Мониторингке жататын мәмілелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) Тізбесін бекіту туралы

Мемлекеттік Кіріс министрінің 2001 жылғы 22 ақпандағы N 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1437. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 325, ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 386 бірлескен бұйрығымен (V032471).

      Республика аумағында суықтың күшеюіне және ішкі рынокты сұйытылған көмірсутекті газбен жабдықтау жөнінде дағдарысты жағдайдың қалыптасуына байланысты, "Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Z952368_ Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған көмірсутекті газдың әкетілуіне (ТМД СЭҚ ТН кодтары 2711; 2711 12 960; 2711 12) тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері республиканың ішкі рыногын сұйытылған көмірсутекті газбен қамтамасыз ету жөніндегі істің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігін әрбір онкүндік сайын хабардар етіп отырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

 

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

     5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.