Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің және ақша аударымдарының мөлшері туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 236 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2461. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 206 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақтағы "төрт" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
      "Министрліктің қызметін ұйымдастыру" деген 4-тараудың 15-тармағының екінші абзацындағы "төрт" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі