Қазақстан Республикасындағы ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының қызметі туралы 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 742 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5104 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 7 шілдедегі № 498 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.07.07  № 498 Бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 14-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасында   ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру, жүкті, босанатын, босанған әйелдерге, нәрестелерге және гинекологиялық сырқаттарға медициналық көмекке қолжетімділік пен оны көрсету сапасын арттыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1.   Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Перзентхана (бөлімше) туралы ереже;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Перинаталдық орталық (облыстық, қалалық) туралы ереже;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы туралы ереже бекітілсін.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің (басқармаларының) (келісім бойынша), республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрыққа сәйкес меншік нысанына қарамастан, Ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Исмаилов Ж.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет  министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т.Омаровқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Министр

      Қазақстан Республикасы    
      Денсаулық сақтау министрінің 
2007 жылғы 19 желтоқсандағы  
N 742 бұйрығына       
1-қосымша          

Перзентхана (бөлімше) туралы ереже  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже меншік нысанына қарамастан, перзентхана (бөлімше) қызметін ұйымдастыруды белгілейді.

      2. Перзентхана (бөлімше) қызметінің негізгі мақсаты әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде акушериялық-гинекологиялық көмек, сондай-ақ нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету болып табылады.

      3. Перзентахана мынадай міндеттерді атқарады:
      1) медициналық көмекті өңірлендіру принциптерін сақтай отырып, жоспарлы стационарлық акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсету;
      2) аумақтық принцип бойынша бастапқы медициналық-санитариялық қызмет ұйымдарымен, перинаталдық орталықтармен сабақтастық мәселесі жөнінде ынтымақтастық;
      3) бекітіліп берілген аумақта босандыру қызметін талдау және мониторингі;
      4) аналардың және перинаталдық өлім-жітім жағдайларын, жүктіліктің, босанудың, босанғаннан кейінгі кезеңдегі қатты асқыну және нәрестелердің ауыр сырқаттану жағдайларын талдау;
      5) медицина қызметкерлері үшін оқу семинарларын өткізу;
      6) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық деректерді талдау.

      4. Перзентхана (бөлімше) жеке денсаулық сақтау ұйымы немесе көп бейінді денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде жұмыс істей алады.

      5. Перзентхана (бөлімше) аумақтық принцип бойынша көмек көрсетеді, бірақ сонымен бірге жүкті немесе сырқат әйел босандыру мекемесін қалауы бойынша таңдай алады.

      6. Перзентхана (бөлімше) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      7. Перзентхананың (бөлімшенің) ұсынылатын құрылымы:
      1) әйелдер консультациясы (дербес перзентхана үшін);
      2) акушериялық блок;
      3) анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі (босандыру бөлімшесіне арналған төсектер);
      4) нәрестелер бөлімшесі (босандыру бөлімшесіне арналған төсектер);
      5) гинекологиялық бөлімше;
      6) қосалқы және параклиникалық қызмет (дербес перзентханада);
      7) әкімшілік шаруашылық қызмет (дербес перзентханада).

      8. Жеке мемлекеттік медицина ұйымы ретінде құрылған перзентханаға басшылық етуді бас дәрігер жүзеге асырады, оны денсаулық сақтау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

      9. Медицина ұйымының құрылымында құрылған босандыру бөлімшесіне басшылық етуді бас дәрігердің орынбасары (бөлімше меңгерушісі) жүзеге асырады, оны осы ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

      10. Ұсынылатын жұмыс тәртібі:
      әйелдер консультациясы сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 8.00 -ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді;
      стационар жоспарлы түрде емдеуге жатқызуды сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жүзеге асырады;
      жүкті, босанатын, босанған әйелдерді және нәрестелерді қабылдау шұғыл түрде тәулік бойы жүзеге асырылады.  

  2. Перзентхананың (бөлімшенің) функциялары мен құрылымы

      11. Перзентхананың функциялары мыналар болып табылады:
      1) әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде стационарлық акушериялық-гинекологиялық көмек, нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету;
      2) ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алуды, диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыру;
      3) жүктілікті үзеді және жүктілікті үзуге байланысты медициналық көмек көрсету;
      4) әйелдерді санитариялық-гигиеналық нормалар, баланы емізу, отбасын жоспарлау, ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алу, аборт пен жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша оқыту;
      5) жүкті, босанатын, босанған, гинекологиялық сырқат әйелдерге және нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін оларды басқа денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу мақсатында медициналық айғақтарды айқындау;
      6) белгіленген тәртіппен уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізеді, әйелдердің жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағын береді, еңбек ету қабілетін тұрақты жоғалтқан әйелдерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу;
      7) әйелдердің, нәрестелер мен медицина қызметкерлерінің арасында ауруханаішілік жұқпалы аурулармен сырқаттанудың алдын алу мақсатында санитариялық-гигиеналық әрі індетке қарсы режимді ұйымдастырады және қамтамасыз ету;
      8) әйелдердегі акушериялық асқынулардың және ауыр экстрагениталдық аурулардың, нәрестелердің сырқаттану себептерін талдауды жүргізу;
      9) ана өлімі мен перинаталдық өлім-жітімнің статистикалық мониторингін және себептерін талдауды жүзеге асыру;
      10) нәрестелердің вакцинопрофилактикасын қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен оларды тұқым қуалайтын ауруларға тексеруді жүргізу;
      11) әйелдер мен нәрестелер перзентханада болған кезеңде олардың тамақтануын ұйымдастыру;
      12) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен, сондай-ақ басқа да медициналық ұйымдармен (туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, онкологиялық диспансерлермен, ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарымен, жұқпалы аурулар стационарларымен және басқа) ынтымақтасу;
      13) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу.

      12. Перзентхананың (бөлімшенің) құрылымын басқару органы бекітеді.

      13. Перзентхананың (бөлімшенің) құрылымы:
      1) қабылдау бөлімі;
      2) босандыру бөлімшесі:
      жеке босану палаталары;
      материалдар бөлмесі;
      шағын операция бөлмесі;
      ана мен бала палаталары;
      ана мен баланың оқшауланған палаталары;
      манипуляция бөлмесі;
      емшара кабинеті;
      шығару бөлмесі;
      3) операциялық блок:
      операция бөлмесінің кіреберісі;
      операциялық акушерлік;
      материалдар бөлмесі;
      қызметкерлердің операцияға дайындалуына арналған бөлме;
      4) жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі:
      жүкті әйелдер палаталары;
      тексеру бөлмесі;
      емшара бөлмесі;
      5) нәрестелер бөлімшесі:
      нәрестелерге арналған қарқынды терапия және реанимация бөлімшесі (палата);
      емшара кабинеті;
      егу кабинеті;
      6) жүкті, босанған және операциядан кейінгі гинекологиялық сырқат әйелдерге арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі (палаталар);
      7) гинекологиялық бөлімше:
      гинекологиялық сырқаттарды қабылдау бөлімі;
      гинекологиялық сырқаттар палаталары;
      тексеру бөлмесі;
      гинекологиялық сырқаттарға операция жасау бөлмесі;
      емшара бөлмесі;
      дербес перзентханалар үшін;
      8) клиникалық-диагностикалық зертхана;
      9) функциялық диагностика кабинеті;
      10) физиотерапиялық кабинет;
      11) рентгенологиялық кабинет;
      12) орталықтандырылған стерильдеу бөлімшесі;
      13) әкімшілік-шаруашылық бөлімше (әкімшілік, тамақтану блогы, бухгалтерия, кадр бөлімі, жабдықтау бөлімі, дәріхана, кір жуатын бөлме). 

     Қазақстан Республикасы    
      Денсаулық сақтау министрінің 
2007 жылғы»19 желтоқсандағы  
N 742 бұйрығына       
2-қосымша         

Облыстық, қалалық перинаталдық орталық туралы ереже 1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Ереже жеке денсаулық сақтау ұйымы болып табылатын облыстық, қалалық деңгейдегі   перинаталдық орталықтың (бұдан әрі - Перинаталдық орталық) қызметін ұйымдастыруды белгілейді.

      2. Перинаталдық орталық 300 мың және одан көп халқы бар аумақта ұйымдастырылады. Төсектік қуаты өңірдің қажеттілігіне байланысты айқындалады.

      3. Перинаталдық орталық қызметінің негізгі мақсаты өңірде мамандандырылған акушериялық, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсету болып табылады.

      4. Перинаталдық орталық мынадай міндеттерді атқарады:
      1) жүктілік, босану кезінде көмек көрсету тактикасын таңдау үшін қауіпті топқа консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ медициналық көмек көрсету деңгейін айқындайды;
      2) аналардың және перинаталдық сырқаттану бойынша қауіпті топқа стационарлық акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсетеді;
      3) мерзімінен бұрын босанған әйелдерді емдейді;
      4) сырқат нәрестелерді оңалту шараларын жүргізеді, шала туған нәрестелерді күтіп-бағады;
      5) өңірдің бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен және перзентханалармен (бөлімшелермен) ынтымақтасады;
      6) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері жөнінде семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізеді;
      7) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтерде диагностика мен емдеу хаттамаларын әзірлеуге қатысады және оларды енгізеді;
      8) телекоммуникацияның ақпараттық-талдау жүйесін пайдалана отырып, нәрестелерге медициналық көмек көрсету жөнінде консультациялар өткізеді;
      9)»өзара байланыс» принципі бойынша республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен ақпарат алмасады;
      10) жүктіліктің, босану мен босанғаннан кейінгі кезеңдегі асқыну ағымынан кейінгі әйелдерді оңалтуды жүргізеді.

  2. Перинаталдық орталықтың функциялары 

            5. Перинаталдық орталықтың функциялары мыналар болып табылады:
      1) қазіргі заманғы емдік-диагностикалық технологияны пайдалану негізінде көбіне қауіпті топтағы жүкті, босанатын және босанған әйелдерге және нәрестелерге, сондай-ақ ұрпақты болу функциялары бұзылған әйелдерге консультациялық-диагностикалық емдік және оңалту көмегін көрсету;
      2) қауіпті топтағы жүкті әйелдермен жоспарлы консультация жүргізеді, емдеуге жатқызу кезеңділігінің, уақтылығының және босанғаннан кейінгі кезеңде оңалту қажеттігінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      3) қарқынды терапияны қажет ететін жүкті, босанатын және босанған әйелдерге және нәрестелерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз ету;
      4) нәрестелерге, оның ішінде салмағы аз және өте аз нәрестелерге реанимациалық көмек пен қарқынды терапиялық көмек көрсету;
      5) өңірдің акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық қызметтерінің негізгі көрсеткіштерінің статистикалық деректерін жинап, талдау;
      6) белгіленген тәртіппен уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізеді, әйелдердің жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағын беру, еңбек ету қабілетін тұрақты жоғалтқан әйелдерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу;
      7) әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге барып көмек көрсету (анестезиологиялық-реанимациялық, акушериялық-гинекологиялық, неонатологиялық) нысанын ұйымдастыру;
      8) өз қызметінде ана өлімін және перинаталдық аурулар мен өлім-жітімді азайтуға, әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған алдын алудың, диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әрі тиімді медициналық технологияларын пайдалану;
      9) акушериялық, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетудің сапасын сараптауды жүргізу;
      10) әртүрлі патологиялары бар нәрестелерді күтіп-бағудың нәтижелері туралы деректерді жүйелеу;
      11) әйелдерге медициналық-психологиялық көмек көрсету;
      12) дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің перинаталдық көмек көрсету мәселелері бойынша кәсіби даярлығын арттыруды, акушерияның, гинекология мен перинатологияның өзекті мәселелері жөнінде конференциялар/кеңестер өткізуді қоса алғанда, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты, сондай-ақ жергілікті жерлерде мастер-кластар өткізуді жүзеге асыру;
      13) перинаталдық көмек, ана болу қауіпсіздігі, ұрпақты болу денсаулығы мәселелері бойынша халыққа арналған қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. 

  3. Перинаталдық орталықтың ұсынылатын құрылымы  

      6. Перинаталдық орталық бірыңғай әкімшілік бағыныстағы бірнеше блоктардан тұрады:
      1) консультациялық-диагностикалық блок (емхана):
      тіркеу орны;
      экстрагениталдық аурулары бар жүктілігі үзілмеген әйелдерге арналған кабинеттер;
      жатыр мойнының патологиясы кабинеті;
      гинеколог-эндокринолог кабинеті;
      отбасын жоспарлау кабинеті;
      терапевт, эндокринолог, стоматолог, балалар гинекологы және басқа мамандар (невропатолог, нефролог, кардиолог...) кабинеттері;
      медициналық-генетикалық консультация кабинеті, ал жаңадан ашылған/салынып жатқан перинаталдық орталықтарда медициналық-генетикалық консультацияны орналастыруға болады;
      жүкті әйелдерді және оның отбасын босануға, босану кезінде бірге болуға физиопсихопрофилактикалық даярлау кабинеттері;
      әйелдерге медициналық-психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кабинеттері;
      емшара кабинеті;
      шағын операция бөлмесі;
      динамикалық қадағалау мен оңалтуды қажет ететін нәрестелердің амбулаториялық бөлімшесі (кабинеті);
      физиотерапиялық бөлімше/кабинет;
      функциялық диагностика бөлімшесі (кабинеті);
      зертханалар (операциялық және басқа да бөлмесі бар клиникалық, микробиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, перинаталдық диагностикалау);
      рентгенологиялық кабинет;
      күндізгі стационарға арналған үй-жайлар;
      2) акушериялық блок:
      қабылдау-диагностикалық бөлімшесі (тексеру бөлмесі, шұғыл көмек көрсету палатасы, емшара кабинеті, ультрадыбыстық және функциялық диагностика кабинеті);
      жүкті әйелдердің патологиясы бөлімшесі (палаталар жинағы, манипуляция жасау бөлмесі, тексеру бөлмесі, емшара кабинеті, кездесу бөлмесі);
      босану бөлімшесі (жеке босану палаталары, материалдар бөлмесі, шағын операциялық бөлме, манипуляция жасау бөлмесі);
      босану бөлімшесінің операциялық блогы;
      трансфузиология кабинеті;
      жүкті, босанатын және босанған, гинекологиялық сырқат әйелдерге арналған реанимация және қарқынды терапия палаталары, гемотүзету және эфферентті терапия (гемодиализ) әдістеріне арналған кабинеттері бар анестезиология-реанимация бөлімшесі;
      босанғаннан кейінгі ана мен бала бөлімшесі;
      босанғаннан кейінгі ана мен баланың оқшауланған палаталары;
      кездесуге арналған бөлме;
      шығару бөлмесі;
      3) педиатриялық блок:
      нәрестелердің реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі;
      қарқынды терапия палаталары бар нәрестелер патологиясы және салмағы аз нәрестелерді 2-ші кезеңде күтіп-бағу бөлімшесі;
      манипуляция жасау бөлмесі;
      емшара кабинеті;
      егу кабинеті;
      сүт бөлмесі;
      келушілерге арналған бөлме;
      физиотерапиялық кабинет;
      ультрадыбыстық диагностика кабинеті;
      шығару бөлмесі;
      4) гинекологиялық бөлімше:
      қабылдау бөлімі;
      палаталар;
      тексеру бөлмесі;
      манипуляция жасау бөлмесі;
      шағын операциялық бөлме;
      емшара бөлмесі;
      таңу кабинеті;
      операциялық блок;
      кездесуге арналған бөлме;
      шығару бөлмесі;
      5) ұйымдастыру-әдістемелік бөлім;
      6) әкімшілік-шаруашылық және қосалқы қызметтер бөлімшесі (әкімшілік, бухгалтерия, экономикалық қызмет, кадр бөлімі, эпидемиологиялық қызмет кабинеті, жабдықтау бөлімі, тамақтану блогы, кір жуатын бөлме, техникалық қызмет, дәріхана, орталықтандырылған стерильдеу бөлмесі, анықтама бюросы, жұмылдыру дайындығы және ТЖ бөлімі, мұрағат, қойма үй-жайлары,  санавиация, гараж және басқалар).

      7. Ұсынылатын жұмыс тәртібі:
      консультациялық-диагностикалық емхана сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді;
      стационар жоспарлы түрде емдеуге жатқызуды сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырады;
      жүкті, босанатын, босанған әйелдерді және нәрестелерді шұғыл қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады.

           Қазақстан Республикасы    
      Денсаулық сақтау министрінің 
2007 жылғы»19 желтоқсандағы  
N 742 бұйрығына       
3-қосымша         

Ана мен баланы қорғау саласында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымы туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже жеке заңды тұлға ретінде құрылған және ана мен баланы қорғау саласында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ЖММК ұйымы) жұмыс тәртібін айқындайды.

      2. ЖММК - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын диагностикалау мен емдеудің жаңа технологияларын пайдалануды қажет ететін аурулар кезінде азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек.

      3. ЖММК көрсететін денсаулық сақтау ұйымының қызметін үйлестіруді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      4. ЖММК көрсетуді уәкілетті орган құратын ЖММК жөніндегі орталық комиссия үйлестіреді.

      5. ЖММК көрсететін денсаулық сақтау ұйымы жұмысының негізгі мақсаты диагностикалау мен емдеудің, оңалтудың жаңа, күрделі және қымбат тұратын әдістерін пайдалануды қажет ететін аурулар болғанда емделушілерге жоғары мамандандырылған акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсету болып табылады.

  2. ЖММК көрсететін ұйымының негізгі міндеттері мен функциялары

      6. ЖММК көрсететін денсаулық сақтау ұйымының міндеттері:
      1) жүктілік, босану кезеңінде, гинекологиялық сырқат әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді емдеу тактикасын айқындау үшін қауіптілігі жоғары топқа консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуді жүзеге асырады;
      2) ЖММК көлемінде стационарлық акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсетеді;
      3) жаңа туған, оның ішінде дене салмағы аз және өте аз нәрестелерге реанимациялық әрі хирургиялық көмек көрсетеді және оларды қарқынды терапиямен емдейді;
      4) сырқат және шала туған нәрестелерді 2-ші кезеңде күтіп-бағады;
      5) перинаталдық диагностика жүргізеді;
      6) әйелдер мен балаларға оңалту көмегін көрсетеді;
      7) акушериялық, гинекологиялық, перинаталдық көмек көрсететін барлық ұйымдармен және құрылымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      8) ұқсас ЖММК орталықтарымен бірігіп жұмыс жүргізеді;
      9) акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық қызметтердің негізгі көрсеткіштерінің статистикалық деректерін жинайды және талдайды;
      10) республикадағы мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады;
      11) ана өлімі мен перинаталдық өлім-жітімді азайту, әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын жақсарту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
      12) оқыту нұсқауларын, әдістемелік ұсынымдарды шығарады;

      7. ЖММК көрсететін денсаулық сақтау ұйымының функциялары мыналар болып табылады:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін нозологиялар тізбесіне сәйкес әйелдерге жүктілік, босану кезеңінде, босанғаннан кейінгі кезеңде ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге жоғары мамандандырылған акушериялық-гинекологиялық көмек көрсету;
      2) көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыратын экономикалық тиімді әдістерді пайдалана отырып, қазіргі заманғы медициналық технологияны қолдану;
      3) инновациялық технологияларды әзірлейді және оларды практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу;
      4) барлық деңгейлердегі медицина ұйымдарында жүкті, босанған әйелдерге және нәрестелерге консультациялық медициналық көмек көрсету;
      5) ана мен баланы қорғау ұйымдарында инфекциялық бақылау бағдарламаларын іске асыруды үйлестіреді және мониторинг жүргізу;
      6) әйелдер мен нәрестелерге медициналық көмек көрсетудің сапасын клиникалық-сараптамалық бағалау мониторингін жүргізу;
      7) ана өлімі, перинаталдық және гинекологиялық аурулар мен өлім-жітім себептерінің статистикалық мониторингі мен талдауды жүзеге асыру;
      8) жаңа туған нәрестелер мен балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын патологиясын тексеру мониторингін жүргізу;
      9) мамандандырылған медициналық ұйымдармен бірлесіп, ана мен баланы қорғау саласындағы медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында сабақтастықты жүзеге асыру;
      10) әйелдер мен нәрестелерге медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері жөнінде форумдар, семинарлар, мастер-кластар ұйымдастырады және өткізу;
      11) әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру үшін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  3. ЖММК ұйымының ұсынылатын құрылымы мен бөлімшелері

      8. ЖММК көрсететін ұйымның ұсынылатын құрылымы:
      1) консультациялық-диагностикалық блок;
      2) акушериялық блок;
      3) гинекологиялық блок;
      4) педиатриялық блок;
      5) зертханалық блок;
      6) ұйымдастыру-әдістемелік бөлім;
      7) әкімшілік-шаруашылық блогы.

      9. ЖММК ұйымының негізгі бөлімшелері:
      1) консультациялық-диагностикалық емхана;
      2) қабылдау-диагностикалық бөлімшесі;
      3) медициналық генетика зертханасы;
      4) цитология зертханасы;
      5) биохимия зертханасы;
      6) иммунология зертханасы;
      7) эндокринология зертханасы;
      8) клиникалық зертхана;
      9) бактериология және вирусология зертханасы;
      10) сәулелі диагностика бөлімшесі;
      11) ультрадыбыстық диагностика бөлімшесі;
      12) функциялық диагностика бөлімшесі;
      13) физиотерапиялық бөлімше;
      14) операциялық бөлімше;
      15) анестезиология және реанимация бөлімшесі;
      16) қабылдау бөлімшесі бар перзентхана блогы;
      17) эфференттік емдеу әдістері бөлімшесі;
      18) нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі;
      19) нәрестелер бөлімшесі;
      20) нәрестелер патологиясы бөлімшесі;
      21) шала туған нәрестелерді күтіп-бағу бөлімшесі;
      22) ана мен бала бөлімшесі;
      23) ана мен баланың оқшауланған палаталары;
      24) жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі;
      25) қан қызметі;
      26) балаларға арналған гинекологиялық кереуеттері бар гинекология бөлімшесі;
      27) ұрпақты болудың қосалқы технологиясы (ЭКБ) бөлімшесі;
      28) ұйымдастыру-әдістемелік бөлім;
      29) информатика және патенттеу бөлімі;
      30) менеджмент және сапаны бақылау бөлімі;
      31) халықаралық ынтымақтастық бөлімі;
      32) орталықтандырылған стерильдеу бөлімі;
      33) патологоанатомиялық бөлімше;
      34) дәріхана;
      35) әкімшілік-шаруашылық қызмет.

      10. Ұсынылатын жұмыс тәртібі:
      1) консультациялық емхана сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді;
      2) стационар жоспарлы түрде емдеуге жатқызуды сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырады;
      3) 020/у-нысаны бойынша жүкті, босанатын, босанған әйелдерді, нәрестелерді қабылдау тәулік бойы жүргізіледі.