Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.13 № 1196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерiнде:
"Жүргiзушiлердiң жалпы мiндеттерi" деген 2-бөлімнің 2.3.5-тармағындағы "Мемлекеттiк тергеу комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
"Сыртқы жарықтандыру приборларын және дыбыстық сигналдарын пайдалану" деген 19-бөлiмнiң 19.4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"19.4. Жол полициясында тiркелмейтiн автокөлiк құралдарын, жабық аумақтарда пайдаланылатын және жалпы пайдаланылатын жолдарда пайдалануға жатпайтын технологиялық көлікті, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының iшінде пайдаланылатын осы қожалықтардың автокөлiгiн, бетон және цемент тасушыларды қоспағанда, 22895-77 ГOCT бойынша М 2 , М 3 , N 2 , N 3 , О 2 , О 3 , О 4 санаттарындағы көлiк құралдарының бүйір және артқы жақтарының контурлары СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ P 41.104-2001-ге сәйкес жарық қайтарғыш материалдармен таңбалануы тиiс";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгі ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiнде:
8-тармақта:
сегiзiншi абзацтағы "тiк үшбұрыш түрiнде" деген сөздердің алдынан "ТУ-7100 РК 39044189-НПО-01-2001 талаптарына сай жарық қайтарғыш бетi бap" деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "жарықтық қайтару үстіңгі бетiмен" деген сөздерден кейiн "СТ РК ГОСТ Р 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтағы "24333-80 ГОСТ-тың" деген сөздер "24333-97 ГОСТ-тың" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"ТУ-7100 РК 39044189-НПО-01-2001 талаптарына сай, алдында және артында "Қауiптi жүк" белгiсi жоқ, қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарына.";
Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесiнде:
7.8-тармақ "болмауы" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"22895-77 ГOCT бойынша М 2 , М 3 , N 2 , N 3 , О 2 , О 3 , О 4 санаттарындағы көлiк құралдарын СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 талаптарына жауап беретiн жарық қайтарғыш материалдармен таңбалаудың".
2. Жарық қайтарғыш материалдармен автокөлiк құралдарын кезең-кезеңімен таңбалау мынадай мерзiмде жүргiзiлсiн:
1) 2003 жыл iшiнде - автокөлiк құралдарының (автоцистерналар) санаты мен түрiне қарамастан, қауiптi жүктер таситын автокөлiк құралдары;
2) 2004 жылдың І жарты жылдығы iшiнде - жүк тасуға арналған қозғалтқышы бар М 3 , N 2 және N 3 санаттарындағы автокөлiк құралдары (жүк автомобильдерi, сүйретпе-автомобильдер, сондай-ақ қондырғылар орнатылған олардың шассилері) және О 2 , О 3 , О 4 санаттарындағы қозғалтқышы жоқ автокөлiк құралдары (толық салмағы 3,5 тоннаға дейiн жететiн О 1 санаттағы тiркемелердi қоспағанда, тiркемелер және жартылай тiркемелер);
3) 2004 жылдың II жарты жылдығы iшiнде - рұқсат етiлген ең көп салмағы 5 тоннадан астам жолаушыларды тасуға арналған қозғалтқышы бар автокөлiк құралдары (жолаушылар және жүк-жолаушы автомобильдерi, олардың түрлерi, автобустар, жолаушы автопойыздары);
4) 2005 жылдан бастап - мемлекеттiк меншiктегi М 3 , N 2 , N 3 , О 2 , О 3 , О 4 санаттарындағы автокөлiк құралдары.
3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi 2005 және кейiнгi жылдарға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк меншiктегi үлкен ұзындықты және ауыр жүк көтергiш автокөлiкті жарық қайтарғыш материалдармен таңбалау бойынша iс-шаралар жүргiзуге бюджеттiк өтiнiмдерде қаражат көздесiн.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне 2005 жылдан бастап тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын қалыптастыру кезiнде жарық қайтарғыш материалдармен автокөлiк құралдарын таңбалау бойынша шығыстар көздеу ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi автокөлiк құралдарын жарық қайтарғыш материалдармен кезең-кезеңiмен таңбалау мерзiмдерiнiң сақталуына бақылау орнатсын.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулының қабылдануы туралы шет мемлекеттерге хабарлауды қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі