2002 жылғы 16 қазандағы мемлекеттік тіркелімі N 2012 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығына N 8 өзгерістер мен толықтырулар енгізу т

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2184. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-iздестiру институты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінің "Қазагромелиосушар" республикалық әдiстемелік орталығы" мемлекеттік мекемесi" (бұдан әрi - Мекеме) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi суландыру жүйелерi жай-күйінің мониторингін жүргiзу, суармалы телiмдердiң құрылысын жобалауды жүзеге асыру, нормативтiк әдiстемелік құжаттар әзiрлеу болып белгiленсiн.

      3. Мекеме штат санының лимитi 23 бiрлiк санында бекiтiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) Мекеменің жарғысын бекiтсiн;
      2) Мекеменің әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі