"Электр энергиясын аймақтық және/немесе жергілікті деңгейлердегі электр жүйелері бойынша беру Ережелерін" бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 1998 жылғы 20 қараша N 239. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті 1998 жылғы 12 қараша N 23-од. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 4 наурызда N 699 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 152, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 31 мамырдағы N 177-Н Бірлескен бұйрығымен

--------------Бұйрықтан үзінді--------------

      "Заң актiлерiн жетiлдiру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау үшiн, нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мынадай бiрлескен бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын:
      "Аймақтық және/немесе жергiлiктi деңгейлерде электр желiлерi бойынша электр энергиясын тасымалдау ережелерiн бекiту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркесу тiзiлiмiнде 1999 жылғы 4 наурыздағы N 699 болып тiркелген) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң 1998 жылғы 20 қарашадағы N 239 және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі комитетiнiң 1998 жылғы 12 қарашадағы N 23-ОД...
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының
      табиғи монополияларды
      реттеу агенттiгi Төрағасы
--------------------------------------------

      "Электр энергетикасындағы жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламасын орындау және электр энергетикасын рыногын одан әрі реформалау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 шілдедегі N 1193  P971193_  қаулысын орындау үшін бұйырамыз: 
      1. Электр энергиясын, аймақтық және/немесе жергілікті деңгейлердегі электр жүйелері бойынша беру ережелері бекітілсін. 
      2. Осы Ереже рыноктың меншік нысанына және ведомстволық бағынысына қарамастан барлық субъектілері үшін міндетті деп белгіленсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Электр энергетикасы және қатты отын департаменті мен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Монополияға қарсы заңдарды сақтауды қадағалау басқармасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ол Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін.     

      Төраға-Министр    

Қазақстан Республикасының    
Энергетика, индустрия және сауда 
Министрі мен Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті   
қорғау жөніндегі комитет    
Төрағасының           
1998 жылғы 20 қараша N 239  
1998 жылғы 12 қараша N 23-ОД 
бұйрықтарымен бекітілген   

Аймақтық және/немесе жергілікті деңгейдегі электр
жүйелері бойынша электр энергиясын беру
Ережелері

      Осы Ережелер "Электр энергетикасындағы жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламасын орындау және электр энергетикасы рыногын одан әрі реформалау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 шілдедегі N 1193  P971193_  қаулысында жазылған, электр энергиясының еркін рыногын қалыптастырудың негізгі ережелеріне сәйкес әзірленген. 
      Осы Ережелерді күшіне енгізу электр энергиясы рыногына қатысушылардың аймақтық және/немесе жергілікті деңгейдегі электр жүйелеріне еркін енуін қамтамасыз етуді және электр энергиясын аталған жүйелер бойынша беру жөнінде олар мәміле жасаған кезде рынок субъектілері арасында туындайтын қарым-қатынастарды реттеуді мақсат етеді. 
      Осы Ережелер меншік нысанына және ведомостволық бағынысына қарамастан Қазақстан Республикасының электр энергиясы рыногының барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады. 

І. Осы Ережелерде мынандай ұғымдар қолданылады  

      Аймақаралық деңгейдегі электр жүйелері - электр энергиясын берудің ұлттық жүйесін құрайтын жоғары кернеулі, әдетте 1150, 500, 220 кВ., электр беру желілері; 
      аймақтық деңгейдегі электр жүйелері - электр энергиясын аймақаралық деңгейдегі және жергілікті энергия өндіруші кәсіпорындар жүйелерінің төмендеткіш қосалқы станцияларынан аймақтық деңгейдегі электр жүйелеріне және жергілікті деңгейдегі электр жүйелеріне тікелей қосылған тұтынушыларға дейін беруді жүзеге асыратын, кернеуі, әдетте 110, 35 кВ., электр жүйелері; 
      жергілікті деңгейдегі электр жүйелері - электр энергиясын өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы және қала мен селолық аудандар аумақтарында орналасқан басқа да түпкі тұтынушыларға дейін беруді және таратуды жүзеге асыратын, кернеуі, әдетте 6-10 кВ., жүйелер; 
      қуаттың транзитті ағыны (энергияның секундына ағыны) - қуаттың аймақаралық, аймақтық және жергілікті жүйелер арқылы энергия өндіруші ұйымдардан тұтынушыға дейін ағыны; 
      рыноктың техникалық операторы: аймақаралық деңгейде - орталық диспетчерлік басқарма (ОДБ), аймақтық деңгейде - ОДБ-ға жедел бағынатын аймақтық диспетчерлік орталық (АДО), олар жедел-диспетчерлік басқару принциптері мен құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасы Біртұтас энергия жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі өлшемді ескеріп келісім-шарт міндеттемелерін бақылайды және оларды жүзеге асырудың тиімді техникалық жағдайларын қамтамасыз етеді. 
      Электр энергиясы рыногының субъектілері мыналар болып табылады: 
      энергия өндіруші ұйым - электр қуаты мен энергиясын өндіретін және электр энергиясын өндіруге лицензиясы бар ұйым; 
      тұтынушы - сатып алынатын немесе өзі өндіретін электр энергиясын тұтынатын және оны аймақаралық және/немесе аймақтық және/немесе жергілікті деңгейдегі жүйелер бойынша беруді қажет ететін жеке немесе заңды тұлға; 
      электр жүйесі компаниясы - электр энергиясын өз меншігіндегі электр жүйелері бойынша шарттық негізде беруді жүзеге асыратын және электр энергиясын беруге немесе таратуға лицензиясы бар ұйым; 
      тапсырысшы - электр энергиясын беруге электр жүйесі компаниясымен шарт жасасатын электр энергиясы рыногының субъектісі; 
      беріп тұрушы - өзі өндірген немесе сатып алған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын рынок субъектісі. Жасасылған шарттарға байланысты беріп тұрушы ролінде: энергия өндіруші ұйымдар, электр жүйесі компаниялары, сауда-делдалдық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер бола алады. 
      2. Электр энергиясын аймақтық және/немесе жергiлiктi деңгейлердегi жүйелер бойынша берудi жүзеге асыратын электр жүйесi компаниясы, өзiне өтiнiш берген әрбiр нарық субъектiсiмен мынадай жағдайларда келiсiм-шарт жасасуға мiндеттi:<*> 
      1) егер электр энергиясы сыртқы энергия өндiрушi ұйымнан аймақаралық деңгейдегi электр жүйелерi бойынша берiлген жағдайда аймақаралық және аймақтық деңгейдегi жүйелер шекарасында өтiнiш берiлген қуат 1 МВт-тан кем болмаса; 
      2) егер оның немесе оның тұтынушысының электр энергиясы (егер электр жүйесi компаниясы электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыратын болса) және/немесе оны беру үшiн электр жүйесi компаниясы алдында берешегi болмаса; 
      3) егер өтiнiш берiлген қуаты 750 кВА және одан да көп тұтынушының есептiк ақпаратты кемiнде 3 ай мерзiмге сақтай отырып тәулiк аймақтары бойынша (берiп тұру кестесiне сәйкес) қуатты тұтынуды бақылауға мүмкiндiк беретiн немесе осы ақпаратты техникалық операторға автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн электр энергиясын коммерциялық есепке алатын аспаптары бар болса; 
      4) егер тұтынушының 750 кВА-ға дейiн өтiнiш берiлген қуаты бар болса және Электр энергиясын пайдалану ережелерiне сәйкес (Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 1996 жылғы 5 желтоқсанда 169-шы нөмiрмен бекiтiп, Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 28 сәуiрде 293-ші нөмiрмен тiркелген) белгiленген үлгiдегi индукциялық типтi коммерциялық есепке алу аспаптарымен жарақтандырылса. 
      Егер тапсырысшының тұтынушыларында 3, 4 тармақшаларда көзделген есепке алу аспаптары жоқ болса, онда тапсырысшының өтiнiшi бойынша электр жүйесi компаниясы оларды тапсырысшымен немесе оның тұтынушысымен келiсiлген мерзiмде тапсырысшының немесе оның тұтынушысының есебiнен орнатуға мiндеттi. 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі N 04-ОД
1999.03.29. ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі
 N 73 1999.03.29.   бірлескен бұйрықтарына  сәйкес .
      3. Тапсырысшы электр энергиясын тұтынушыларға беріп тұру басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей өзі өндіретін электр энергиясын және/немесе сатып алатын электр энергиясын аймақтық және/ немесе жергілікті деңгейдегі электр жүйелері бойынша беріп тұруға шарт жасасуға электр жүйесі компаниясына өтініш береді. 
      Тапсырысшы электр жүйесі компаниясына беретін өтініште мыналар болуы тиіс: 
      1) берілетін электр энергиясының жоспарланатын көлемі туралы мәліметтер, олар барынша тұтынылатын активті және қайта активті қуаттарды және жұмыс күні мен демалыс күні тұтынылатын электр энергиясын сипатты сағат сайынғы тәуліктік кестесін көрсетіп тоқсандар, айлар бойынша бөлулері керек; 
      2) энергия өндіруші ұйыммен (егер сатып алынатын электр энергиясы беруге жататын болса) және/немесе тұтынушылармен жасасылған, электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының көшірмелері; 
      3) электр энергиясын аймақаралық деңгейдегі электр жүйелері бойынша (электр энергиясын сыртқы энергия өндіруші ұйымнан аймақаралық деңгейдегі жүйелер бойынша беру кезінде) берумен айналысатын электр жүйесі компаниясымен шарттың көшірмесі. 
      Тапсырысшы өтініш берген күннен бастап 10 күн мерзім ішінде электр жүйесі компаниясы электр энергиясын беруді техникалық жүзеге асыру туралы техникалық оператордың сараптамалық қорытындысын алуы керек. 
      Техникалық оператордың оң сараптамалық қорытындысы болған жағдайда электр жүйесі компаниясы 10 күн мерзім ішінде электр энергиясын беруге тапсырысшымен шарт жасасуға міндетті. 
      Берілетін электр энергиясы көлемдеріне тапсырысшының түзету енгізу қажеті туындаған жағдайда электр жүйесі компаниясы техникалық оператордың оң сараптамалық қорытындысы болған жағдайда және энергия өндіруші ұйымның келісімімен бір апта мерзімнен ұзатпай жоғарыда аталған шарттық жағдайларды көздейтін, беруге шартқа қосымша келісім жасасуға міндетті. 
      4. Аймақтық және/немесе жергілікті деңгейлердегі электр жүйелері арқылы транзитті ағынды өткізудің техникалық мүмкіндігін ОДБ бекіткен белгіленген режимдерді есептеу бағдарламасы бойынша есептерді орындау негізінде техникалық оператор айқындайды. 
      5. 750 кВА және одан да көп қуат тұтынушы электр энергиясын беру басталғанға дейін 1 айдан кешіктірмей, ал қалған тұтынушылар 10 күннен кешіктірмей электр энергиясын беріп тұрушының ауысқаны және/немесе электрмен жабдықтауға сол кезде қолданылып отырған шартты бұзу туралы беріп тұрушы мен техникалық операторды хабардар етуге міндетті. 
      6. Электр энергиясын энергия өндіруші ұйымнан транзитті ағынмен алатын және осы мақсаттарда аймақаралық және аймақтық деңгейлердегі электр беру желілерін пайдаланатын тұтынушы осы желілердің жұмысына байланысты барлық шектеулерге жауап береді. Авариялық броні бар Тұтынушылардың электрмен жабдықтау шарттары электр жүйесі компаниясы мен Тапсырысшы арасындағы жеке шартпен келісілуі тиіс. 
      7. 750 кВА және одан да көп қуат тұтынушы ағымдағы күннің 12-00 сағатына дейін электронды почтамен, телетайппен немесе факспен жауапты адамның қолы қойылған, тұтынылған электр энергиясы мен қуаттың өткен тәуліктегі сағат бойынша іс жүзіндегі мәнін техникалық операторға хабарлауға міндетті. 
      750 кВА-ға дейін қуат тұтынушы тұтынылған электр энергиясының іс жүзіндегі көлемдерін әр онкүндікте хабарлауға міндетті. 
      Тұтынушы берілген деректердің растығы мен уақтылығы үшін толық жауап береді. 
      8. Аймақаралық, аймақтық және/немесе жергілікті деңгейлердегі электр жүйелері бойынша электр энергиясын беруге тарифті табиғи монополиялар субъектілері қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекітеді. Аймақтық және/ немесе жергілікті деңгейлердегі электр жүйелері бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсетулерге ақы төлеу транспортталатын электр энергиясының шарттық көлеміне 100%-тік онкүндік алдын-ала төлеу жолымен, кейіннен беру фактісі бойынша қайта есептей отырып жүзеге асырылады. 
      9. Аймақтық және/немесе жергілікті деңгейлердегі жүйелер арқылы электр энергиясын берудің іс жүзіндегі көлемі электр жүйесі компаниясының электр жүйелерінің баланстық иелігі шекарасындағы есепке алудың коммерциялық аспаптарын көрсетулерімен расталуы тиіс. 
      10. Қосымша келісусіз жол берілетін ауытқу шарттық беру көлемінен айлық тұтынудың іс жүзіндегі көлемінен +-5% ауытқу деп саналады. 
      11. Аймақтық және/немесе жергілікті деңгейлердегі жүйелерде электр энергиясының шығындарын электр жүйесі компаниясы әрбір тұтынушы үшін белгіленген тәртіп бойынша келісілген кернеудің тиісті класы жүйелерінің электр энергиясын және берілетін электр энергиясы көлемдерін беру жүзеге асырылатын орташаландырылған нормативтік сипаттамасы негізінде айқындайды. Шығын құнын энергия өндірушіге ұйымның беріп тұрушысы немесе тұтынушылар төлейді. 
      12. Егер аймақтық және/немесе жергілікті деңгейлердегі электр жүйелері арқылы транспортталатын электр энергиясының арту көлемі шарттағымен салыстырғанда электр жүйесі жұмыс істеуінің технологиялық жағдайларының бұзылуына әкелсе рыноктың техникалық операторы ОДБ-ның қолданылып жүрген нұсқауларына сәйкес күштеп шектеуді қолданады және/ немесе қуат ағынын шектеу автоматикасы (ҚАША) іске қосылады. 
      13. Тұтынушыда тәуліктік электр тұтынуды арттыру қажеті туындаған жағдайда беріп тұрушы техникалық оператормен келісім бойынша тапсырысты орындау мерзіміне дейін екі сағаттан кешіктірмей ОДБ-ның сауда қызметіне өтіну арқылы бар электр энергиясы рыногынан (спот рыногынан) электр энергиясының қосымша көлемдерін алуға құқығы бар. 
      14. Егер тапсырысшы аймақтық және/немесе жергілікті деңгейлердегі электр жүйелері арқылы электр энергиясын беру көлемін жол берілетіндей етіп азайтса, ол электр жүйесі компаниясының қызмет көрсетуіне шарттық міндеттемеге жауап беретіндей толық көлемінде, электр энергиясын беруге шарт талаптарын өзгертуді көздейтін қосымша келісім жасалғанға дейін ақы төлейді. 
      15. Электр энергиясының сапасы үшін тұтынушы алдында рыноктың техникалық операторы мен беріп тұрушы шарт талаптарына сәйкес жауап береді. Электр энергиясының сапасын (жиілігі мен кернеуін) қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ электр энергиясын тұтынушылар қуат резерві пулдарына біріге алады. Рыноктың техникалық операторы бар электр жүйелерінің өткізгіш қабілетін ескеріп қуат резервінің қажетті көлемін, құрылымы мен орналасу орнын айқындайды.