«Темiр жол көлiгіндегі экспедиторлар қызметiнiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 296-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 шілдеде № 7071 тіркелді

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266-II Заңының 14-бабының 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Темір жол көлігіндегі экспедиторлар қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 296-І бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3037 тіркелген, «Заң газетінің» 2005 жылғы 11 тамыздағы 146 (880) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбындағы «теміржол көлігіндегі экспедиторлар қызметінің» деген сөздер «экспедитор қызметтерін ұсыну» деген сөздермен ауыстырылсын;
      Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiлiп отырған Экспедитор қызметтерін ұсыну ережесі бекiтiлсiн.»
      осы бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігіндегі экспедиторлар қызметінің ережесінде:
      тақырыбындағы «теміржол көлігіндегі экспедиторлардың қызметі» деген сөздер «экспедитор қызметтерін ұсыну» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Экспедитор қызметтерін ұсыну ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Teмip жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрленген және экспедитордың қызметтерді ұсыну тәртiбiн белгілейді және экспедиторлық қызметтердi тұтынушы экспедиторларға, тасымалдаушылар мен клиенттерге қолданылады.»
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер көліктік экспедиция шартында өзгеше көзделмесе, экспедитор клиенттің нұсқауларынан, ол клиенттен іс жағдайлары бойынша осындай ауытқуға келісімін сұрай алмағанда немесе өз сұрауына тәулік ішінде жауап алмағанда ауытқиды.
      Егер клиенттің нұсқаулары дәл емес, толық емес немесе дәйекті емес немесе шартқа сәйкес емес болса және экспедитордың іс жағдайлары бойынша клиенттің нұсқауларын нақтылауға мүмкіндігі болмаса, экспедитор клиенттің мүдделері тұрғысында іс-қимыл жасайды.».
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Экспедиторлық қызметті жүзеге асыру үшін экспедитор тасымалдаушымен тасымалдарды ұйымдастыру туралы шарт жасалады.»;
      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тасымалдаушыға тиесiлi барлық тасымалдау төлемдерi мен алымдарының уақытында және толық төленуiн ақшамен қамтамасыз етедi;».
      15-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) экспедиторды Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң (халықаралық шарттарға сәйкес) темір жол көлiгiмен жүк тасымалдарын ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң өзгеруi туралы, соның iшiнде тасымалдардың тарифтерi мен шарттарының өзгеруi туралы, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан темiр жол станциясының ашылуы, жабылуы және қайта аталуы туралы хабардар етедi;».
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Тасымалдарды ұйымдастыру туралы шарт жасасу үшін экспедитор тасымалдаушыға мыналарды ұсынады:
      1) тасымалдаушының атына өтінішті;
      2) жеке тұлғалар үшін – жеке куәліктің, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелерді;
      3) заңды тұлғалар үшін – жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелерді.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Осы Ереженiң 16-тармағында белгiленген барлық құжаттар бар болған кезде, тасымалдаушы күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде, тасымалдарды ұйымдастыру туралы шартқа қол қояды.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Камалиев