Шетел тілінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кеден мақсаттарында пайдалану туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2003 жылғы 16 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2274. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Пәкстан Ислам Республикасындағы Елшiлiгiн әкiмшiлiк орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының меншiгiне Исламабад қаласы, F-8/2 сектор, N 19 көше, N 10 үй мекен-жайы бойынша орналасқан жер телiмiн және ғимаратты (бұдан әрi - Жылжымайтын мүлiк) сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шет елдерде жылжымайтын мүлiк сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Жылжымайтын мүлiктi сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ақы төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 1090000 (бiр миллион тоқсан мың) АҚШ долларына баламалы сомада ақы төлеудi заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты түрде пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі