Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2461 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспо

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 шілдедегі N 98 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3033. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 206 қаулысымен

      Бұйрықты қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру, азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты жақсарту және халықпен жұмыс істеу жағдайына ішкі істер органдары басшыларының жауапкершілігін арттыру, ішкі істер органдарына келіп түскен азаматтардың арыздары мен өтініштерін жүйелеу мақсатында бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің органдарында, ұйымдарында азаматтардың өтініштерін қарау және оларды қабылдауды ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 626  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      "ҚАЖ Комитет төрағасы" деген сөздер "комитеттерінің төрағалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін" деген сөздер "ай сайын, есеп беру айынан кейінгі айдың 3-іне дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің органдарында, ұйымдарында азаматтардың өтініштерін қарау мен шешуді және қабылдауды ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
      4-тармақ алынып тасталсын;
      34-тармақтың ескертпесі алынып тасталсын.
      2. Ішкі істер министрлігінің Хатшылық басқармасы осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Хатшылық басқармасына (Ә.А.Ақанов) жүктелсін.

      Министр