Спорттық, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 619 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 23 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2629. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 124 бұйрығымен.

      "Приозерный разрезi" қазақстан-ресей компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi сериясы АИ N 163Д Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды туындатқан себептердi жоюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Приозерный разрезi" қазақстан-ресей компаниясы" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгiне Қостанай облысындағы Приозерный қоңыр көмiр кен орнын өндiруге Қазақстан Республикасының Үкiметi 1999 жылғы 10 қыркүйекте берген сериясы АИ N 163Д Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияның қолданылуы жаңартылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi белгiленген тәртiппен осы қаулыға сәйкес көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушыға лицензияның қолданылуын жаңарту туралы хабарлама дайындасын және жiберсiн.
      3. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 наурыздағы N 292 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi