Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 84 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 қарашада № 30444 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы Тізбенің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының 2022 жылғы
28 қазандағы № 84
қаулысына қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 409 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібін айқындайды.

      2. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеуді дербес немесе төлем агентінің қызмет көрсетуі туралы жасалған шартқа (бұдан әрі – шарт) сәйкес, Қағидалардың 4-1-тармағының талаптарын ескерумен, төлем агенті көрсететін қызметті пайдалана отырып жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырлсын:

      "4-1. Орталық депозитарий осындай облигацияларды өтеу мерзімі аяқталатын күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде эмитенттер "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 31-бабының 3-1-тармағының үшінші бөлігін ескере отырып, соңғы купондық сыйақыны қоса алғанда, облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) аударған ақшаны облигациялардың әрбір ұстаушысына төленуге тиісті сома туралы ақпараты бар эмитент ұсынған облигацияларды ұстаушылардың тізіміне сәйкес, орталық депозитарийде облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған шотқа аударады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Орталық депозитарий облигациялар шығарылымының талаптарында белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 32-бабына сәйкес мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарлама жібереді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Төлем агенті эмитентке талап етілмеген ақша сомасын қайтаруды Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 31-бабының 3-1-тармағының талаптарын ескерумен шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.".

      2. "Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларын, талаптарын және әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларын, талаптарын және әдістемесін, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылардың саны және пай кірістілігі туралы ақпарат ұсыну қағидаларын, нысандарын және мерзімдерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бекітілсін:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидалары, талаптары және әдістемесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылардың саны және инвестициялық пай кірістілігі туралы ақпарат ұсыну қағидалары, нысандары және мерзімдері.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларында, талаптары және әдістемесінде:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2004 жылғы 21 тамыздағы
№ 259 қаулысына 1-қосымша";

      тізбеге қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      3. "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17803 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері, жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және орталық депозитарийдің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін (бұдан әрі – тізілімдер жүйесі) жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Орталық депозитарий инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттардың негізінде инвестициялық пай қорының пайына қызмет көрсетуге қабылдайды:

      1) пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      2) инвестициялық пай қоры қағидаларының көшірмесі;

      3) жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығына ие басқарушы компания өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілерін қамтитын құжат;

      4) жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарды растау құқығына ие кастодиан өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілерін қамтитын құжаттар;

      Басқарушы компания және (немесе) кастодиан өкілдері қолдарының нотариат куәландырған үлгілерін қамтитын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.

      Басқарушы компания және (немесе) кастодиан осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық нысанда немесе клиентті динамикалық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда және (немесе) басқарушы компанияның және (немесе) кастодианның уәкілетті өкілдерін биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен электрондық құжат нысанында ұсынған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

      Басқарушы компания және (немесе) кастодиан инвестициялық пай қорының пайларына қызмет көрсетуге арналған құжаттарды орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес мобильді қосымша немесе жеке кабинет арқылы электрондық тәсілмен ұсынады.

      Қызметтерді электрондық түрде ұсыну қауіпсіздігі рәсімі клиентті анық сәйкестендіруді және оның тиісті электрондық қызметтерді алу құқығын, сондай-ақ клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып және (немесе) клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы клиентті аутентификациялауды қамтиды.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Орындалуы туралы белгісі бар құжаттар (ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық-цифрлық нысанда қабылданған құжаттарды қоспағанда) орталық депозитарийдің архивіне беріледі, олар архив жүргізу журналында тіркеледі. Құжаттарды архив жүргізу журналында тіркеу кезінде олардың тұтастығы, парақтар мен даналардың, сондай-ақ оларға қосымшалардың саны тексеріледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі"; мәтіннің қазақ тіліндегі редакциясы өзгермейді";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) мәмілелерді тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операциялар жүргізу жолымен жасалады.

      Эмитенттің айналыс мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алуды орталық депозитарий осы эмиссиялық бағалы қағаздардың халықаралық сәйкестендіру нөмірін (ISIN кодын) көрсете отырып, орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен орталық депозитарий беретін сәйкестендіргіштер бойынша жүзеге асырады.

      Эмитенттің тіркелген тұлғалардың жеке шоттарындағы эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сандық көрінісі осы талап ету құқықтары туындаған эмиссиялық бағалы қағаздардың санына сәйкес айқындалады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізу кезінде орталық депозитарий тізілімдер жүйесінің деректерін негізге ала отырып, мәмілеге қатысушылар бұйрықтарының мазмұнын бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексереді және бұйрықтардағы қолдардың операцияларды тіркеуге құжаттарға қол қою құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің қолдарының нотариат куәландырған үлгілерін қамтитын құжатта көрсетілген қолдарға сәйкестігін салыстырып тексеруді жүзеге асырады жеке шоттар және ақпараттық операциялар немесе құжат бойынша, не сенімхат бойынша өкіл болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың (түпнұсқасында немесе нотариат куәландырған көшірмесінде) көшірмелері қоса беріледі.

      Электрондық құжат нысанында берілген бұйрықтар, өкімдер негізінде жеке шоттар бойынша операциялар жүргізу кезінде орталық депозитарий Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаларды тексеруді жүзеге асырады.

      Өзге электрондық-цифрлық нысанда берілген бұйрықтар, өкімдер негізінде жеке шоттар бойынша операциялар жүргізу кезінде орталық депозитарий клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді жүзеге асырады

      Заңды тұлғаның жеке шоттары бойынша операциялар жүргізу кезінде электрондық құжат нысанында немесе өзге де электрондық-цифрлық нысанда берілетін бұйрықтарға, өкімдерге қол қоюды заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе орталық депозитарийге ұсынылған мәліметтер негізінде осындай құжаттарға қол қоюға құқығы бар тұлғалар жүзеге асырады.

      Бұйрық электрондық құжат нысанында ұсынылған жағдайда Қағидалардың 45, 47, 59, 61, 62, 70, 71, 72-тармақтарында көзделген құжаттар сканерленген көшірмесі түрінде ұсынылады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Эмитенттің бағалы қағаздарын және эмитенттің кредиторлары алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбалар енгізу жөніндегі операцияны орталық депозитарий эмитент уәкілетті органның эмитент жүргізген айырбастау туралы хабарламасының көшірмесін және мынадай құжаттардың бірінің көшірмесін ұсынған кезде жүргізеді:

      1) эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын эмитенттің бағалы қағаздары шығарылымының проспектісі;

      2) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған банкті қайта құрылымдау жоспары негізінде жүзеге асырылады;

      3) егер эмитент дәрменсіз борышкер болып табылса, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған оңалту жоспары негізінде жүзеге асырылады.

      Орталық депозитарий тіркелген тұлғаларға тиесілі эмитенттің бағалы қағаздарын оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбалар енгізу жөніндегі операцияны тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан бағалы қағаздарды есептен шығару және оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алу арқылы және жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан жай акцияларды есептен шығару және оларды есепке алу бойынша жүргізеді тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына эмитенттің бағалы қағаздарды айырбастау туралы жазбалар енгізуге арналған бұйрығының негізінде жүргізіледі.

      Орталық депозитарий эмитенттің кредиторлары алдындағы ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу жөніндегі операцияны эмитенттің жарияланған немесе сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу және оларды Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес эмитенттің кредиторларына ашқан жеке шоттарына есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан жай акцияларды есептен шығару жолымен жүргізеді. ақша міндеттемелерін айырбастау.

      Бағалы қағаздарды және эмитенттің кредиторлары алдындағы ақшалай міндеттемелерді оның жай акцияларына айырбастауға байланысты жеке шот бойынша операциялар жүргізілгеннен кейін орталық депозитарий 1 (бір) жұмыс күні ішінде оған бұл туралы хабарлама жібереді.

      Орталық депозитарий эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды олардың айырбасталуына байланысты есепке алу үшін жеке шотына есепке алынған облигациялардың эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміндегі облигациялар шығарылымының күшін жою туралы электрондық хабарлама немесе облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің көшірмесі негізінде күшін жояды.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Акцияларды бөлшектеу жөніндегі операцияны орталық депозитарий эмитент ұсынған жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері және уәкілетті орган эмитентке берген, жарияланған акциялар санының ұсақтау арқылы ұлғайтылғаны туралы нұсқауды қамтитын ілеспе хаттың, сондай-ақ эмитенттің акцияларды бөлшектеуге және оларды тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша акцияларды аудару арқылы бөлу туралы бұйрығының негізінде жүргізеді жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына.

      Акцияларды бөлшектеу жөніндегі операцияны жүргізу эмитенттің кепілдегі және (немесе) сенімгерлік басқарудағы акцияларының санын тиісті пропорцияда ұлғайтуды көздейді.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Облигацияларды (ислам бағалы қағаздарын) өтеу кезінде орталық депозитарий облигацияларды (ислам бағалы қағаздарын) оларды ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығару және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған мерзімде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі эмитенттің жеке шотына есепке алу операциясын жүргізеді.:

      1) банктік аударым операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар құралдар эмитентінің (оригинатордың) орталық депозитарийдің төлем агентінің қызметін және құралдарды ұстаушылардың тізімін пайдаланбай, әрбір құрал ұстаушы бойынша төлем сомасының мөлшерін көрсете отырып, құралдарды өтеу жөніндегі өз міндеттемелерін өз бетінше орындауы туралы хабарламасы; немесе

      2) орталық депозитарийдің облигацияларды ұстаушыларға сомаларды төлеуі.";

      76, 77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Эмитент нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2632 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 409 қаулысымен бекітілген төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 4-1-тармағының талаптарын орындамаған кезде, сондай-ақ банктік аударым операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар эмитент орталық депозитарийге 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін ұсынбаған кезде:) эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаған күннен кейінгі жұмыс күндері, орталық депозитарий эмитенттің осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін орындағанын (орындамағанын) растай отырып, эмитентке тиісті хабарлама беру туралы сұрау салу жібереді.

      77. Қағидалардың 76-тармағында көрсетілген эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу жөніндегі міндеттемелердің орындалмағаны туралы мәліметтерді алғаннан кейін орталық депозитарий осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын барлық ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығарады және оларды айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитенттің жеке шотына есепке алады. Осымен бір мезгілде орталық депозитарий эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын айналыс мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар есептен шығарылатын ұстаушылардың жеке шоттарына осы бағалы қағаздар (ауыртпалық, сенімгерлік басқару) бойынша туындаған міндеттемелерді сақтай отырып есепке жатқызуды жүзеге асырады.

      Жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін және номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған сатып алынған бағалы қағаздарды, айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шоттарында болған кезде орталық депозитарий жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін және жүйеде ашылған сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін оларды есептен шығаруды және эмитенттің жеке шоттарына есепке алуды жүзеге асырады бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің

      78. Қағидалардың 77-тармағында көрсетілген барлық операциялар жүргізілген күннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде орталық депозитарий эмитентке, сенімгерлік басқарушыға, актілері негізінде бағалы қағаздарды бұғаттау бойынша операциялар жүргізілген мемлекеттік органдарға және (немесе) уәкілетті тұлғаларға, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар пайдасына тиісті хабарламалар (есептер) жібереді мерзімі өткен және олар бойынша эмитент оларды өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған бағалы қағаздарға ауыртпалық салуды жүзеге асырды.

      Қағидалардың 77-тармағында көрсетілген жүргізілген операциялар туралы ұстаушыларды хабардар етуді орталық депозитарий осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде өзінің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырады.";

      79-тармақ алынып тасталсын;

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Облигациялар шығарылымының күшін жойған кезде орталық депозитарий эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде облигациялар шығарылымының күшін жою туралы электрондық хабарламаны немесе уәкілетті органның облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлігінің көшірмесін алғаннан кейін эмитенттің жеке шоттарынан осындай облигацияларды біржолғы есептен шығару бойынша операциялар жүргізеді.

      Айналыс мерзімі өткен облигациялар шығарылымының күшін жою кезінде орталық депозитарий эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде облигациялар шығарылымының күшін жою туралы электрондық хабарламаны немесе уәкілетті орган берген осындай облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің көшірмесін алғаннан кейін айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан облигацияларды есептен шығару жөнінде операциялар жүргізеді, эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан осындай облигациялар бойынша талап ету құқықтарын білдіреді.

      Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары сәйкестендіргішінің күшін жоюды орталық депозитарий мынадай талаптардың бірі сақталған кезде орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына сәйкес жүзеге асырады:

      1) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша барлық талап ету құқықтарын эмитент сатып алған;

      2) заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын және оны бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімінен шығарылғанын растайтын құжат негізінде эмитент таратылған кезде жүргізіледі.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Мынадай операцияларды:

      1) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі заңның 23-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімде иеленушінің жеке шотына пайларды есепке алу;

      2) Қағидалардың 84 және 94-тармақтарында көрсетілген;

      3) жүргізілу талаптарын қосымша тексеру талап етілетін операцияларды жүргізуді қоспағанда, орталық депозитарий жеке шот бойынша операцияны және ақпараттық операцияны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жүргізеді, бұл ретте осындай операцияларды жүргізу 6 (алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.".

      4. "Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына (Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген, Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Орталық депозитарий Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 80-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібіне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 12-2 және 12-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "12-2. Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығы туралы Заңның 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында эмитенттің корпоративтік оқиғалары туралы мынадай ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді:

      1) эмитенттің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер құрамындағы өзгеріс - бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі өзгерістерді орталық депозитарий тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына айырбастау - орталық депозитарий акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      3) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның басқа түрдегі акцияларына айырбастау - орталық депозитарий акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      4) акцияларды бөлшектеу - орталық депозитарий акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларын бөлшектеу операциясын тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орталық депозитарий ашатын корпоративтік ақпараттың мазмұны орталық депозитарийдің қағидалар жинағымен айқындалады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты беру мақсатында орталық депозитарий дауыс беретін акциялар ретінде қабылдайды:

      1) Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған ұстаушылардың жеке шоттарында ескерілетін акциялар;

      2) осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған қосалқы шоттарда ескерілетін акциялар.

      12-3. Орталық депозитарий уәкілетті органға облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны облигациялар шығару проспектісінде (жеке меморандумда) белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде береді.

      Орталық депозитарийдің хабарламасы төмендегілерді көрсете отырып, эмитенттің облигацияларды өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратты қамтиды:

      1) облигациялар туралы мәліметтерді (ISIN, эмитенттің атауы);

      2) облигацияларды өтеу күні;

      3) облигациялардың номиналды құны;

      4) облигацияларды өтеу күнгі жағдай бойынша эмитент сатып алған облигациялардың саны туралы мәліметтер;

      5) оларды өтеу күніне айналыстағы облигациялардың саны туралы мәліметтер;

      6) облигациялар бойынша соңғы купондық кезең үшін төленген сыйақының жиынтық мөлшері және номиналды құнын өтеу сомасы.

      Егер эмитент облигацияларды өтеу міндеттемелерін орындамаған және осы бағалы қағаздар эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығына ауыстырылса, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ақпарат берілмейді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Орталық депозитарий бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде оның орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресімдейді:

      1) орталық депозитарий клиентінің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының және (немесе) лицензиясына қосымшасының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған (қайтарып алынған) (қаржы құралдарын басқа депоненттерге номиналды ұстауға аудару немесе орталық депозитарийдің номиналды ұстауынан қаржы құралдарын шығару жөніндегі операцияларды және ақпараттық операцияларды қоспағанда);

      2) уәкілетті орган немесе бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар (ақпараттық операцияларды қоспағанда) бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұрған немесе тоқтатқан кезде;

      3) бағалы қағаздар шығару талаптарына сәйкес бағалы қағаздардың айналысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған (ақпараттық операцияларды, номиналды ұстаушыны ауыстыру кезінде қажетті немесе осындай бағалы қағаздарды өтеу кезінде жүргізілетін операцияларды, сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына ашылған қосалқы шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару және бағалы қағаздардың бірыңғай тізіліміне ашылған қосалқы шотқа есепке алу жөніндегі операцияларды қоспағанда); жинақтаушы зейнетақы қорына);

      4) бұйрық орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген нысанға сәйкес келмеген жағдайларда;

      5) толтыру үшін міндетті бұйрықтың деректемелері болмаған, сондай-ақ түзетулер немесе түзетулердің болуы;

      6) бұйрықтардағы қолдардың үлгілері нотариат куәландырған үлгілерге сәйкес келмеген жағдайларда;

      7) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот (қосалқы шот) бұғатталса;

      8) банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың біреуіне қатысты Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген жеке (жеке) шоттарынан (шоттарынан) (қосалқы шоттарынан (қосалқы шоттарынан) қаржы құралдарын есептен шығару (есепке жатқызу) жөніндегі операцияларды жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген қаржы құралдарына ауыртпалықтар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы;

      9) Орталық депозитарий клиенттерінің шоттарында (қосалқы шоттарында) қаржы құралдарының және (немесе) ақшаның қажетті саны болмаған;

      10) егер оны беру қажеттілігі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген болса, қарсы бұйрық болмаған;

      11) есеп ұйымының орталық депозитарийдің қаржы құралдарын номиналды ұстауға (- дан) енгізуге (шығаруға) бұйрығын орындамағаны туралы хабарлама алған;

      12) мәміле Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес келмеген жағдайларда;

      13) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген жағдайларда жүргізіледі.

      Жазбаша бас тарту поштамен және (немесе) қолма-қол және (немесе) электрондық поштамен және (немесе) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген факсимильдік немесе байланыс түрлерімен жіберіледі.";

      40-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-1. Қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің бағалы қағаздармен операциялардан түскен ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шоты туралы мәліметтер болмаған кезде, қоғамның ірі акционерінің қалған акционерлерден сатып алған дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін шотқа аударылады.

      Қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған кезде, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа жүзеге асырылады.

      Қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған кезде, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Таратылатын қоғамда, қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған кезде, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін осы акционерге төленуге жататын ақша, тарату комиссиясы осындай ақшаны төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орталық депозитарийде ашылған, талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аударылады.

      Эмитентте банктік аударым операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде облигацияларды ұстаушының өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған кезде, соңғы купондық сыйақыны қоса алғанда, облигацияларды өтеуге арналған осы ұстаушыларға тиесілі сомаларды төлеу облигацияларды ұстаушылардың шоттарына жүзеге асырылады орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін.

      Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер ашылмаған номиналды ұстаушының клиентіне тиесілі талап етілмеген ақшаны төлеу номиналды ұстаушының өз клиентіне ақша аударуды дербес жүзеге асыратын шотына жүзеге асырылады.";

      40-3, 40-4, 40-5, 40-6, 40-7 және 40-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-3. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес ірі акционер акционердің бағалы қағаздармен операциялардан түскен ақшаны есепке жатқызуға арналған банк шоты туралы өзекті деректемелері жоқ қалған акционерлерден сатып алған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеу үшін осы тұлға бірмезгілде орталық депозитарийге қоғамның акцияларын сатып алу бұйрығын береді және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа қажетті ақша сомасын аударады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бұйрыққа акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалған ірі акционерге сату бағасын растайтын құжат қоса беріледі.

      Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес акциялары ірі акционерге сатылған акционер болып табылатын тұлғаның талап етуі бойынша орталық депозитарий осындай талапты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттың көшірмесін ұсынады. Орталық депозитарий оның қағидалар жинағында белгіленген жағдайларда құжаттың көшірмесін бергені үшін ақы алады, ол оны дайындауға жұмсалған шығыстардан аспауға тиіс.

      40-4. Акционердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетін ақшаны есепке алуға арналған банктік шоты туралы өзекті мәліметтері жоқ акционерлердің өздеріне тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларын ірі акционердің талап етуі бойынша Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес сату мәмілесін тіркеуді жүзеге асырғанға дейін орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аударылған ақша сомасын ірі акционердің тиісті бұйрығындағы ақпаратпен салыстырып тексереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген соманың алшақтығы анықталған кезде ірі акционер орталық депозитарийден осы алшақтық туралы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұйрыққа қажетті түзету енгізеді не орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа жетпей тұрған ақша сомасын аударады.

      Егер Акционерлік қоғамдар туралы заңның 25-1-бабына сәйкес ірі акционер қалған акционерлерден сатып алған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақшаның сомасы талап етілетін сомадан артық болса, онда осындай айырмашылық ірі акционерге оның банктік шотына қайтарылады.

      40-5. Орталық депозитарий эмитентке төлем агентінің қызметін көрсетпейтін болса, эмитент Қағидалардың 40-1-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген мерзім ішінде орталық депозитарийге орталық депозитарийдің ішкі құжатымен бекітілген нысанға сәйкес қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты дивиденд төленбеген акционерлер туралы мәліметтерді жібереді, сондай-ақ қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтер жоқ акционерлерге дивиденд төлеуге арналған ақшаны орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аударады.

      Өз облигацияларын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындағаннан кейін банктік аударым операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар эмитент орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімде орталық депозитарийдің ішкі құжатымен бекітілген нысанға сәйкес соңғы купондық сыйақыны қоса алғанда, облигацияларды өтеуге арналған сомалар төленбеген облигацияларды ұстаушылар туралы мәліметтерді орталық депозитарийге жібереді қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа осы сомаларды төлеуге арналған ақшаны аударуды жүзеге асырады.

      Орталық депозитарий облигацилар бойынша дивидендтер және (немесе) сыйақы, және (немесе) облигацияны өтеу үшін арналған сома төленбеген қаржы құралдарының ұстаушылары жөнінде эмитенттен алған мәліметтерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі ақпаратпен салыстырып тексереді, сондай-ақ эмитенттен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа түскен ақша сомасын осы эмитенттің ұсынған мәліметтерінде көрсетілген ақша сомасымен салыстырып тексереді.

      Осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес орталық депозитарий жүргізген салыстырып тексеру қорытындысы бойынша алшақтықтар болмаған кезде орталық депозитарий эмитенттің төлем тапсырмасын қабылдайды, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне тиісті мәліметтерді енгізеді және бір мезгілде эмитентке осы операциялардың орындалғаны туралы есепті жібереді.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген соманың алшақтығы анықталған кезде осы ақпарат түзету шараларын қабылдау үшін эмитентке хабарланады.

      40-6. Егер орталық депозитарий эмитентке төлем агентінің қызметін көрсететін болса, қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтер жоқ қаржы құралдарының ұстаушыларына облигациялар бойынша дивидентер, және (немесе) сыйақылар, және (немесе) облигацияларды өтеу үшін арналған сомаларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аудару бойынша операция "Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 409 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2632 болып тіркелген) және орталық депозитарий қағидаларының жинағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Орталық депозитарий қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтер жоқ қаржы құралдарының ұстаушыларына облигациялар бойынша дивидентер, және (немесе) сыйақылар, және (немесе) облигацияларды өтеу үшін арналған сомаларды төлеуге арналған ақшаны орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аударады, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне тиісті мәліметтерді енгізеді және бір мезгілде эмитентке осы операциялардың орындалғаны туралы есепті жібереді.

      40-7. Эмитент 2019 жылғы 1 шілдеде төленбеген дивидендтер болған кезде орталық депозитарийге орталық депозитарийдің ішкі құжатымен бекітілген нысанға сәйкес қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты дивиденд төленбеген акционерлер туралы мәліметтерді жібереді, сондай-ақ қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтер жоқ акционерлерге дивиденд төлеуге арналған ақшаны орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа аударады.

      Орталық депозитарий эмитенттен алған дивиденд төленбеген акционерлер туралы мәліметтерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі ақпаратпен (бар болса) салыстырып тексереді, сондай-ақ эмитенттен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа түскен ақша сомасын осы эмитенттің ұсынған мәліметтерінде көрсетілген ақша сомасымен салыстырып тексереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес орталық депозитарий жүргізген салыстырып тексеру қорытындысы бойынша алшақтықтар болмаған кезде орталық депозитарий эмитенттің төлем тапсырмасын қабылдайды, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне тиісті мәліметтерді енгізеді және бір мезгілде эмитентке осы операциялардың орындалғаны туралы есепті жібереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген соманың алшақтығы анықталған кезде осы ақпарат түзету шараларын қабылдау үшін эмитентке хабарланады.

      40-8. Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты облигациялар бойынша дивидендтер және (немесе) сыйақылар және (немесе) облигацияларды өтеуге арналған сомалар және (немесе) қоғам таратылған кезде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін акционерге төленуге тиіс ақша төленбеген тұлғаның деректемелері туралы мәліметтерді орталық депозитарий тұлғаның өзінің өтініші негізінде өтінішті алған күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей өзектендіріледі.

      Қоғамның немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде олардың өзекті деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақша сомасы төленбеген тұлғаның деректемелері өзектендірілгеннен кейін орталық депозитарий осы тұлғаға тиесілі дивидендтерді деректемелер өзектендірілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның банктік шотына аударады.

      Орталық депозитарий осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген операция жүзеге асырылған соң орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шот бойынша тиісті жазбалар енгізеді, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға және (немесе) эмитентке, бағалы қағаздардың ұстаушысына жүргізілген операция туралы есепті орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жібереді.".

  Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар нарығын
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2004 жылғы 21 тамыздағы
№ 259 қаулысына
2-қосымша

Акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның инвестициялық қордың активтері мен міндеттемелердің құны және құрамы, таза активтерінің құны, пай ұстаушылардың саны және инвестициялық пай қоры пайының кірістілігі туралы ақпаратты ұсыну қағидалары, нысандары және мерзімдері

      1. Осы акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның инвестициялық қордың активтері мен міндеттемелерінің құны мен құрамы, таза активтерінің құны, сондай-ақ пайларды ұстаушылардың саны мен пайдың кірістілігі туралы ақпаратты ұсыну қағидалары, нысандары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалары) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның активтер мен міндеттемелердің құны мен құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пайларды ұстаушылардың саны мен пайдың кірістілігі туралы ақпарат беру тәртібін, нысандары мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Инвестициялық қордың активтері мен міндеттемелерінің құны және құрамы, таза активтерінің құны туралы, сондай-ақ инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың саны және пайдың кірістілігі туралы ақпарат ай сайын әр айдың 1 күніндегі жағдай бойынша осы айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірілмей Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқарушы компанияның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Акционерлік инвестициялық қор мен басқарушы компания, акционерлік инвестициялық қор арасында жасалатын сенімгерлік басқарудың қолданыстағы шарты болмаған кезде акционерлік инвестициялық қордың активтері мен міндеттемелерінің құны мен құрамы, таза активтерінің құны туралы ақпарат осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      3. Инвестициялық пай қоры пайларының кірістілігі мынадай формула бойынша есептеледі:

      ((Р1/Р2-1) / N * 365 күн * 100), мұнда:

      P1 – кезең соңында пайды есептеу құны;

      P2 – кезең басында пайды есептеу құны;

      N – кезеңдегі күн саны.

  Акционерлік инвестициялық
қордың немесе басқарушы
компанияның инвестициялық
қордың активтері мен
міндеттемелерінің құны мен
құрамы, таза активтерінің құны,
сондай-ақ пайларды ұстаушылардың
саны мен пайдың кірістілігі
туралы ақпаратты ұсыну
қағидаларына, нысандары мен
мерзімдеріне
қосымша

Активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ инвестициялық пай қорларының пай ұстаушыларының саны және пайдың кірістілігі

1-бөлім. Инвестициялық қордың активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, таза активтерінің құны

Баптың атауы

Есепті кезеңнің соңына

Есепті кезеңнің басына

1

2

3

Активтер



Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары



Тазартылған бағалы металдар



Банктердегі салымдар



Бағалы қағаздар,



оның ішінде:



Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары



халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары



шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары



шет мемлекеттердің бағалы қағаздары



Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары



басқа да бағалы қағаздар



Депозитарлық қолхаттар



Инвестициялық пай қорларының пайлары



Акционерлік қоғам болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар



"кері РЕПО" операциялары бойынша талаптар



Дебиторлық берешек



Туынды қаржы құралдары



Материалдық емес активтер



Негізгі құралдар



оның ішінде:



жер учаскелері



үйлер мен ғимараттар



Басқа да негізгі құралдар



Басқа да активтер



Активтер жиынтығы



Міндеттемелер



Инвестициялық қордың бағалы қағаздарын сатып алу



Төлеуге арналған дивидендтер



Алынған қарыздар



Туынды қаржы құралдары



Кредиторлық берешек



кері "Репо" операциялары бойынша міндеттемелер



Басқа да міндеттемелер



Міндеттемелер жиынтығы



Таза активтер жиынтығы



2-бөлім. Инвестициялық қордың пай ұстаушыларының саны және пайдың кірістілігі

Инвестициялық қордың атауы

Айналыстағы пайлардың (акциялардың) саны

Пайдың есептік құны ((Инвестициялық пай қоры үшін)

Пайдың кірістілігі (Инвестициялық пай қоры үшін), соңғы он екі ай үшін жылдық % -бен

есепті кезеңнің басына

есепті кезеңнің соңына

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Акциялардың құны (акционерлік инвестициялық қор үшін)

Заңды тұлғалар пайшыларының саны (инвестициялық пай қоры үшін)

Жеке тұлғалар пайшыларының саны (инвестициялық пай қоры үшін)

Кастодиан банктің атауы

Ескерту

6

7

8

9

10