Локомотивтік тартым қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 286-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2972. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы»28 наурыздағы N 70 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикізат секторы ұйымдарының тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369А қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      реттік нөмірлері 3, 11-жолдар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:
      "15 "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы";

      2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      реттік нөмірлері 3, 10-жолдар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:
      "12 "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы".

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі