Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2864. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.05.08 № 279 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ішкі істер органдары үшін жаңа буын өкілдері арасынан басшы кадрлар резервін дайындау мақсатында Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметтерінің,  Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
      1) көрсетілген бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары магистратурасына оқуға үміткерлерді уақытында және сапалы іріктеуді қамтамасыз етсін.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 487 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1934 болып тіркелген және 2002 жылғы қазан айындағы N 39 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және де өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) және 2003 жылғы 19 қарашадағы N 650 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 487 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2567 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп саналсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И. Оттоға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің
      міндетін атқарушы

      27 сәуір 2004 ж.

Қазақстан Республикасы     
Ішкі істер министрінің     
2004 жылғы 13 сәуірдегі N 221 
"Қазақстан Республикасы Ішкі 
істер министрлігінің жоғары оқу
орындарының магистратурасына 
іріктеу және қабылдау ережелерін
бекіту туралы" бұйрығымен   
бекітілген           

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелері

       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ІІББ, ІІБ, КІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, КІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары магистратурасына (бұдан әрі - магистратура) тыңдаушыларды іріктеу және қабылдау тәртібін белгілейді.

      2. Магистратура "Заңтану" және "құқық қорғау қызметі" мамандықтары бойынша басшы, ғылыми және педагогикалық кадрлар резервін даярлауды жүзеге асырады.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Бейіндік бағыт бойынша магистратурада оқу мерзімі - кемінде бір жыл, ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - екі жыл.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

2. Қабылдау шарттары

      4. Бейіндік бағыт бойынша магистратура жоғары білімнің (заңгерлік) кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген, қажетті іскерлік қабілетке ие және жоғары лауазымдарға жылжыту үшін резервте тұрған, жасы 40-қа дейінгі, ішкі істер органдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ІІМ, ІІД, КІІД) аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторынан, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлерімен жасақталады.
      Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға жасы 35-тен аспаған, жоғары білімнің (заңгерлік) кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген және ішкі істер органдарында жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      5. (Алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09.  N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      6. Магистратураға түсуге үміткерлердің жасы мен тиісті лауазымдардағы қызмет өтілі түсу жылының 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша есептеледі.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

3. Үміткерлерді іріктеу және қабылдау

      7. Магистратураға оқуға үміткерлерді іріктеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітілетін жоғары оқу орындары магистратурасының қабылдау жоспарына сәйкес жүргізіледі.

      8. Бейіндік бағыт бойынша магистратураға оқуға үміткерлерді қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің қабылдау комиссиясы құрылады. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
      Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға қабылдау емтихандарын өткізу және қабылдау үшін жоғары оқу орнында қабылдау және емтихан комиссиялары құрылады.
      Қабылдау комиссиясының құрамына ІІМ Комитеттерінің, департаменттерінің өкілдері, ІІМ оқу орындарының және осы өңірдегі ғылыми ұйымдардың ғалымдары кіреді. Жоғары оқу орнының басшысы қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

       8-1. Мамандық бойынша емтихан комиссиясы ІІМ жоғары оқу орындарының және осы өңірдегі ғылыми ұйымдардың ғалымдары қатарынан жасақталады.
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы төрағадан және үш мүшеден тұрады, оның ішінде екеуі ғылым докторы, басқалары мамандық бейіні бойынша ғылым кандидаттары болуы тиіс.
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      Мамандық бойынша қабылдау емтиханын өткізу нысанын қабылдау комиссиясы айқындайды.
       Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

       8-2. Қабылдау емтиханының нәтижелерімен келіспеген қызметкер жазбаша түрде апелляциялық өтініш бере алады.
      Осы мақсатта мамандық бойынша апелляциялық комиссия құрылады.
       Ескерту. 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      9. Магистратураға түсушілер ішкі істер органы басшысының атына баянат жазады. Баянатта арнаулы атағы, тегі, аты мен әкесінің аты, лауазымы, туған жылы мен айы, білімі көрсетіледі.

      10. Қазақстан Республикасы ІІМ Комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің және оқу орындарының бастықтары, ІІД, көліктегі ІІД-нің бастықтары баянаттарды қарайды, үміткерлер қабылдау шарттарына сәйкес келсе кадр аппараттары арқылы денсаулық жағдайы бойынша магистратурада оқуға жарамдылығын анықтау үшін оларды медициналық куәландыруға жібереді.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      11. Магистратураға үміткерлерді іріктеу үшін ІІД, көліктегі ІІД бастықтарының бұйрығымен іріктеу комиссиялары құрылады.

      12. Іріктеу комиссиялары осы Ережені, сондай-ақ магистратураға қабылдау жоспарын басшылыққа ала отырып, үміткерлерге ұсынылған құжаттарды мұқият зерделейді, үміткерлердің қабылдау шарттарына сәйкес келуін анықтайды және олардың әрқайсысы бойынша дәлелді қорытынды шығарады.

      13. Іріктеу комиссияларының жұмыс қорытындылары хаттамалармен ресімделеді. Магистратураға түсуші әрбір үміткерге хаттама парағы ресімделеді.

      14. Магистратураға оқуға іріктеліп алынған адамдарға кадр аппараттары мынадай құжаттар ресімдейді:
      жеке ісі;
      оқу ісі: үміткердің баянаты; қызметінің соңғы кезеңіндегі аттестациясы; қызметкердің магистратураны бітіргеннен кейін тағайындалатын лауазымы көрсетілген іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы шешімінің көшірмесі; білімі туралы дипломның және оның қосымшасының көшірмесі; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1398 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықтың 19-қосымшасына сай белгіленген үлгідегі анықтама; әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы; кадр аппараты растаған 4 фотосурет (көлемі 3,5х4,5 бұрышы жоқ), ішкі істер органдарының Ардагерлер Кеңесінің ұсынысы.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      
      15. Магистратураға түсетін адамдар шет тілі және мамандығы бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады. Шет тілі бойынша қабылдау емтиханы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша тапсырылады.
      Шет тілі бойынша тестілеудің белгіленген бастапқы балынан өткен адамдар сертификаттар негізінде мамандығы бойынша емтихан тапсыруға жіберіледі.
       Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      16. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің қабылдау комиссиясы бейіндік бағыт бойынша магистратураға түсу үшін жасақтаушы органдар ұсынған адамдардың материалдарын қарайды және үміткерлерді ішкі істер органдарының қызметін және қылмысқа қарсы күресті реттейтін қолданыстағы заңнаманы, ведомстволық нормативтік актілерді, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты мәселелерін білуі жөнінде ауызша қабылдау емтиханын өткізеді.
      ІІД, КІІД және ІІМ оқу орындарының кадр аппараттары ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін ұсынған адамдардың материалдарын жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы қарайды.
      Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсушілер үшін мамандығы бойынша емтиханды алдыңғы білім деңгейі бағдарламалары көлемінде жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы өткізеді.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      17. (Алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      18. Магистратураға оқуға қабылдау конкурстық негізде қабылдау емтиханының нәтижесі бойынша қабылдау комиссиясының ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен жүргізіледі.

      18-1. Оқуға қабылдауға мамандығы және шет тілі бойынша қабылдау емтихандарының қосындысында кемінде 8 балл (әр пән бойынша білімді бағалаудың 4 балдық шкаласы бойынша) жинаған қызметкерлер жіберіледі.
       Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      18-2. Балл көрсеткіштері бірдей жағдайда мамандық және шет тілі бойынша ең жоғары баға алған қызметкерлер қабылдау кезінде басым құқыққа ие болады.
       Ескерту. 18-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      19. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орны бастығының оқуға үміткерді қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі оған қол қойылғаннан кейін он күннен кешіктірмей үміткерлерді оқуға жіберген жасақтаушы органға жіберіледі.

      20. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орны бастығының үміткерді оқуға қабылдау туралы бұйрығы оны жасақтаушы органнан оқу орнына іссапарға жіберу үшін негіз болып табылады.

      21. Магистратураға оқуға қабылданбаған үміткерлердің жеке істері мен басқа да құжаттары жасақтау органдарына кері қайтарылады.

      22. Қызметтік қажеттілік жағдайларында, ІІД-нің, КІІД-нің ұсынысы бойынша, ерекше жағдайда, бейіндік бағыт бойынша магистратурада кемінде 6 ай оқыған магистратура тыңдаушыларын кейіннен оларды жеке кесте бойынша оқыту арқылы Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің келісімімен қызметке шақырып алуға жол беріледі.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

       22-1. Жоғары оқу орындары қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша есептерді, сондай-ақ магистратураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне он күн мерзім ішінде ұсыну үшін Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне жолдайды.
       Ескерту. 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.04.09. N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

4. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары
оқу орындары магистратурасының тыңдаушыларын материалдық қамтамасыз ету

      23. Магистратура тыңдаушыларына оқуға жіберуге дейін атқарған соңғы негізгі (уақытша орындалмаған) штаттық лауазымының 70 пайыз көлемінде оқу уақытында ақшалай үлес белгіленеді.

      24. Тамақтандыру мен орналастыру тыңдаушылар есебінен, ал заттай мүліктермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ішкіісмині белгілеген тәртіппен жүргізіледі.