Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2194. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі N 217 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.03.02 N 70 Қаулысымен .

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ  Заңына  сәйкес, облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы объектілерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттарын белгілеу туралы" облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 қарашадағы N 394  қаулысына  (облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 9 желтоқсанда N 739 санымен тіркелген, 2002 жылғы 21 желтоқсанда "Оңтүстік Қазақстан"»газетінде жарияланған N 159) өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті органдар болып белгіленсін:
      1) облыстық қаржы және коммуналдық меншік департаменті облыстық бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың өз шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беруі жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға;
      2) облыс қалалары мен аудандары әкімдері тиісінше қалалық және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Бурлаченкоға жүктелсін.

       Облыс әкімі