ өндіру және өтініш беру жылындағы жанатын газдың көлемдері жөніндегі жоспарланған мағлұмат;
      7) өңдеу өнімдерінің көлемдерімен және газотурбиналық станция, газ өңдеу заводының осы кездегі жұмыстарының жағдайлары туралы, қабаттағы қысымды сақтайтын қабатқа айдаған газ, мұнайды газлифт тәсілімен өндіру жүйесі жөнінде мағлұмат;
      8) мемлекеттік экологиялық сараптамаларының келісімді шарты болғанда (жанған газдағы тастама көлемдерінің келісімі);
      9) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік құзыретті органның қорытындысы;
      10) кәсіпшіліктердегі техникалық негіздердің есеп жүргізу құралдары, өндіретін және жағатын газдың жағдайларына есеп жүргізу туралы мағлұмат;
      11) газға қатысы бар деген мағлұмат пен қатар басқа да құжаттар.

      6. Ұсынылған материалдар қаралғаннан кейін, аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасы газды жағуға 1 жылға уақытша рұқсатты мынадай жағдайда болғанда ғана беріледі (2 қосымша):
      1) кәсіпшіліктердегі газды өндіру мен жағуды есепке алу құралдарының техникалық жарақтануы;
      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
      3) қоршаған ортаның жағдайына өндірістік мониторинг жүргізгенде;
      4) газды қайта өңдеу жобасын белгіленген тәртіп бойынша келісімнің болуы, газды жинау мен пайдалану мәселелері қаралуы және сондай-ақ оның кесте бойынша іске асырылуы.

      7. Жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаның жағдайы жөнінде өндірістік мониторингісін жүргізіп және өндірген, жанған газдың барлық көлемінің есеп жүргізу мәліметтерін ай-сайын облыстық жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясына және қоршаған ортаны қорғау территориальдық органына беріп отырады.

      8. Рұқсатта жағатын газдың пайдалы қазбалардың жоғалу нормасын, анықтайтын көлемі көрсетілуі тиіс.

      9. Аумақтық басқармалар газдың жануына рұқсат берулерімен қатар, есеп жүргізулері және берілген рұқсаттарды тіркеулері қажет (3 қосымша).

      10. Газды жағуға тиісті құжаттар және оның негізінде берілген рұқсаттың түп нұсқасы аумақтық басқармада сақталады.

      11. Лицензиялық-шарттық жағдайлардың орындалуы және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын қорғау және игеру ережесін сақтаған жағдайда, газдың толық қайта өңдеу бағдарламасындағы істелген жұмыстарының нәтижесін жер қойнауын пайдаланушылардың есеп берулерін қарағаннан кейін және мемлекеттік экологиялық сараптамаларының қорытындылары жөнді болғаннан кейін, газ жағу рұқсатының ұзартылуы аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасының шешімімен қабылданады.

      12. Аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасы газды жағу рұқсатының көшірмесін қоршаған ортаны қорғау территориалдық органға береді.

  3 тарау. Нұсқау орындалмағандағы жауапкершілік

      13. Жер қойнауын пайдалану жөнінде ақпараттарды нақты, толық және уақытында жер қойнауын қорғау және пайдалану мемлекеттік бақылау органдарына табыс етуден бас тарту немесе жалтару, көзделген заңнамаларға сәйкес жауапқа тартылады.

      14. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес табиғи және ілеспе газының жануына рұқсат алу үшін жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған құжаттардың нақтылығына толықтай жауапкершілікте болады.

      15. Жер қойнауын қорғау және пайдалану мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз жанған газдың көлемі, сонымен қатар жанған газдың рұқсат етілген көлемінен асуы (артықтығы), жоғарғы нормадан тыс деп саналады және мемлекетке белгіленген тәртіпте өтелуі (орын толтыруы) қажет.

  4 тарау. Нұсқаудың орындалуын бақылау

      16. Аумақтық жер қойнауын қорғау, пайдалану және қоршаған ортаны қорғау органдары рұқсаттардағы қойылған шарттары мен талаптарының орындалуларын бақылайды.

  5 тарау. Газды жағу рұқсатын кейін қайтару

      17. Газды қайта өңдеу Бағдарламасы орындалмай жатқан жағдайда, аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасы газды жағуға берілген рұқсатты кейін қайтаруға құқығы бар.

Энергетика және минералды   
ресурстар министрлігі     
Геология және жер қойнауын   
қорғау Комитеті Төрағасының  
2004 жылғы 27 шілдедегі    
N 115-п бұйрығымен бекітілген 
Табиғи және ілеспе газды    
жағуға рұқсат беру жөніндегі 
Нұсқауына 1 Қосымша     

Жағатын газға рұқсат алу құқығы туралы сұраныс

__________________________________________________________________
          (мекеменің аты, кенорын, қай кезеңде)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
  (жағатын газдың себебі және қажеттілігі жөніндегі негіздеме,
            жанатын газдың жобалық көлемі млн.м 3 .)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
           (тіркелетін құжаттардың тізімі)
__________________________________________________________________
1.
__________________________________________________________________
2.
__________________________________________________________________
3.
__________________________________________________________________
4.
__________________________________________________________________
5.
__________________________________________________________________
6.
__________________________________________________________________

    Мекеменің басшысы ------------------ өтініш беруші (лауазымы)

-----------------                              ----------------
      (қолы)                                       (А.Ж.Т.)

      м.о.
      "..."......... 200...ж.

Энергетика және минералды   
ресурстар министрлігі     
Геология және жер қойнауын   
қорғау Комитеті Төрағасының  
2004 жылғы 27 шілдедегі    
N 115-п бұйрығымен бекітілген 
Табиғи және ілеспе газды    
жағуға рұқсат беру жөніндегі 
Нұсқауына 2 Қосымша     

Газ жағуға рұқсат қағаз

__________________________________________________________________
                     (мекеменің аты, кенорын)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
         (жылдағы рұқсат берілген газдың көлемі млн.м 3 .)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
                  (газ жағуға рұқсат қағазының мерзімі)

      Тіркеу нөмірі N.......        "...".............200...ж.

      АБ Бастығы "......."
      .....................................

      м.о.

Энергетика және минералды   
ресурстар министрлігі     
Геология және жер қойнауын   
қорғау Комитеті Төрағасының  
2004 жылғы 27 шілдедегі    
N 115-п бұйрығымен бекітілген 
Табиғи және ілеспе газды    
жағуға рұқсат беру жөніндегі 
Нұсқауына 3 Қосымша     

АБ "..........." газ жағуға берілген рұқсаттың есеп журналы

__________________________________________________________________
N |Мекеменің аты|Жанған |Рұқсатты| Рұқсат |  Рұқсат |Ескерту
п/п|  (кенорны)  |газдың | қолдану|берілген|бергеннің|(кейін
   |             |көлемі | мерзімі| уақыты |лауазымы |қайтару)
   |             |млн.м 3 .|        |        |   А.Ж.Т.|
__________________________________________________________________
1        2           3       4         5        6         7
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________