"Мониторингке жататын мәмiлелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) Тiзбесiн бекiту туралы" Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2001 жылғы 22 ақпандағы N 206 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 398 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1828. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 325, ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 386 бірлескен бұйрығымен (V032471).

      "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 P010394_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2002 жылға арналған көлем:

     мемлекеттік азық-түліктік астық резерві 500 000 (бес жүз мың) тонна 
мөлшерінде;
     мемлекеттік жемдік астық ресурстары 15 000 (он бес мың) тоннаға 
дейінгі мөлшерде;
     мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 120 000 (бір жүз жиырма мың) 
тоннаға дейінгі мөлшерде;
     мемлекеттік сатылатын астық ресурстарына сатып алу 450 000 (төрт жүз 
елу мың) тонна мөлшерінде белгіленсін.
     2. 2002 жылға арналған пайдалану көлемі:
     мемлекеттік жемдік астық ресурстары 15 000 (он бес мың) тоннаға 
дейінгі мөлшерде;
     мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 120 000 (бір жүз жиырма мың) 
тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.