Қазақстан Республикасының қала халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 10 қазандағы N 737 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 23 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2537. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      "Денсаулық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және қала халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (бұдан әрі - БМСК) ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында бұйырамын: K090193
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) қалалық емхананың (қалалық аурухана емханасының) қызметі туралы ереже;
      2) отбасылық дәрігерлік амбулаторияның қызметі туралы ереже ;
      3) қалалық емхана мен отбасылық дәрігерлік амбулатория үшін медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең аз нормативі бекітілсін.
      2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша):
      1) қойылған талаптарға жауап бермейтін, тиісті материалдық-техникалық базалары мен жалпы практика/отбасы медицинасының дайындықтан өткен дәрігерлері жоқ отбасылық дәрігерлік амбулаторияларды аумақтық емханалардың құрылымдық бөлімшелері етіп қайта құруды жүргізуді ұсынсын;
      2) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде халық денсаулығы паспортының электрондық базасын жасасын;
      3) осы бұйрықтың 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік медицина ұйымдарын медициналық жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыруды қамтамасыз етсін;
      4) іске асыруы БМСК жүйесіндегі қызметкерлерді (дәрігерлерді, фельдшерлерді, мейірбикелерді, зертханашыларды) үздіксіз оқытуға бағытталған БМСП желісін дамыту мен жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      4. "Жалпы дәрігерлік практика/отбасылық медицина туралы ереже мен Отбасылық дәрігерлік амбулатория туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің 1999 жылғы 12 қазандағы N 500 бұйрығының (1999 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 989 тіркелген) күші жойылды деп есептелсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрлігінің
2003 жылғы 10 қазандағы   
N 737 бұйрығымен бекітілген  

Қалалық емхананың (қалалық аурухана
емханасының) қызметі туралы ереже

      1. Қалалық емхана (қалалық аурухана емханасы) емдеу-алдын алу ұйымы болып табылады, дербес заңды тұлға болуы немесе қалалық аурухананың (бұдан әрі - Емхана) құрамына енуі мүмкін.

      2. Емхана белгіленген тәртіппен учаскелік-аумақтық қағидат бойынша халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін қалаларда, жұмысшы кенттерінде және қала типтес кенттерде демалыс және мереке күндері кезекші дәрігерлерді жұмыспен қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады.

      3. Емхананың жұмыс тәртібін денсаулық сақтау саласындағы жергілікті мемлекеттік органы белгілейді.

      4. Емханада осы ережеге "Қалалық емхананың шамамен алғандағы ұйымдастырушылық құрылымы" деген қосымшасына сәйкес құрылымдық бөлімшелер құрылады.

      5. Емхананы белгіленген тәртіппен тағайындалатын және босатылатын бас дәрігер (директор, аурухана бас дәрігерінің емханалық бөлім жұмысы жөніндегі орынбасары, емхана меңгерушісі) басқарады.

      6. Жеке ұйым болып табылатын емхана заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланады, атауы көрсетілген мөрі, мөртаңбасы және фирмалық бланкісі болады.

      7. Емхана Қазақстан Республикасының Конституциясына , денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге, Жарғыны және осы ережеге сәйкес жұмыс істейді.

      8. Емхананың негізгі міндеттері:
      1) емханада және үйде бекітіп берілген халыққа медициналық-санитарлық көмек көрсету;
      2) халық арасында алдын алу іс-шараларының кешенін ұйымдастыру және өткізу;
      3) халықты диспансерлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      4) халықты санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу, салауатты өмір салты жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

      9. Жүктелген міндеттерді орындау үшін қалалық емхана:
      1) денсаулық жағдайына және ауруының сипатына байланысты емханаға келе алмайтын, төсек тәртібін сақтау, дәрігердің жүйелі түрдегі бақылауында немесе ауруханаға жатқызу жөніндегі мәселені шешуді қажет ететін науқастарға емханада амбулаториялық қабылдау сияқты үйде көмек көрсету кезінде де халыққа дер кезіндегі және білікті дәрігерлік көмек көрсетуді;
      2) жіті және аяқ астынан болған аурулар, жарақаттар, улану және өзге де бақытсыз жағдайлар кезіндегі науқастарға алғашқы және жедел медициналық көмек көрсетуді;
      3) емханаға өтініш берген науқастар мен дені саулардың ауруын ерте анықтау, білікті және толық мөлшерде тексеру;
      4) аурушаңдық бейініне тиісті науқастарды алдын ала барынша тексеру арқылы стационарлық емдеуді қажет ететін адамдарды дер кезінде ауруханаға жатқызуды;
      5) науқастарды қалпына келтіре емдеуді; V032601
      6) алдын алу тексерулерінің барлық түрлерін; V053425 P060856
      7) тиісті аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бірлескен қызметті;
      8) науқастардың уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығына сараптауды, санаторийлық-курорттық емдеуге адамдарды іріктеуді, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тұрақты еңбекке жарамдылығынан айырылған адамдарды жіберуді;
      9) белгіленген тәртіппен статистикалық есепті және есептілікті жүргізуді, емхананың қызметін сипаттайтын статистикалық мағұлматтардың талдауын жасауды;
      10) дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.

      10. Емдеу-сауықтыру жұмысы нысаны бар аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын енгізу және емдеу-сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін қалалық емхана, басшылық етеді және ұйымдастырады.

      11. Емхананың тіркеу орнының негізгі міндеттері:
      1) науқастардың емханаға тікелей және телефон арқылы өз өтініші бойынша дәрігердің қабылдауына алдын ала және шұғыл жазылуын ұйымдастыру;
      2) дәрігерлердің қалыпты жүктемесін жасау мақсатында халықтың жіті ағымын нақты реттеуді және оны көрсетілетін көмектің түрі бойынша бөлуді қамтамасыз ету;
      3) дер кезіндегі іріктеу және дәрігерлер кабинетіне медициналық құжаттарды жеткізу, емхананың картотекасын дұрыс жүргізуді және сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

      12. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін тіркеу орны:
      1) халыққа кабинеттің нөмірі, қабылдау уақыты көрсетілген аптаның барлық күніне, оның ішінде демалыс және мереке күндері барлық дәрігерлердің қабылдау уақыты туралы ақпаратты;
      2) дәрігерді үйге шақыру тәртібі туралы, дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу тәртібі туралы, бас дәрігердің және оның орынбасарларының халықты қабылдау орны және кешкі, түнгі және жексенбі және мереке күндердегі халыққа шұғыл дәрігерлік көмек көрсететін дәріханалардың, емханалар мен стационарлардың мекен-жайларын;
      3) емхананың жұмысының тәртібі, зерттеуге дайындау ережесі туралы ақпараттарды;
      4) емхана дәрігерінің қабылдауына жазылу және дәрігерлерді үйге шақыруды тіркеуді жүзеге асыруды;
      5) белгілеген тәртіппен флюорографиялық тексерілуге және профилактикалық қаралуға жіберуді;
      6) уақытша еңбекке жарамсыздығы парағын және анықтамасын ресімдеуді, берілген ауруханалық анықтамаларды, ауру тарихынан жолдамаларды, рецептерді және көшірмелерді тиісті мөрлермен растауды: орындалған зертханалық талдауларды іріктеу және қаттауды, элетрокардиографиялық және өзге де тексерулер, уақытша еңбекке жарамсыздығы парағының және рецептуралық бланктердің арнаулы журналдарындағы қатаң есепке алуды және тіркеуді ұйымдастырады және жүзеге асырады.

      13. Емхананың тіркеу орны тікелей емхана басшысының (бас дәрігердің, аурухана бас дәрігерінің емханалық бөлім жұмысы жөніндегі орынбасарының, емхана меңгерушісінің) қарамағында болады.

      14. Алдын алу бөлімшесі (кабинеті) 30 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін қалалық емханаларда (қалалық ауруханасы емханасыныңда) ұйымдастырылады, және тікелей емхананың (аурухананың) бас дәрігеріне (емхана бас дәрігерінің орынбасарына) бағынатын меңгеруші басқарады.

      15. Талдаулар мен алдын алу флюорографиялық зерттеулері үшін қан және басқа да биологиялық материалдарды алуды емхананың тиісті зертханалары мен рентген бөлімшелерінде (рентгенологиялық бөлімшелерде немесе кабинеттерде) ереже бойынша жұмыс орындары емхананың бөлімшесінде болуы тиіс арнайы бөлінген қызметкерлер жүргізеді.

      16. Алдын алу бөлімшесінің негізгі міндеттері:
      1) қатерлілігі жоғары аурулары бар науқастар мен адамдарды ерте анықтау;
      2) алдын ала және мерзімдік алдын алу тексерулерін ұйымдастыру әрі білікті түрде өткізу;
      3) диспансерлеу жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;
      4) ересектер мен жасөспірімдерге алдын алу егулерін ұйымдастыру және өткізу;
      5) емхананың қызмет көрсететін аумағында бастапқы және қайталап алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
      6) халық арасында санитарлық-гигиеналық білімді, салауатты өмір салтын, зиянды әдеттермен, (темекі шегу, маскүнемдік, келеңсіз өмір сүру, орынсыз тамақтану және т.б.) күресті насихаттау болып табылады.

      17. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қалалық емхананың алдын алу бөлімшесі мыналарды ұйымдастырады және өткізеді:
      1) ауруларды ерте анықтау мақсатында емханаға осы жылы келген барлық науқастарды тексеру кабинетіне, алдын алу флюорографиясына жібереді;
      2) алдын алу бөлімшесіне келгендерді және бекітілген өнеркәсіптік кәсіпорын қызметкерлерін тексеру кезінде аса қауіпті ауруы бар адамдарды анықтау;
      3) бөлімшенің басқа кабинеттерімен бірлесе отырып, дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті жүзеге асыратын дәрігерлік қабылдауға және алдын алу тексеруіне, көздің ішкі артериялық қан қысымын өлшеуге (шағымданған, сондай-ақ ағымдағы жылы емханаға алғаш келген 40 жастан асқан барлық адамдарға) науқастарды алдын ала дайындау;
      4) диабетті және басқа ауруларды ерте анықтауға анализдер үшін қан және басқа да биологиялық материалдарды алу;
      5) алдын ала және мерзімдік тексерулерге жататын адамдарды (жұмысқа орналасатындар мен оқуға түсетіндер, тамақ өнеркәсібі, коммуналдық объектілер, балалар және басқа да мекеме қызметкерлері) алдын алу тексеруі. Тексеруді осы мақсатқа бөлінген емхана дәрігерлері жүзеге асырады (жалпы саны шегінде);
      6) диспансерлік бақылауда тұрған дені сау және науқас адамдардың есебін жүргізу, оларға дәрігердің қабылдайтын күні мен уақытын көрсете отырып, белгіленген мерзімде дәрігерге келуін өтінген шақырулар тарату, диспансерлік науқастардың дәрігерге келуін бақылау және халықты диспансерлік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі басқа да іс-шаралар;
      7) қосымша тексеру, диспансерлік бақылау және емдеу үшін ауруы анықталған науқастар мен аса қауіпті аурулары бар адамдардың медициналық құжаттарын дайындау және маман-дәрігерлерге беру;
      8) зиянды әдеттерден (темекі шегу, алкоголь ішу) бойын аулақ ұстауға жататын адамдарды емдеуге жолдау;
      9) әртүрлі анықтамалар мен медициналық құжаттардың көшірмелерін беру (дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті).

      18. Алдын алу бөлімшесі (кабинеті) қызметінің көлемі мен сипатына сәйкес тиісті жабдықпен және мүкәммалмен жарақталады.

      19. Дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті емханаға келушілер ағымын реттеу және дәрігер құзыретінен талап етілмейтін функцияларды атқару үшін емханада ұйымдастырылады.

      20. Дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті емхананың алдын алу бөлімшесінің құрамына кіреді, ал ол жоқ жерлерде емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде қызмет етеді.

      21. Кабинетте жұмыс істеу үшін фельдшер немесе барынша тәжірибелі мейірбикелер тағайындалады.

      22. Дәрігерге дейінгі қабылдау кабинетінің қызметкерлері өз қызметінде алдын алу бөлімшесінің меңгерушісіне, ал мұндай лауазым болмаған кезде - бас мейірбикеге бағынады.

      23. Кабинеттің негізгі міндеттері:
      1) дәрігерге жіберуді тездету мерзімі туралы мәселені шешу үшін науқастарды қабылдау;
      2) келген күні дәрігерлік қабылдауды қажет етпейтін науқастарды зертханалық және басқа да зерттеулерге жіберу;
      3) антропометрия жүргізу, артериалдық және көздің қан қысымын, дене қызуын және басқаларды өлшеу;
      4) науқастарды Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органына мүгедектік тобын, санаториялық-курорттық картасын, зертханалық және басқа да функционалдық-диагностикалық зерттеулер деректерін айқындау үшін, санаториялық-курорттық емделуге, анықтамаларды ресімдеуге, амбулаториялық науқастың жеке картасының көшірмелерін және басқаларды жіберу кезінде жолдау парағының паспорттық бөлігін толтыру;
      5) алдын алу медициналық тексерулерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу болып табылады.

      24. Дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті қажетті медициналық жабдықтармен, аспаптармен және белгіленген үлгідегі зерттеуге жіберу бланктерімен, жолдау парақтарымен, санаторийлық-курорттық карталармен және басқалармен қамтамасыз етіледі.

      25. Келгендер туралы кабинеттің келушілерді тіркеу журналына жазылады.
      26. Әйелдер қаралатын кабинет әйелдердің жыныс органдарының гинекологиялық, ісік алдындағы және белгілі жерлердің (тері, ерін, сүт бездері) обыр ауруларын ерте анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық тексеруді жүзеге асырады.

      27. Әйелдер қаралатын кабинет емхананың алдын алу бөлімшесінің құрамына кіреді, ал ол жоқ жерлерде емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде қызмет етеді.
      28. Әйелдер қаралатын кабинеттегі жұмысты акушер жүзеге асырады.

      29. Әйелдер қаралатын кабинеттің негізгі міндеттері:
      1) жыл ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымда жасына және ауру сипатына қарамастан, алғаш қаралуға келген барлық әйелдерді тексеру;
      2) ауруы анықталған немесе ауруға күдікті әйелдерді акушер-гинеколог дәрігерге жіберу;
      3) медициналық құжаттарды, белгіленген есеп жүргізу-есеп беру нысандарын уақытында және сапалы жүргізу.

      30. Кабинет үшін арнайы жабдықтары мен аспаптары, жарық, бөлек бөлме бөлінеді.

      31. Акушердің қызметін басқару мен бақылауды алдын алу бөлімшесінің меңгерушісі, ол болмаған кезде емхананың бас дәрігері жүзеге асырады. Ұйымдастыру-әдістемелік көмекті аумақтық, базалық әйелдер консультациясы жүзеге асырады.

      32. Терапиялық бейін кабинеттері емхана бөлімшесінің құрамында ұйымдастырылады және оған арнайы даярлығы бар білікті дәрігер басшылық етеді, санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес алаңы, сондай-ақ медициналық жабдығы, аспаптары мен мүкәммалы болады.

      33. Терапиялық бейін кабинеттерінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: аурулардың алдын алу шараларын жүзеге асыру, оларды ерте анықтау мен тиімді емдеу.

      34. Осы міндеттерге сәйкес терапиялық бейін кабинеттерінің дәрігері мыналарды жүзеге асырады:
      1) алдын алу іс-шараларын, науқастарды анықтауды, емдеуді, диспансерлік қадағалауды;
      2) науқастарды диагностикалаудың, тексерудің, емдеу мен ауруханаға жатқызудың сапасын жақсарту жөніндегі ұйымдастырушылық әрі әдістемелік іс-шараларды әзірлеу мен өткізуді;
      3) басқа бейіндегі дәрігерлердің жолдамалары бойынша науқастарға консультация беруді (емханада және үйде);
      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 859 (2001 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1372/1 тіркелген) бұйрығына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жасауды; V095860
      5) халық арасында алдын алу, салауатты өмір салты жөніндегі медициналық білімді санитарлық насихаттауды ұйымдастыру мен өткізуді;
      6) осы бөлімшеде (кабинетте) тексеруді науқастарға диагностикалық және емдік ем-шаралардың дер кезінде орындалуын бақылауды;
      7) көрсеткіштері бойынша мүгедектік тобын анықтау үшін науқастарды Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органына жіберуді;
      8) осы бөлімше (кабинет) бейіні және оларды динамикалық байқауға алу бойынша диспансерлеуге жататын адамдарды анықтауды;
      9) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес науқастық парақты бере отырып, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптауын жүргізуді;
      10) науқастарды стационарға жатқызуға жіберуді.

      35. Жұқпалы аурулар кабинеті (бұдан әрі - ЖАК) қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оның қызметін қамтамасыз ететін үй-жайлары мен жабдықтары болады.

      36. ЖАҚ негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды уақытылы әрі ерте анықтауды қамтамасыз ету;
      2) амбулаториялық-емханалық мекемелерде жұқпалы әрі паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеу жөнінде ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар жүргізу және білікті консультативтік көмек көрсету;
      3) жұқпалы аурулар мен өлім-жітім үрдісін зерделеу және талдау, жұқпалы ауруларды диагностикалау, емдеу мен алдын алудың сапасы мен тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
      4) уақытылы анықталмаған немесе негізсіз жұқпалы аурулар кабинетіне жіберілген жұқпалы аурулармен ауыратын науқастардың барлық жағдайларын талдау жөнінде конференция ұйымдастыра отырып, жұқпалы аурулар клиникасы, оларды ерте диагностикалау, емдеу мен диспансерлеу мәселелері бойынша амбулаториялық қабылдауды жүргізетін дәрігер-мамандардың білімін арттыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу;
      5) дәрігер-терапевтің учаскелік дәрігерге жұқпалы ауруларға күдікті науқастарды тексеру жөнінде әрі оларды ақтық диагноз қою үшін жұқпалы аурулар кабинетіне жіберу тәртібі туралы консультация беруі;
      6) диагнозды нақтылау, емдеу-алдын алу іс-шараларын тағайындау мен ауруханаға жатқызу туралы мәселені шешу мақсатында науқастарға емханада және үйде консультативтік көмек көрсету;
      7) жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды қосымша (зертханалық және өзге де) зерттеу;
      8) емхана жағдайларында жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды емдеу және стационардан шыққаннан кейін реконвалесценттерін емдеуді аяқтау;
      9) инструментальды әрі зертханалық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, жұқпалы аурумен ауыратын науқастардың толық клиникалық әрі бактериологиялық сауықтырылуын бақылау;
      10) ересектерді профилактикалық егулерді жүргізу жөніндегі жұмысты талдау;
      11) созылмалы жұқпалы аурулармен ауыратын, бактериялық және паразиттік жұқпалары бар науқастардың реконвалесценттерін диспансерлік қадағалау мен оларды санациялау;
      12) жұқпалы аурулармен ауыратын, бактериялық және паразиттік жұқпалары бар науқастарды есепке алу;
      13) СЭС-қа жіберілген сырқаттану туралы сараптамалық хабарламалардың негізінде жұқпалы аурулармен ауыратын, бактериялық, паразиттік жұқпалары бар науқастарды есепке алу;
      14) қалалық емхана қызметінің ауданындағы жұқпалы ауру дерті мен өлім-жітім үрдісін, диагностикалық және емдік іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін талдау, диспансерлеу қайталанған ауруды емдеу;
      15) жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі медициналық білімді насихаттауды жүргізу.

      37. ЖАК өз жұмысын емхананың дәрігер-терапевтерімен, учаскелік және басқа да дәрігер-мамандарымен, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметімен тығыз байланыста жүргізеді.

      38. Хирургиялық бейін бөлімшесін (кабинетін) тиісті мамандық бойынша арнайы даярлықтан өткен маман (хирург, отоларинголог, офтальмолог) басқарады.

      39. Хирургиялық бейін бөлімшесінің (кабинетінің) негізгі міндеттері аурудың алдын алу шараларын жүргізу, науқастардың ауруларын ерте анықтау және өзінің бейіні бойынша оларды емхана жағдайында және үйде тиімді емдеу болып табылады.

      40. Осы міндеттерге сәйкес хирургиялық бейін бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігерлері мыналарды жүзеге асырады:
      1) емхана басшылығы бекіткен кесте бойынша амбулаториялық қабылдауды тұрақты жүргізу;
      2) науқастарды олар жазылып шыққанға дейін динамикалық бақылау және белсенді емдеу, уақытша оңалту немесе емдеуге жатқызу;
      3) аталған бөлімшеде (кабинетте) бақылауда тұрған науқастарға диагностикалық және емдік шаралардың уақтылы орындалуын бақылау;
      4) көрсеткіштері болған кезде мүгедектігін анықтау үшін науқастарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органына жіберу;
      5) басқа маман-дәрігерлердің жолдамасы бойынша келген науқастарға, оның ішінде үйдегілерге кеңес беру;
      6) науқастарды дер кезінде стационарға жатқызуға жіберу;
      7) аталған бөлімшенің (кабинеттің) бейіні бойынша диспансерлеуге жататын адамдарды уақтылы анықтау және оларды үдемелі бақылауға алу;
      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауру парағын бере отырып, уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу;
      9) халыққа санитарлық-ағарту және гигиеналық тәрбие жұмысын жүргізу.

      41. Хирургиялық бейін бөлімшесі (кабинеті) орналасу үшін санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес алаңы, сондай-ақ медициналық жабдығы, аспаптары мен мүкәммалы болады.

      42. Сәулелік диагностика бөлімшесі (кабинеті) қалалық емхананың рентгенологиялық кабинетті, УДЗ кабинетін қамтитын қосалқы-диагностикалық бөлімшесі болып табылады, тәжірибелі дәрігер-рентгенолог басқарады, ол өз жұмысында емхананың бас дәрігеріне немесе оның медицина бойынша орынбасарына бағынады.

      43. Сәулелік диагностика бөлімшесінің (кабинетінің) үй-жайлар жиынтығы санитарлық нормалармен және ережелермен айқындалады.

      44. Сәулелік диагностика бөлімшесі (кабинеті) жарақтандыру табеліне сәйкес жылжымалы аппараттармен қоса, жабдықтармен әрі аппараттармен жарақтандырылады.
      Флюорографиялық және өзге де аппараттарды емхананың басқа да құрылымдық бөлімшелеріне қоюға болады.

      45. Сәулелік диагностика бөлімшесінің (кабинетінің) негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) білікті рентгенодиагностикалық көмек көрсету, әрі соның ішінде көмектің диагностикалық мақсатында флюорографияны пайдалану;
      2) клиникалық диагноздар бар рентгенологиялық қорытындылардағы айырмашылықтарды анықтау және себептерін талдау;
      3) бөлімше (кабинет) жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштеріне жүйелі талдау жасау;
      4) еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі іс-шараларды өткізу.

      46. Функционалдық диагностика бөлімшесі (кабинеті) емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылады және науқасты дайындау және зерттеу жүргізу үшін жұмыс көлеміне және санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап беретін үй-жайлары, тиісті аппаратуралар жиынтығы мен қажетті дәрілік құралдары болады.

      47. Функционалдық диагностика бөлімшесінің (кабинетінің) міндеттері мыналар болып табылады:
      1) амбулаториялық науқастарға функционалдық зерттеулер жүргізу;
      2) тұрғындарды диспансерлеу кезінде функционалдық зерттеулер жүргізу;
      3) әртүрлі дерттерді ерте анықтау мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізу;
      4) науқастарды функционалдық тексеру жөнінде консультация беруді жүзеге асыру.

      48. Эндоскопия бөлімшесі (кабинеті) емхананың бағыныстылығын бас дәрігер белгілейтін қосалқы-диагностикалық құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Науқасты дайындау және зерттеу жүргізу үшін тиісті үй-жайы, эндоскопиялық аппаратуралары мен қажетті дәрілік құралдары болады.

      49. Эндоскопия бөлімшесі (кабинеті) ісікті және басқа да дерттерді уақытылы әрі тиімді диагностикалау мақсатында құрылады.

      50. Эндоскопия бөлімшесінің (кабинетінің) негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) асқазан-ішек жолдары, жоғары тыныс алу және бронх-өкпе жолдары ауруларын ерте диагностикалау мен диагнозды морфологиялық растау мақсатында эндоскопиялық әдістерді қолдану;
      2) өзге де диагностикалық әдістермен кешенде эндоскопиялық әдістерді ұтымды пайдалану;
      3) эндоскопиялық аппаратураны, құрал-саймандар мен жабдықты ұтымды пайдалану, оларды тиісті техникалық күтуді қамтамасыз ету;
      4) аса қатерлі топтарды профилактикалық қарау кезінде эндоскопиялық әдістерді пайдалану.

      51. Физиотерапия және емдік-дене шынықтыру бөлімшесі (кабинеті) емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылады. Емханада қалпына келтіріп емдеу бөлімшесі болған жағдайда ол оның құрамына кіреді.

      52. Физиотерапия және емдік-дене шынықтыру бөлімшесін (кабинетін) арнайы даярлықтан өткен білікті физиотерапевт-дәрігер басқарады.

      53. Физиотерапия және емдік-дене шынықтыру бөлімшесінің (кабинетінің) міндеттері:
      1) осы заманғы әдістерді қолдана отырып аурудың алдын алу және емдеу;
      2) физикалық әдістермен емдеудің қазіргі кездегі әдістерін кеңінен пайдалану жолымен ауруларды емдеу және алдын алу;
      3) басқа мамандық дәрігерлері белгілеген физиотерапевтік емшаралардағы қателіктерді талдау және физиотерапия саласында олардың біліктілігін арттыру болып табылады.

      54. Физиотерапия және емдік-дене шынықтыру бөлімшесінің (кабинетінің) жұмыс көлеміне, санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап беретін, сондай-ақ жабдықтар табеліне сәйкес жарақтандырылған үй-жайы болады.

      55. Физиотерапия және емдік-дене шынықтыру бөлімшесінің (кабинетінің) жұмысы кесте бойынша жүргізіледі, кестені жасау жауапкершілігі бөлімшенің (кабинеттің) меңгерушісіне жүктеледі.

Қалалық емхананың  
(қалалық аурухана  
емханасының) қызметі
туралы ережеге   
қосымша      

Емхананың шамамен алғандағы ұйымдастырушылық құрылымы

      1. Тіркеу орны
      2. Алдын алу бөлімшелері:
      1) дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті
      2) тексеру кабинеті
      3) диспансерлеу кабинеті
      4) егу кабинеті
      5) салауатты өмір салты (СӨС) кабинеті
      6) алдын алу тексерулері кабинеті
      3. Медициналық статистика бөлімшесі(кабинеті)
      4. Емдеу-диагностика бөлімшелері
      1) терапиялық бөлімше (балалар консультациясы):
      учаскелік қызмет
      жасөспірімдерді қабылдау кабинеті
      пульмонологтың кабинеті
      кардиологтың (кардиоревматолотың) кабинеті
      эндокринологтың кабинеті
      диабеттік аяқ басы кабинеті
      гастроэнтерологтың кабинеті
      невропотологтың кабинеті
      жұқпалы аурулар кабинеті
      дерматовенерологтың кабинеті*
      психиатрдың (психотерапевтің) кабинеті*
      наркологтың кабинеті*
      аллергологтың кабинеті**

      2) хирургиялық бөлімше (амбулаториялық хирургия және травматология орталығы)
      хирургтың кабинеті
      уролотың кабинеті
      травматолог-ортопедтің кабинеті
      офтальмологтың кабинеті
      оториноларингологтың кабинеті
      онкологтың кабинеті*
      процедура кабинеті
      таңу кабинеті
      гипстеу кабинеті

      3) әйелдер консультациясы (ол болмаған жағдайда дербес әйелдер консультациясы)

      4) диагностика бөлімі:
      сәулелік диагностика бөлімшесі (рентген- және флюорографиялық кабинеттер, томографиялық зерттеу кабинеті, ультрадыбыстық диагностика және басқалар)
      клиникалық-диагностикалық зертхана (клиникалық
      -биохимиялық, бактериологиялық, серологиялық зерттеулер)
      функционалдық диагностика бөлімшесі (кабинеті)
      эндоскопия бөлімшесі(кабинеті)
      5) физиотерапия бөлімшесі және ЕФК
      6) күндізгі стационар және үйдегі стационар
      7) әкімшілік-шаруашылық бөлімі

      * Бейіндік диспансерлер болмаған жағдайларда-дерматовенерологтың, психиатрдың, наркологтың, онкологтың кабинеттері.
      ** Аллергологтың кабинеті қызмет көрсетілетін аудандардың емханаларының бірінде ашылады.

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрлігінің
2003 жылғы 10 қазандағы   
N 737 бұйрығымен бекітілген  

Отбасылық дәрігерлік амбулаторияның
қызметі туралы ереже

      1. Отбасылық дәрігерлік амбулатория (бұдан әрі - амбулатория) емдеу-алдын алу ұйымы болып табылады, жеке ұйым болуы мүмкін немесе емхананың құрамына енеді.

      2. Амбулатория белгіленген тәртіппен ұйымдастырылады. Амбулаторияға бекітілген халық контигенті мен санын тиісті денсаулық сақтау органы белгілейді. Амбулатория қызмет көрсету аумағында немесе оған жақын жерде орналасады.

      3. Амбулатория Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, осы ережені есепке ала отырып, жоғары денсаулық сақтау органдарының бұйрықтары мен өкімдеріне және Жарғыға сәйкес қызмет етеді.

      4. Емханада осы ережеге "Қалалық емхананың шамамен алғандағы ұйымдастырушылық құрылымы" деген қосымшасына сәйкес құрылымдық бөлімшелер құрылады.
      Белгіленген тәртіппен арнайы дайындығы бар жалпы практика/отбасы медицинасы дәрігері мен дипломға сертификат дәрігерлік лауазымдардың негізгі құрылымдық бірлігі болып табылады.

      5. Амбулаторияның негізгі міндеттері:
      1) тікелей амбулаториялар мен үйге бекітілген дәрігерлік ауруханадан тыс көмек көрсету;
      2) жарақаттанушылықты және аурушаңдықты, оның ішінде халық арасындағы паразиатарлық және кәсіби ауруларды төмендету және алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
      3) ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі емдеу-алдын алу іс-шараларын жүргізу;
      4) практикаға осы заманғы әдістерді және аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу құралдарын, амбулаториялық-емханалық мекемелердің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін енгізу болып табылады.

      6. Осы міндеттерге сәйкес амбулаторияға:
      1) үйде науқастарды амбулаториялық қабылдауды жүргізу және көмек көрсету;
      2) жіті ауру кезінде және бақытсыздыққа ұшыраған жағдайда (жарақаттар, уланулар және т.б.) және медициналық көрсеткішіне сәйкес өзге де емдеу-алдын алу ұйымдарына науқастарды жіберуді қамтамасыз ету көрсеткіштері кезінде;
      3) ерте анықталған аурулар, науқастарды осы заманғы амбулаториялық тексеру мен емдеу, стационарлық емдеуге мұқтаж науқастарды анықтау және оларды ауруханаға жатқызу үшін дайындау;
      4) науқастарды тексеру және емдеуде стационармен, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмекпен сабақтастықты қамтамасыз ету;
      5) уақытша жарамсыздығын сараптау және еңбекке жарамсыздығы парағын беру жөніндегі жұмыс;
      6) мүгедектік мәселесін шешу үшін белгіленген тәртіпте еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалтқан адамдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органына жіберу;
      7) диспансерлеуге жататын адамдарды (дені саулар мен науқастар) алдын алу медициналық тексеруді жүргізу, олардың денсаулық жағдайын динамикалық байқауын қамтамасыз ету, емдік-сауықтыру іс-шараларын жүргізу;
      8) ана мен бала денсаулығын қорғау; V075104
      9) кешендік санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды ( алдын алу екпелерін және т.б.) жүргізу;
      10) белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемилогиялық станцияларды жұқпалы аурулар, паразиттік және кәсіби аурулар, халықтың улануы және анықталған санитарлық-гигиеналық талаптарды бұзушылық туралы хабарлау жүктеледі.

      7. Амбулаторияны медициналық жабдықтармен, аппараттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және аспаптармен, қатты мүккәмалдармен және шаруашылық мүліктермен жарақтандыру бекітілген нормативке сәйкес белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      8. Жеке амбулатория заңды тұлға құқығына ие болады, атауы толық көрсетілген дөңгелек мөрі және мөртаңбасы, фирмалық бланкі болады.

      9. Амбулатория белгіленген тәртіпте өзінің жұмысы туралы жоспары мен есебін жасайды және ұсынады, есепке алу құжаттарын жүргізеді.

      10. Амбулаторияның қызметіне басшылықты денсаулық сақтау органы тағайындайтын және босататын аға дәрігер (аудандық орталық аурухананың бас дәрігері) жүзеге асырады.

Отбасылық дәрігерлік 
амбулаторияның қызметі
туралы ережеге қосымша

Отбасылық дәрігерлік амбулаторияның
шамамен алғандағы ұйымдастырушылық құрылымы

___________________________________________________________________
N    |
___________________________________________________________________
1.    Дәрігерлік қабылдау кабинеті (жалпы практика
      дәрігері/отбасылық дәрігері)
2.    Стоматологиялық кабинет
3.    Жұқпалы аурулар кабинеті (изолятор)
4.    Кіші операция бөлмесі
5.    Таңу кабинеті
6.    Егу кабинеті
7.    Ем-шара кабинеті (таза)
8.    Ем-шара кабинеті (таңу)
9.    Физиотерапиялық кабинет
10.   Медициналық статистика кабинеті
11.   Дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті
12.   Функционалдық диагностика кабинеті
13.   Салауатты өмір салты кабинеті
14.   Гинекологиялық қабылдау кабинеті
15.   Тіркеу орны
16.   Зертхана
17.   Күндізгі стационар
18.   Дәріханалық киоск
___________________________________________________________________

Қалалық емханаларға арналған медициналық
жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен
жарақтандырудың ең аз нормативі

___________________________________________________________________
N   |          Жабдықтардың атауы                     |   Саны
___________________________________________________________________
        Клиникалық және биохимиялық зерттеулерге арналған
___________________________________________________________________
1.   Термостат                                             1
2.   Суырмалы шкаф                                         2
3.   Центрифуга                                            2
4.   Термомонша                                            2
5.   Фотокалориметр                                        2
6.   Ионометр                                              1
7.   Горячев камерасы                                      5
8.   Прецензионды таразы                                   1
9.   Рефрактометр                                          1
10.  Бинокулаярлы микроскоп                                3
11.  Дистиллятор                                           1
12.  Гемогобинометр                                        1
13.  Кварцтық сәулелеуіш                                   1
14.  Тоңазытқыш                                            2
15.  Автоклав                                              1
16.  Құрғақ ауа стерилизаторы                              1
17.  Тоңазытқыш                                            1ч
___________________________________________________________________

Фтизиотерапияға арналған

___________________________________________________________________
1.   Ингалятор                                             3
2.   УГН-сәулелеуіш                                        1
3.   УВЧ аппараты                                          2
4.   "Ампплимпульс" аппараты                               1
5.   УЗТ аппараты                                          1
6.   "Тонус" аппараты                                      1
7.   "Полюс" аппараты                                      1
8.   ИКВ аппараты                                          1
9.   "Солюкс" аппараты                                     2
10.  "Искра" аппараты                                      1
11.  "Волна" аппараты                                      1
___________________________________________________________________

Функционалдық диагностикаға арналған

___________________________________________________________________
1.   ЭХО кардиограф                                        1
2.   Көп арналы электрокардиограф                          3
3.   Кардиографиялық велоэргометриялық кешен               1
4.   Реограф                                               1
5.   Спирограф                                             2
6.   УДЗ аппараты                                          2
___________________________________________________________________

Флюорографияға арналған

___________________________________________________________________
1.   Стационарлық рентгенодиагностикалық аппарат           1
2.   Маммографиялық тіркеуі бар флюорографиялық аппарат    1
3.   Негатоскоп                                            2
4.   Пленкілерді өңдейтін бак                              2
5.   Түсірілгендерді кептіру шкафы                         1
6.   Қызметкерлердің қорғаныш құралдары                    1
___________________________________________________________________

Эндоскопияға арналған

___________________________________________________________________
1.   Фиброгастродуоденоскоп                                2
2.   Кварцтық сәулелеуіш                                   1
3.   Ректороманоскоп                                       1
4.   Фиброколопоскоп                                       1
5.   Бронхоскоп                                            1
___________________________________________________________________

Жалпы дәрігерлік қабылдауға (хирург, травматолог,
лор, окулист, невропатолог, пульмонолог, ревматолог,
уролог, кардиолог, акушер-гинеколог, педиатр, тіс
дәрігері кабинеті) арналған

___________________________________________________________________
1.   Амбулаториялық көмек үшін шағын хирургиялық
     жиынтық                                               3
2.   Офтальмоскоп                                          2
3.   Жарығы бар көз жанарының өткірлігін
     анықтайтын кесте
     - ересектер үшін                                       1
     - балалар үшін                                        1
4.   Көздегі қан қысымын өлшейтін тонометр                 1
5.   Маңдай рефлекторы                                     2
6.   Жұтқыншақты тексеретін жарық беруші қарындаш          2
7.   Неврологиялық балға                                   2
8.   Ересектерге арналған едендік таразы                   1
9.   Жаңа туған нәрестелерге арналған таразы               1
10.  Бала орайтын үстел                                    1
11.  Гинекологиялық кресло                                 1
12.  Кушетка                                               1
13.  Шағын гинекологиялық жиынтық                          1
14.  Құрал-саймандар үстелі                                1
15.  Гипстік қысқыштар жиынтығы                            1
16.  Ересектерге арналған бой өлшегіш                      1
17.  Қол динамометрі                                       1
18.  Өлшегіш лента                                         3
19.  Балаларға арналған фонендоскопты тонометр             4
20.  Ересектерге арналған фонендоскопты тонометр           4
21.  Бактерицидты сәулелеуіш                               3
22.  Электрлік стерилизатор                                3
23.  Дистиллятор                                           1
24.  Құрғақ қыздыру (стерилизациялау) шкафы                1
25.  Дез. ерітінді (Na гипхлоридін) дайындауға
     арналған аспап                                        1
26.  Стоматологиялық кресло                                2
27.  Таңу үстелі                                           2
28.  Тегістегіш                                            2
29.  Негатоскоп                                            1
30.  Бормашина                                             2
___________________________________________________________________

Иммундық алдын алуға арналған

___________________________________________________________________
1.   Аллергендер жиынтығы                                  5
2.   Дәрі-дәрмектерге арналған шкаф                        1
3.   Кушетка                                               2
4.   Суырмалы шкаф                                         1
5.   Тоңазытқыш                                            1
___________________________________________________________________

Процедуралық және егу кабинеттеріне арналған

___________________________________________________________________
1.   Кварцтық шам                                          3
2.   Дәрі-дәрмектерге арналған шкаф                        1
3.   Суырмалы шкаф                                         1
4.   Кушетка                                               2
5.   Тоңазытқыш                                            1
___________________________________________________________________

Отбасылық дәрігерлік амбулаторияға арналған медициналық
жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен
жарақтандырудың ең аз нормативі

___________________________________________________________________
N   |                                                 |   Саны
___________________________________________________________________
1.   Гинекологиялық кресло                                 1
2.   Бактериялық сәулелегіш                                3
3.   Электрлік стерилизатор                                3
4.   Дистиллятор                                           1
5.   Құрғақ қыздыру (стерилизациялау) шкафы                1
6.   Дез.ертінді дайындауға арналған аспап
     (Na гидрохлориды)                                     1
7.   Ветоштар мен дез. ерітіндіге арналған шкаф            5
8.   Бүйрек тәрізді тазиктер                               10
9.   Бикстер (контейнерлер)                                5
10.  Дәрі-дәрмектерді сақтайтын сейф                       1
11.  ЖДК дәрігерінің шемоданы                              1
12.  Ересектерге арналған еден таразысы                    1
13.  Жаңа туған нәрестелер таразысы                        1
14.  Ересектерге арналған бой өлшегіш                      1
15.  Қол динамометрі                                       1
16.  Өлшегіш жолақ                                         3
17.  Балаларға арналған фонендоскопты тонометр             4
18.  Ересектерге арналған фонендоскопты тонометр           4
19.  Жамбас өлшегіш                                        1
20.  Акушерлік стетоскоп                                   3
21.  Сүт сорғыш                                            3
22.  Медициналық термометр                                 30
23.  Негатоскоп                                            1
24.  Электрлік ваккум-аспиратор (сорғыш)                   1
25.  Тасымалды жарық шамы                                  4
26.  Клизмалар (әртүрлі өлшемдердің кешені)                5
27.  Эсмарх кружкасы                                       2
28.  Асқазан зонты (жинақ)                                 3
29.  Резеңке грелка                                        2
30.  Мұзға арналған бөтелке                                2
31.  Бір рет қолдануға арналған катетерлар (жинақ)         12
32.  Сым шендеуіштер                                       10
33.  Жане шприцтері                                        6
34.  Металл шпательдер                                     50
35.  Автоматтандырылған фикциялы күре тамыр бұрауы         12
36.  Венаға құюға арналған штатив                          2
37.  Портативті ЭКГ аппараты                               1
38.  Дефибриллятор                                         1
39.  Пикфлуометр                                           5
40.  АИ-1 типті ультрадыбыстық ингалятор немесе
     небулайзер                                            2
41.  Отоскоп                                               3
42.  Офтальмоскоп                                          3
43.  Жарығы бар көз жанарының өткірлігін
     анықтайтын кесте
     - ересектер үшін                                      2
     - балалар үшін                                        2
44.  Маклаков тонометры (көздегі қан қысымын
     өлшейтін тонометр)                                    1
45.  Маңдай рефлекторы (Симановскийдің)                    3
46.  Жұтқыншақты тексеретін жарық беруші қарындаш          3
47.  Неврологиялық балға                                   3
48.  Амбулаториялық көмекке арналған хирургиялық
     шағын жиынтық                                         3
49.  Трахеостомиялық жиынтық                               1
50.  Интубацияға арналған жиынтық                          1
51.  Парацентезге арналған жиынтық                         1
52.  Босандыруға қабылдауға арналған жиынтық               1
53.  ЖІС енгізуге арналған жиынтық                         1
54.  Офтальмологиялық жиынтық                              1
55.  Оториноларингологиялық жиынтық                        1
56.  Дәрі-дәрмектерді сақтайтын тоңазытқыш                 2
57.  Кушетка                                               9
58.  Бала орайтын үстел                                    1
___________________________________________________________________