"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 мамыр N 572

      "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі нормативтік құқықтық кесімді әзірлесін және қабылдасын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (келісім бойынша) бірлесіп, алты ай мерзімде бағалау қызметі субъектілерінің жылжымалы мүлікті (санаткерлік меншік объектілерінен басқа) бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлесін және қабылдасын;
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігімен, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (келісім бойынша) бірлесіп, алты ай мерзімде бағалау қызметі субъектілерінің жылжымайтын мүлікті (мүлік кешендері ретіндегі кәсіпорындардан басқа) бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлесін және қабылдасын;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша алты ай мерзімде бағалау қызметі субъектілерінің санаткерлік меншік объектілерін және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлесін және қабылдасын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесіп, алты ай мерзімде бағалау қызметі субъектілерінің мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлесін және қабылдасын;
      алты ай мерзімде бағалау қызметі субъектілерінің бағалау жөніндегі жұмыстардың орындалу сапасына, бағалаудың пайдаланып жүрген қағидаттарына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлесін және қабылдасын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі