Саяси партия мүшелері тізімінің нысанын бекіту туралы

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2002 жылғы 19 шілдедегі N 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 30 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1933. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 32 Бұйрығымен.

      Мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногын тұрақтандыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегi Z952368_ Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештiк отыннан басқа, дизель отынын (ТМД СЭҚ TH коды 2710 00 610 - 2710 00 690) әкетуге 2002 жылғы 1 қарашаға дейiн тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге Қазақстан Республикасының

тыйым салу енгiзгендiгi туралы хабардар етсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
     5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі 
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б