"Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" N 2068 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы N 172 және Қазақстан Респ

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2004 жыл 1 қыркүйектегі N 250, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2004 жыл 10 қыркүйектегі N 349 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3102. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 297 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 503 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.08.26 № 297 және ҚР Қаржы министрінің 2011.10.05 № 503 бірлескен бұйрығы.

      Бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:

      1. "Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" N 2068 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы N 172 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 598 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жылы N 3 771-құжат) бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген, Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережеде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетілуі тиіс:
      1) бағалаушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
      2) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмірі мен берілген күні;
      3) айқындалатын құнның түрі;
      4) есеп жасау күні және бағалау күні;
      5) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері мен сипаттамасы;
      6) бағалау кезінде пайдаланылатын бағалау тәсілдері мен бағалау әдістері;
      7) бағалау кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары;
      8) олардың алу көздері көрсетілген, бағалау кезінде пайдаланылатын нақты деректер;
      9) есеп негіздемесі;
      10) бағалау нәтижесі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бағалау туралы есеп тапсырыс берушінің талаптарымен белгіленген не бағалаудың нәтижесіне толықтай немесе бір жақты түсінік беру үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.";

      8-тармақ алынып тасталсын;

      9-тармақта:
      бірінші абзацта "Толық нысанда жасалған" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "4) есеп жасау күні.";
      мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      "4) бағалау кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары және басқа нормативтік құқықтық актілер.";

      10-тармақта:
      мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
      "10. Алғашқы парақтан басқа, мүлікті бағалау есептің парақтары нөмірленген, тігілген және орындаушы-бағалаушының қолы қойылған болу керек.";

      12-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының     
      Әділет министрі  

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі