Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы N 172, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 598 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2068. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 297 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 503 бірлескен бұйрығымен

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 105 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      1-тармақта "1 283 400 мың теңге (бір миллиард екі жүз сексен үш миллион төрт жүз мың теңге)" деген сөздер "1 283 132 мың теңге (бір миллиард екі жүз сексен үш миллион бір жүз отыз екі мың теңге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтың кестесінде:
      "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағандағы "266" деген сан "265" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі