"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 32 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 31 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5613 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 184 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 42-ө Өкімін жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4625 болып енгізілген 2007 жылғы 11 шілдедегі N 104 (1133) "Заң газетінде" жарияланған) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен 2008 жылғы 28 шілдедегі N 235 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5294 болып енгізілген 2008 жылғы 3 қазанда N 151 (1551) "Заң газетінде" жарияланған), "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен 2008 жылғы 13 қазандағы N 273 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5340 болып енгізілген 2008 жылғы 5 желтоқсанда N 186 (1586) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):

      мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. Саяси партияны құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті тіркеуші органға "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, сонымен қатар осы нұсқаулықтың 45-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарламаны табыс етеді:

      1) осы нұсқаулықтың 46-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашы тобының тізімін және ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтерді;

      2) ұйымдастыру комитетінің құрылу мақсаты, саяси партияның болжалды атауы, орналасқан жері, ұйымдастыру комитетінің ақшасы мен өзге де мүлкін қалыптастыру мен пайдаланудың болжалды көздері, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің қаражатын қалыптастыру үшін есеп айырысу шотын ашуға және оның қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға уәкілеттік берілген ұйымдастыру комитетінің мүшесі туралы мәліметтер көрсетілген ұйымдастыру комитеті жиналысының хаттамасы.

      Тіркеуші орган хабарламаны және осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған құжаттарды, алған күні ұйымдастыру комитетінің уәкілетті адамына осы Нұсқаулықтың 47-қосымшасына сәйкес олардың табыс етілгенін растайтын құжатты береді.

      6-2. Саяси партияны тіркеу барысында осы Нұсқаулықтың 48-қосымшасына сәйкес нысандағы электрондық және қағаз жеткiзгiштегi саяси партия мүшелерiнiң тiзiмдерi табыс етiледi.";

      Нұсқаулыққа 1-қосымшаның 1-тарауындағы 10) тармақшаның Ескертудегі "елу мың" деген сөздер "қырық мың" деген сөздермен ауыстырлсын, "жетi жүз" деген сөздер "алты жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Осы бұйрықтың 1-4 қосымшаларына сәйкес 45-48 қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Саяси партия мүшелері тізімінің нысанын бекіту туралы" 2002 жылғы 19 шілдедегі N 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 1933 болып енгізілген 2002 ж., N 34, 671-құжат Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2002 жылғы 19 шілдедегі N 175 "Саяси партия мүшелері тізімінің нысанын бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2002 жылғы 12 тамыздағы N 218 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 1949 болып енгізілген 2002 ж., N 34, 672-құжат Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған).

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

З. Балиева


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 32 бұйрығына 1-қосымша
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу
жөніндегі нұсқаулыққа
45-қосымша

Саяси партия құру ниеті туралы
ХАБАРЛАМА

      200 __ жыл "___" ___________ N _________

      "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес біз төменде қол қойғандар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетін саяси партия құру ниетіміз туралы хабарландырамыз

      ____________________________________________________________________:

      Ұйғарылған атауы

      1. __________________________________________;

      (Т.А.Ә.А., қолы)

      2. __________________________________________;

      (Т.А.Ә.А., қолы)

      3. __________________________________________;

      (Т.А.Ә.А., қолы)

      4. __________________________________________;

      (Т.А.Ә.А., қолы)

      5. __________________________________________;

      (Т.А.Ә.А., қолы)

      6. __________________________________________;

      (Т.А.Ә.А., қолы)

      7. __________________________________________;

      (Т.А.Ә.А., қолы)

      8. __________________________________________;

      (Т.А.Ә.А., қолы)

      9. __________________________________________;

      (Т.А.Ә.А., қолы)

      10. _________________________________________.

      Келесі құжаттар қосылады: _____________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 32 бұйрығына 2-қосымша
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу
жөніндегі нұсқаулыққа
46-қосымша

Саяси партияны құру бойынша ұйымдастыру комитеті мүшелері туралы мәліметтер

      20 ___ жыл "_____"

N

Тегі, аты, әкесінің аты

Туылған айы және жылы

Жеке басын куәландыратын құжат туралы немесе сәйкестендіру нөмірі жөніндегі мәліметтер

Тұрғылық жері, байланыс телефоны

Қолы

1.






2.






3.






4.






5.






6.






7.






8.






9.






10.






  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 32 бұйрығына 3-қосымша
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу
жөніндегі нұсқаулыққа
47-қосымша

Құжаттардың ұсынылғандығы туралы
растама

      Осымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті ұйымдастыру комитетінің уәкілетті адамы ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      жеке басын куәландыратын құжат:______________________________________

      нөмірі, құжаттың берілген уақыты, кім берген

      табыс еткенін, ал тіркеуші орган 20 ___ жылдың "___" ______________, кіріс N _____ келесі құжаттарды қабылдағандығын растайды:

N

Құжаттың атауы

Құжаттар ұсынылды

Қағаз тасығышта (парақ саны)

Электрондық тасығышта (файлдың атауы)

1.

хабарлама



2.

саяси партияны құру бойынша бастамашы топ азаматтарының тізімі



3.

ұйымдастыру комитеті мүшелері туралы мәліметтер



4.

ұйымдастыру комитетінің

20 __ жылғы "__" __________ жиналысының хаттамасы






Тіркеуші орган

5.

Тіркеуші орган қызметкерінің лауазымы


6.

Тегі


7.

Аты


8.

Әкесінің аты


9.

Байланыс телефоны


10.

Қолы



      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 32 бұйрығына 4-қосымша
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу
жөніндегі нұсқаулыққа
48-қосымша

Мүшелердің тізімі __________________________________________

      саяси партияның атауы

      _______________________________________

      обылыс, Астана және Алматы қалалары

N р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Туылған айы және жылы

Қазақстан республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Адресі тұрғылық жері

1

2

3

4

5







      _____________________________________________________________________

      Тізімді жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (тізімнің әрбір парағы тізімді жасауға жауапты тұлғаның қолымен куәландырылады)