"Экспедитор қызметтерін ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 296-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 446 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7862 тіркелді

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Экспедитор қызметтерін ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 296-I (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3037 болып тіркелген, 2005 жылғы 11 тамызда «Заң газетасы» газетінде жарияланған, (880) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспедитор қызметтерін ұсыну ережесінде:
      4-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. клиенттері жүктерді тасымалдау үшін қажет вагондармен, контейнерлермен және алмалы-салмалы жабдықтармен қамтамасыз ету (пайдалануға беру).
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Экпедитор клиент берген ақпараттың, сондай-ақ жүктің сипаттары туралы ақпараттың, оны тасымалдау мен экспедитор көлік экспедиция шартында көзделген міндеттемелерін орындауы үшін қажет өзге де ақпараттың шынайылығын тексереді.»;
      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Экспедиторлық қызметті ұсынуды жүзеге асыру үшін экспедитор тасымалдаушымен тасымалдарды ұйымдастыру туралы және көрсетілетін қызметтердің түрі бойынша шарттарды жасасады.»;
      «14. Экспедитор тасымалдаушымен өзара қарым-қатынаста:
      1) тасымалдаушыға тиесілі барлық тасымалдау төлемдері мен алымдарының уақытында және ақшамен толық төленуін қамтамасыз етеді;
      2) жүк жөнелтушінің тасымалдаушы құжаттарын төлеуші туралы белгі енгізу жөніндегі нұсқаулықпен қамтамасыз етеді;
      3) егер көліктік экспедициясының шартында мұндай міндеттер оған жүктелсе, жүкке және тасымалдау құжаттарына тасымалдаушының талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
      4) егер мұндай міндеттер оған көліктік экспедициясының шартында жүктелсе, жүкке және ілеспе құжаттарға кедендік органдар, фитосанитарлық, карантиндік, шекаралық және өзге де бақылау тарапынан қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тасымалдау туралы шартта өзгесі көзделмесе, тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартты орындамау немесе тиісті орындамау салдарынан тасымалдаушыға құжаттамалық расталған шығындарды өтейді;»;
      15-тармақтың 5) және 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) экспедиторды Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің (халықаралық шарттарға сәйкес) темір жол көлігімен жүк тасымалдарын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің өзгеруі туралы, соның ішінде тасымалдардың тарифтері мен шарттарының өзгеруі туралы, Қазақстан Республикасының магистральдық темір жол станциясының ашылуы, жабылуы және қайта аталуы туралы хабардар етеді;»;
      «6) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта өзгесi көзделмесе, тасымалдарды ұйымдастыру туралы шартты тиесілі орындамау салдарынан экспедиторға келтірілген құжаттамалық расталған шығындарын өтейді.».
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Темір жол көлігімен жүк тасымалдау кезінде қызмет көрсету туралы шарт жасасу үшін экспедитор тасымалдаушыға мыналарды ұсынады:
      1) тасымалдаушының атына өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшін - жеке куәліктің, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі жеке сәйкестірілген нөмірі (ЖСН);
      3) заңды тұлғалар үшін - жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі бизнес сәйкестірілген нөмірі (БСН).».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықтың:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің интернет ресурсында ресми жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Жұмағалиев