"Спорттық, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 619 бұйрығының күші жойылд

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14838 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорттық, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 619 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2629 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолымен расталған осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3)тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
Полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ________________ Е. Біртанов

      2017 жылғы 20 ақпан

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      ________________ А. Мұхамедиұлы

      2017 жылғы 20 ақпан