Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 705 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2530. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 796 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн:
      Әйтекенов Қайрат Медiбайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
      Тоқаев Ақбар Қуанышбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Жиынтық талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi
      Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi
      Ойнаров Азамат Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi
      Құсайынов Нұрлан Жетпiсұлы - "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы
       Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2004.07.26.  N 791 , 2005.03.19.  N 250 қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі