Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін құжаттарды ұсыну мен қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы N 147 бұйрығы. Қазақстан Республикпасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2227. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 15 шілдедегі N 147 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі орынбасарларының шекті саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Атырау" деген жолдағы "Оның ішінде әкімнің орынбасарлары (бірлік)" деген бағанда "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      "Жиыны" деген жолдағы "Оның ішінде әкімнің орынбасарлары (бірлік)" деген бағанда "65" деген сан "66" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі