Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын және 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи газды магистральдық және (немесе) бөлуші құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 25 наурыздағы № 149-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2813 тіркелген), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде:
"6) тармақшасына" деген сөз "1-тармақтың 5) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Табиғи монополиялар туралы" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
Сол жақтағы төменгі бұрыштағы "Келiсiлдi: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы 2004 жылғы 1 сәуiр" деген белгі алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи газды магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:
1-тармақтағы "Табиғи монополиялар туралы" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"тұтынушы – табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;";
"уәкілетті орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
тоғызыншы абзац "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақта және Ереженің бүкіл мәтіні бойынша ", Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнің және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің," деген сөздер алып тасталсын;
13-тармақта "жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк органдардан" деген сөздер "жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк органнан" деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақта "Хабарлама сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің атына жiберiледi." деген сөздер алып тасталсын;
1-қосымшадағы бүкіл мәтін бойынша "Табиғи монополиялар туралы" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлемшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Алдабергенов |
КЕЛІСІЛГЕН: | |
Қазақстан Республикасының | |
Мұнай және газ министрі | |
______________ С. Мыңбаев | |
2010 жылғы 20 шілде | |
КЕЛІСІЛГЕН: | |
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | |
_______________ Б. Жәмішев | |
2010 жылғы 23 шілде |