Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 6 желтоқсан N 1134 Бұйрық. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 10 қаңтар N 1356 тіркелді. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 37 бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 37 бұйрығымен .
      ------------Бұйрықтан үзінді----------
      Нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылсын деп танылсын:
      1) "Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 6 желтоқсандағы N 1134 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылы 10 қаңтарда N 1356 тіркелген)...

      Министр

      -------------------------------------

      Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Z990389_ Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса берiлген Жоғары бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бiлiм туралы Ереже бекiтiлсiн.

      2. Жоғары бiлiм департаментi (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсiн.

      Министр

      Келісілген:

      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау ісі Білім және ғылым министрлігінің

      жөніндегі агенттігі 2000 жылғы 6 желтоқсандағы

  N 1134 бұйрығымен
бекітілген

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік
білім беру туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже

      1. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" Z990389_ Заңының 26 бабына сәйкес жасалды.

      2. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм жоғары деңгейдегi үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауды P950065_ , кәсiби шеберлiгiн үнемi жетiлдiруге жағдай жасауды мақсат етедi. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм адамның жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн бiлiмiн ұлғайту және тереңдету талабын қанағаттандыруға бағытталған.

      3. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм азаматтарға бiлiм деңгейiн көтеруге, жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм және жоғары арнаулы бiлiм базасы негiзiнде ғылыми-педагогикалық бiлiктiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бередi.

      4. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына конкурстық негiзде мiндеттi мемлекеттiк тапсырысқа сәйкес тегiн жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуға кепiлдiк бередi.

      5. Ғылым және бiлiм саласы бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алатын мамандарды даярлауға мемлекеттiк тапсырыс орталық атқарушы органдар мамандарымен жыл сайын анықталады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.

      6. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар дайындау қолданыстағы мемлекеттiк тапсырыстың үстiне оқуға кететiн шығын толық есептелiп және осы ереженiң талаптары сақтала отырып, келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

      7. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм бойынша ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындауды жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм мекемесi және осындай бiлiм беру қызметiне лицензиясы бар ғылыми мекемесi жүзеге асыра алады.

      8. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру қызметін жүргізу құқына лицензия алу үшiн жоғары оқу орны және ғылыми мекемесi лицензия берушiге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 "Бiлiм беру қызметiндегi лицензиялау Ережесiн бекiту туралы" P000596_ қаулысына сәйкес керектi құжаттарды ұсынады.

      9. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуға қолданыстағы мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына сәйкес, қандайда бiр жоғары кәсiптiк бiлiм алғаннан кейiн ғана, нақты мамандық бойынша негiзгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасы мазмұнына сай мiндеттi минимумды тапсырғанда ғана мүмкiндiк туады.

      10. Жоғары оқу орындарындағы, ғылыми мекемелерiндегi клиникалық ординатурада, аспирантурада, адъюнктурада және докторантурада, аға ғылыми қызметкер қызметiне ауыстыру арқылы, iзденушi есебiнде жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуға болады.

      11. Аспирантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны.

      12. Адъюнктура - әскери оқу орындарында бiлiктiлiгi жоғары ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны.

      13. Докторантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны.

      14. Клиникалық ординатура - жоғары оқу орнынан кейiнгi тереңдетiлген медициналық бiлiм алу нысаны.

2. Аспирантура мен адъюнктурада ғылыми және
ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау тәртiбi

      15. Аспирантура жоғары бiлiктi мамандары мен бүгiнгi күн талабына сай ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық базасы бар, ведомстволық бағыныштылыққа, меншiк түрiне тәуелсiз жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерiнде, ғылыми мамандарды даярлауға сәйкес тиiстi лицензия алған сәттен олардың өтiнiш етуiмен ашылады.

      16. Адъюнктура Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi ведомствосына қарасты 15-тармақта келтiрiлген жағдайларға сәйкес, жоғары оқу орындарында ашылады.

      17. Аспирантура мен адъюнктурада жоғары бiлiктi мамандарды даярлауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:

      1) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын кемiнде екi ғылым докторының бар болуы және олардың осы мекемеде тұрақты жұмыс iстейтiндiгi жөнiндегi анықтама;

      2) ғылыми мамандарды даярлауға сәйкес келетiн ғылыми-зерттеу лабороториясының болуы.

      18. Аспирантура мен адъюнктурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерiнде ғылым саласы бойынша Жоғары Аттестациялық Комиссия бекiткен (одан ары - ЖАК) "Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерiнiң ғылыми дәрежесiн тағайындау жөнiндегi мамандықтар номенкулатурасына" сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Аспирантура мен адъюнктураның ашылуы бiлiм саласындағы орталық атқарушы органның бұйрығымен жоғары оқу орнының немесе ғылыми мекеменiң өтiнiш хаты және ЖАК қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.

      20. Жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерiнде аспирантура мен адъюнктураны ашуға қорытынды дайындау кезiнде ЖАК аспирантура мен адъюнктурада жоғары бiлiктi мамандар дайындауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының мiндеттiлiк жағдайын, сондай-ақ ғылыми мамандық бойынша жүргiзiлетiн ғылыми семинардағы әрекетiн басшылыққа алады.

      21. ЖАК қорытындысы үшiн жолданатын өтiнiш хатқа тiркелетiндер:

      1) мекеменiң ғылыми кеңесiнiң ашылатын аспирантураның ғылыми мамандығының түрi көрсетiлген шешiмi;

      2) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын кемiнде екi ғылым докторының бар болуы және олардың осы мекемеде тұрақты жұмыс iстейтiндiгi жөнiндегi анықтама;

      3) тиiстi ғылыми мамандықтар бойынша ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық базаның сипаттамасы;

      4) соңғы бес жылдағы ғылыми еңбектерi және автореферат бойынша мамандық шифры көрсетiлген ұйғарылған ғылыми жетекшiлер туралы мәлiмет;

      5) аспиранттар мен адъюнкттарды дайындау бағдарламасы.

      22. Аспиранттар мен адъюнкттарды дайындау бағдарламасы тиiстi диссертациялық кеңестер жасайды және ЖАК-да бекiтiледi.

      23. Аспирантура мен адъюнктурада оқу мынадай түрде жүзеге асырылады: күндiзгi және сырттай.

      Оқу мерзiмi жоғары арнайы бiлiм негiзiнде аспирантураның күндiзгi бөлiмiнде үш жыл, жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (тиiстi мамандық бойынша магистр дәрежесi барларға) негiзiнде - екi жыл. Сырттай оқу жоғары арнайы бiлiм негiзiнде - төрт жыл, жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм негiзiнде (тиiстi мамандық бойынша магистр дәрежесi барларға) - үш жыл.

      Адъюнктурада оқу мерзiмi күндiзгi бөлiмде - үш жыл, сырттай оқу бөлiмiнде - төрт жыл.

      Аспирантура мен адъюнктурада оқу мерзiмi ғылыми-педагогикалық жұмыс өтiлiне есептеледi.

      24. Аспирантура мен адъюнктурада оқу мерзiмiн дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның (ДКК анықтамасы немесе бала тууына байланысты анықтама) қорытындылары негiзiнде ұзартуға болады:

      1) мекеме басшысының бұйрығымен 4 айға дейiн;

      2) кафедра (бөлiм, лаборатория) ұсынысы, ғылыми жетекшiнiң пiкiрi бойынша мекеме кеңесiнiң шешiмi негiзiнде 4 айдан бiр жылға дейiн.

      25. Аспирантура мен адъюнктураға қабылдау емтихандарын тапсыруға жiберiлгендерге емтихандарға дайындалу және тапсыру үшiн жұмыс орындарындағы еңбек ақылары сақталатын немесе сақталмайтын 15 күнтiзбелiк күннен тұратын қосымша демалыс берiлуi мүмкiн.

      Кандидаттық емтихандарын iшiнара тапсырған аспирантураға түсушiлер қалған қабылдау емтихандарын тапсыру үшiн әр емтиханға бес күн есебiнен берілетiн қосымша демалысын пайдаланады.

      Қосымша демалыс алуға құқылы екенiн растайтын құжат мекеме басшысы қол қойған әңгiмелесуге және қабылдау емтиханын тапсыруға жiберiлгендiгi жөнiндегi анықтама қағаз болып табылады.

      26. Мекеме Ғылыми кеңесi, әдетте, жеке басшылыққа ЖАК рұқсаты бар ғылым докторы немесе ғылым кандидаты болып табылатын ғылыми жетекшiнi бекiтедi.

      27. Жанаса жүргiзiлген ғылыми мамандықтар бойынша зерттеуге екi жетекшi немесе жетекшi және кеңесшi тағайындауға рұқсат етiледi.

      28. Мекеме Ғылыми кеңесi аспирантура мен адъюнктураға қабылданғаннан кейiнгi үш айдың iшiнде диссертациялық зерттеулер тақырыбын бекiтедi.

      29. Ғылыми жетекшiге ақы төлеу бiр аспирант немесе адъюнкт үшiн бiр жылға белгiленетiн 50 сағаттың есебiнен педагогикалық жұмысқа жүргiзiледi, аспирант немесе адъюнктқа екi жетекшi бекiтiлген жағдайда да осы есеп сақталады.

      30. Мекемелердiң ғылыми кеңестерi аспиранттары мен адъюнкттары оқуды диссертациялық жұмыстарды қорғаусыз бiтiрген ғылыми жетекшiлердi үш жылға дейiнгi мерзiмге жетекшiлiк етуден аластатуға құқылы.

      31. Аспирантура меңгерушiсiнiң қызметi кемiнде 50 аспиранты бар жоғары оқу орнында, ғылыми мекемесiнде енгiзiледi.

      32. Аспирант пен адъюнкт мекеме басшыларының келiсiмiмен, оларды жiберушi жақтың өтiнiшi және келiсiмi бойынша бос орын болған жағдайда бiр мекемеден екiншiсiне, бiр оқу түрiнен басқасына ауысуға құқылы.

      33. Аспиранттар мен адъюнкттар жеке жұмыс жоспарының орындалуы жөнiнде кафедраның (бөлiмнiң, сектордың, лабораторияның) отырысында мезгiлiмен есеп бередi және жыл сайын құрамына өзiнiң ғылыми жетекшiсi кiретiн комиссияның алдында аттестациядан өтедi.

      Белгiленген мерзiмде жеке жұмыс жоспарын орындай алмаған, кәсiби қағиданы бұзған аспиранттар мен адъюнкттар аспирантурадан, адъюнктурадан шығарылады.

      34. Аспирант пен адъюнкт аспирантура мен адъюнктурада оқитын мерзiм iшiнде белгiленген уақытта төмендегiдей жұмыстарды орындауға мiндеттi:

      1) жеке жұмыс жоспарын толық орындау, ғылыми-зерттеулер жүргiзудiң әдiстемесiн меңгеру;

      2) бағдарламада көзделген ағымдық және кандидаттық емтихандарды тапсыру;

      3) көкейкестi тақырып бойынша өзiнiң жеке ғылыми зерттеулерiнiң нәтижелерiн кандидаттық диссертация түрiнде тапсыру, оның негiзгi қағидаларын тиiстi ғылыми басылымдарда жариялау;

      4) алдын-ала қорғаудан өту.

      Аспиранттар мен адъюнкттар оқу мерзiмi iшiнде оқыту әдiстемесi мен информатикадан ағымдық емтихандар, сонымен қатар мемлекеттік тілі, философия, шет тiлi мен арнайы мамандық бойынша кандидаттық емтихандар тапсырады.<*>

      Арнайы мамандық бойынша кандидаттық емтихан, әдетте, диссертациялық жұмыс қорғауды жоспарлаған мекемеде тапсырылады.

      Ескерту: 34-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 300 бұйрығымен .

      35. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша күндiзгi оқу бөлiмiнде оқитын аспиранттар мен адъюнкттар белгiленген тәртiп бойынша стипендиямен қамтамасыз етiледi. Стипендия оқуға қабылданған күннен бастап төленедi, бiрақ ол бұрынғы жұмыс орнынан босатылған күннен ерте болмауы тиiс.

      Аспиранттар мен адъюнкттарға Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясы , атақты ғалымдар атындағы және басқа да арнаулы стипендиялар тағайындалуы мүмкiн.

      Аспиранттар мен адъюнкттарға жыл сайын стипендиясы сақталатын екi айлық демалыс берiледi.

      Тыс жерден келген аспиранттар мен адъюнкттар өз қаржысы немесе оқуға жiберген мекеменiң қаржысы есебiнен төленетiн жайлы-қонақ үй түрiндегi жатақхананың жеке бөлмесiмен қамтамасыз етiледi.

      36. Мақсатты аспирантура мен адъюнктураны бiтiрушiлер өздерiн жiберген мекемеге қайтып барулары тиiс. Бармаған жағдайда, олар дайындыққа кеткен шығынды жiберген мекемеге өздерiнiң есебiнен төлейдi. Төленуi тиiс шығынды жұмысқа алған мекеме де төлей алады.

3. Клиникалық ординатурада ғылыми және
ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау тәртiбi

      37. Клиникалық ординатурада жоғары бiлiктi мамандары мен бүгiнгi күн талабына сай ғылыми-зерттеу, материалдық-техникалық және клиникалық базасы бар, ведомстволық бағыныштылыққа, меншiк түрiне тәуелсiз медициналық жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерiнде, дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарында ғылыми мамандықтар бойынша даярлауға сәйкес тиiстi лицензия алған сәттен олардың өтiнiш етуiмен ашылады.

      38. Клиникалық ординатурада жоғары бiлiктi мамандарды даярлауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:

      1) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын кемiнде екi ғылым докторының бар болуы және олардың осы ұйымда тұрақты жұмыс iстейтiндiгi жөнiндегi анықтама;

      2) ғылыми мамандарды даярлауға сәйкес келетiн ғылыми-зерттеу және клиникалық базалардың болуы.

      39. Клиникалық ординатурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау медициналық жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелер мен дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарында ғылым саласы бойынша "Дәрiгерлiк мамандықтар номенклатурасына", оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.

      40. Клиникалық ординатураның ашылуы мекеменiң өтiнiш хаты негiзiндегi Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнің бұйрығымен жүргiзiледi.

      41. Медициналық жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерiнде және дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарында клиникалық ординатураны ашуға қорытынды дайындау кезiнде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi жоғары бiлiктi мамандар дайындауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының мiндеттiлiк жағдайын басшылыққа алады.

      42. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қорытындысы үшiн жолданатын өтiнiш хатқа тiркелетiндер:

      1) мекеменiң ғылыми кеңесiнiң ашылатын клиникалық ординатураның ғылыми мамандығының түрi көрсетiлген шешiмi;

      2) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын кемiнде екi ғылым докторының бар болуы және олардың осы ұйымда тұрақты жұмыс iстейтiндiгi жөнiндегi анықтама;

      3) тиiстi ғылыми мамандықтар бойынша ғылыми-зерттеу, материалдық-техникалық және клиникалық базаның сипаттамасы;

      4) ғылыми еңбектерi бойынша мамандық шифры көрсетiлген ұйғарылған ғылыми жетекшiлер туралы мәлiмет;

      5) клиникалық ординаторлардың дайындау бағдарламасы.

      43. Клиникалық ординаторлардың дайындау бағдарламасы кафедраларда жасалады және мекемелердiң Ғылыми кеңестерiнде бекiтiледi.

      44. Клиникалық ординаторлардың оқуы медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми мекемелердiң және дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарының клиникалық базаларында өтедi.

      Клиникалық ординатурада оқу мерзiмi - екi жыл.

      Клиникалық ординатурадағы оқу мерзiмi дәрiгердiң жұмыс өтiлiне есептеледi.

      45. Клиникалық ординатурадағы оқу мерзiмiн дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның (ДКК анықтамасы немесе бала тууына байланысты анықтама) қорытындылары негiзiнде ұзартуға болады:

      1) мекеме басшысының бұйрығымен 4 айға дейiн;

      2) кафедра (бөлiм, лаборатория) ұсынысы, ғылыми жетекшiнiң пiкiрi бойынша мекеме кеңесiнiң шешiмi негiзiнде 4 айдан бiр жылға дейiн.

      46. Кураторларға бiр клиникалық ординаторға аптасына 3 сағат көлемiнде оқу жүктемесi есептелінедi, оның 75% негiзгi пән дайындығына, ал 25% үйлес пәндер дайындығына бөлiнедi.

      47. Мамандықтардың бөлiмдерi бойынша оқу жүктемесi және емдеу-алдын ала жұмысы жеке жоспармен белгiленедi.

      48. Клиникалық ординаторлар мекеме басшыларының келiсiмiмен, клиникалық ординаторды жiберушi жақтың өтiнiшi және келiсiмi бойынша бос орын болған жағдайда бiр мекемеден екiншiсiне, бiр оқу түрiнен басқасына ауысуға құқылы.

      49. Клиникалық ординаторлардың күшi бар заңға сәйкес қызметтердi басқа мекемелерде қатарластыруға құқы бар.

      50. Клиникалық ординаторлар жеке жұмыс жоспарының орындалуы жөнiнде кафедраның (бөлiмнiң, сектордың, лабораторияның) отырысында мезгiлiмен есеп бередi және жыл сайын құрамына өзiнiң ғылыми жетекшiсi кiретiн комиссияның алдында аттестациядан өтедi.

      51. Белгiленген мерзiмде жеке жұмыс жоспарын орындай алмаған, кәсiби қағиданы бұзған клиникалық ординаторлар клиникалық ординатурадан шығарылады.

      52. Клиникалық ординаторлар клиникалық ординатурада оқитын мерзiм iшiнде белгiленген уақытта төмендегiдей жұмыстарды орындауға мiндеттi:

      1) жеке жұмыс жоспарын толық орындау;

      2) бағдарламада көзделген ағымдық емтихандарды тапсыру;

      3) көкейкестi тақырып бойынша өзiнiң жеке ғылыми зерттеулерiнiң нәтижелерiн, оның негiзгi қағидаларын 1 басылым беттен кем емес тиiстi ғылыми басылымдарда жариялау.

      53. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша күндiзгi оқу бөлiмiнде оқитын клиникалық ординаторлар белгiленген тәртiп бойынша стипендиямен қамтамасыз етiледi. Стипендия оқуға қабылданған күннен бастап төленедi, бiрақ ол бұрынғы жұмыс орнынан босатылған күннен ерте болмауы тиiс.

      54. Тыс жерден келген клиникалық ординаторлар өз қаржысы немесе оқуға жiберген мекеменiң қаржысы есебiнен төленетiн жатақхананың жеке бөлмесiмен қамтамасыз етiледi.

      55. Мақсатты клиникалық ординатураны бiтiрушілер өздерiн жiберген мекемеге қайтып барулары тиiс. Жiберген мекемеге жұмысқа бармаған жағдайда олар дайындыққа кеткен шығынды өздерiнiң есебiнен төлейдi. Төленуi тиiс шығынды жұмысқа алған мекеме де төлей алады.

      56. Клиникалық ординатураны бiтiрушiлерге белгiленген түрде куәлiк берiледi.

      57. Жоғары оқу орындарында профессорлық-оқытушы құрамына уақыттың шығынын компенсациялау үшiн клиникалық ординаторлардың оқытуына жүктеме - аптасына 3 академиялық сағат.

4. Докторантурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық
мамандар даярлаудың тәртiбi

      58. Докторантура ведомстволық бағыныштылыққа, меншiк түрiне тәуелсiз, қазiргi заманғы зерттеу және эксперименттiк базасы, ғылыми мектебi бар, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға белсендi қатысушыларды қабылдайтын жоғары оқу орындарында, ғылыми, және ғылыми өндiрiстiк мекемелерiнде (бұдан ары - мекемелер) ашылады.

      59. Докторантурада жоғары бiлiктi мамандарды дайындауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мынадай:

      1) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын ғылым докторларының саны үштен кем болмауы және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн сол мекемеде тұрақты жұмыс iстеуi;

      2) қазiргi заманғы ғылыми-эксперименттiк база бойынша тиiстi ғылыми мамандар дайындау.

      60. Докторантурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау жоғары оқу орындарында және ғылыми мекемелерiнде ЖАК бекiткен "Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәреже тағайындау жөнiндегi мамандықтар номенклатурасына" сәйкес ғылым саласы бойынша жүзеге асырылады.

      61. Докторантураны ашу ЖАК қорытындысы және бiлiм саласындағы мекеменiң өтiнiш-кепiлдемесi негiзiнде орталық атқарушы органның бұйрығымен жүзеге асырылады.

      Кепiлдеме-өтiнiште докторантураны ашуға себеп болатын қажеттiлiк, ғылыми мектептiң болуы, көпшiлiкке танымал болуы және олардың жұмысы үшiн талап етiлетiн жағдайлармен қамтамасыз етуге кепiлдiк беру жайы негiзделедi.

      62. Жоғары оқу орындарында және ғылыми мекемелерiнде докторантураны ашу жөнiндегi қорытынды жасауда ЖАК докторантурада жоғары бiлiктi мамандар дайындауға қойылатын, сонымен қатар, профилi бойынша ғылыми семинар жүргiзетiн ғылыми мамандықтарға мiндеттi жағдайдағы бiлiктiлiк талаптарын басшылыққа алады.

      63. ЖАК қорытындысы үшiн өтiнiш-кепiлдемеге мынадай құжаттар тапсырады:

      1) докторантура ашуды ұйғарған ғылыми мамандықтары көрсетiлген мекеменiң ғылыми кеңесiнiң шешiмi;

      2) әрбiр ғылыми мамандық бойынша дайындайтын ғылым докторларының үштен кем болмауы және сол мекемеде тұрақты жұмыс iстейтiндiгi туралы анықтама;

      3) ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық база бойынша тиiстi мамандық сипаттамасы;

      4) докторанттар дайындау бағдарламасы.

      64. Докторанттар бағдарламасын тиiстi диссертациялық кеңестер жасайды және ЖАК-да бекiтiледi.

      65. Докторантурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау мерзiмi тек күндiзгi оқу түрi бойынша үш жыл мерзiмге жүзеге асырылады.

      Докторантурада оқу мерзiмi ғылыми-педагогикалық жұмыс өтелiне кiредi. Докторлық диссертацияны дайындау үшiн кандидатты мекеменiң ғылыми кеңесiнiң шешiмiмен аға ғылыми қызметкер қызметiне екi жыл мерзiмге ауыстырады.

      66. Ғылыми кеңес докторанттың диссертациясының тақырыбын, дайындау бағдарламасын және жеке жұмыс жоспарын докторантураға қабылданғаннан кейiн үш айдан кешiктiрмей бекiтедi.

      67. Докторантураға диссертациялық зерттеулер жүргiзуде көмек көрсету үшiн сол оқу орнының немесе салалас мекемелердiң жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандары арасынан ғылыми-кеңесшi тағайындауға болады.

      68. Ғылыми-кеңесшiге ақы төлеу бiр докторантқа жылына 50 сағат есебiнде белгiленедi.

      69. Мекеменiң ғылыми кеңесi докторанттарды жыл сайын аттестациядан өткiзiп отырады. Диссертациялық дайындау жұмыстарының жоспарын орындамаған докторант докторантурадан шығарылады.

      70. Докторант докторантурада оқыған кезiнде диссертацияны аяқтап, көкейкестi тақырып бойынша өзiнiң ғылыми зерттеулерiнiң нәтижелерiн ғылыми басылымдарда жариялап, алдын-ала саралаудан өткiзіп, қорғау үшiн диссертациялық кеңеске тапсыруы тиiс.

      71. Егер докторлық диссертация кандидаттық диссертациядан басқа тақырып бойынша жазылған болса, онда докторант докторлық дисертация профилiне сәйкес мамандық бойынша кандидаттық емтихан тапсыруы тиiс.

      72. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша оқитын докторанттарға стипендия заңда көзделген мөлшерде төленедi.

      73. Докторанттарға жыл сайын стипендиясы сақталатын екi айлық демалыс берiледi.

      Тыс жерден келген докторанттарға жайлы-қонақ үй үлгiсiндегi жатақханадан жеке бөлме берiледi, оның төлемiн докторант өз есебiнен төлейдi немесе оқуға жiберген мекеме есебiнен жүргiзiледi.

      74. Докторантураны бiтiрген мамандар өздерiн жiберген мекемеге қайтып баруға мiндеттi. Жiберген мекемеге жұмысқа бармаған жағдайда олар докторантурадағы дайындыққа кеткен шығынды өздерi төлеуге тиiс. Төленуге тиiстi шығынды жұмысқа алған мекеме төлей алады.

5. Жоғары оқу орындарында жұмыс iстейтiн ғылым
кандидаттарын докторлық диссертацияларын дайындау
үшін аға ғылыми қызметкерлер лауазымына ауыстыру тәртiбi

      75. Теориялық және қолданбалы көкейкестi зерттеулер бойынша едәуiр нәтижеге ие болған ғылым кандидаттары докторлық диссертация жазу үшiн, өз еркiмен аға ғылыми қызметкер ретiнде екi жылға дейiнгi мерзiмге ауыса алады.

      76. Аға ғылыми қызметкер лауазымына үмiткер ғылым кандидаты өзi жұмыс iстейтiн жоғары оқу орнының ректорының атына диссертациялық жұмысына қажет мерзiм мөлшерiн көрсете отырып, өтiнiш жазады және оған:

      1) жұмыстың орындалу кестесi көрсетiлген жоспары;

      2) жарияланған ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарының тiзiмi;

      3) ғылым кандидатын ғылыми қызметкер жұмысына ауыстыру үшiн берген тиiстi кафедраның қорытындысы қоса тiркеледi.

      77. Жоғары оқу орнының ғылыми кеңесi аға ғылыми қызметкер жұмысына ауыстыру мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды және докторлық диссертацияның орындалу мерзiмiн анықтайды.

      78. Аға ғылыми қызметкер жұмысына ауыстыру ректордың бұйрығымен ғылыми қызметкерлердiң белгiленген саны шеңберiнде жүзеге асырылады.

      79. Аға ғылыми қызметкерлердiң санын жоғары оқу орны бағынатын тиiстi министрлiк, ведомство белгiлейдi.

      80. Педагогикалық жұмыстан босатылған ғылым кандидаттары - оқытушылар ғылыми қызметкер болып ауысуына байланысты ғылыми мекемелерiне немесе жетекшi шетелдiк орталықтарға (тиiстi шет тiлiн бiлген жағдайда ғана) соңғылардың (осы аталған мекемелердiң) келiсiмiмен жолсапарға бара алады.

      81. Жiберушi жақ белгiленген тәртiпке сәйкес аға ғылыми қызметкерге еңбек ақысын төлейдi.

      82. Аға ғылыми қызметкер лауазымына ауысқан қызметкерлерге жалақысы ғылыми мекемелердiң аға ғылыми қызметкерлерiнiң қызметтiк жалақысы көлемiнде белгiленедi. Аға ғылыми қызметкердiң жолсапарға келуiне келiсiм берген жоғары оқу орны, ғылыми мекемелерi оған жұмыс iстеу үшiн жағдай жасайды, ғылыми консультант бередi және оның жұмысын қадағалап отырады.

      Жыл аяғында аға ғылыми қызметкерлер аттестациядан өтедi. Оның қорытындысы бойынша жоғары оқу орнының, ғылыми мекемелерiнiң ғылыми кеңесi оларды келесi жылы ғылыми қызметкер ретiнде қалдыру-қалдырмау мәселесiн қарап, шешедi.

      Басқа жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерiне жолсапарға жiберiлгендер өздерi есепке тұратын жоғары оқу орнына аттестацияның қорытындысын немесе сол жерден өзiнiң есебiн жiбередi.

      Аға ғылыми қызметкер ретiнде жұмыс iстеу мерзiмi бiтiсiмен, ғылым кандидаты өзiнiң ғылыми зерттеуiн докторлық диссертация көлемiнде жоғары оқу орнының, ғылыми мекемесiнiң ғылыми кеңесiне беруi керек.

      83. Аға ғылыми қызметкерлер қатарына ауысқан оқытушылық құрамның орнына белгiленген тәртiп бойынша конкурс негiзiнде басқа адамдарды алуға болады.

      84. Аға ғылыми қызметкер жұмысына ауысқан адамдардың бұрынғы қызметiне қайтадан келуiне құқы бар.

      85. Аға ғылыми қызметкер болып ауысқан адамдарға 24 жұмыс күндiк еңбек демалысы берiледi.

      86. Аға ғылыми қызметкерлiк жұмысқа ауысқан адамдарға докторантураға түсу үшiн және докторлық диссертацияларын бiтiргенше шығармашылық демалыс алу құқығы берiлмейдi.

      6. Iзденушiлер түрiнде ғылыми және ғылыми-педагогикалық

      қызметкерлердi даярлау тәртiбi

      87. Аспирантурадан тыс диссертациямен ғылым кандидаты дәрежесi үшiн iзденушiлер (мәтiнде бұдан әрi - iзденушi деп аталады) жоғары бiлiмi бар немесе ғылым магистрi дәрежесi барлар ғана бола алады.

      88. Iзденушiлер философияны, шет тiлдi және арнаулы пәндердi теориялық түрде тереңiрек оқу үшiн, кандидаттық диссертацияны дайындау және қорғау үшiн сол тиiстi пәндер бойынша аспирантурасы бар жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерiне бекiтiледi.

      89. Iзденушi ретiнде тiркелу мерзiмi 4 жылдан аспау керек.

      90. Қатарынан бiрнеше жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерiнде iзденушi ретiнде тiркелуге рұқсат етiлмейдi.

      91. Iзденушi ретiндегi уақытын толық пайдаланғандарға қайтадан тiркелуге болмайды, ал бұл мерзiмдi iшiнара пайдаланғандар жұмсалмай қалған мерзiмiне тiркелуге құқы бар.

      92. Аспирантураның толық курсын немесе стажировканы бiтiргендерге iзденушi ретiнде тiркелу құқы берiлмейдi.

      93. Жоғары оқу орнына, ғылыми мекемеге бекiтiлу үшiн iзденушi сол мекеменiң басшысының атына өтiнiшi:

      1) жарияланған ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк еңбектерiнiң тiзiмiн;

      2) диссертациялық жұмысының кеңейтiлген жоспарын;

      3) жоғары оқу орнын бiтiргенi туралы дипломының көшiрмесiн;

      4) кадрлар есебi жөнiндегi жеке парағын;

      5) егер кандидаттық емтихандарды тапсырған болса, онда сол жөнiндегi куәлiктi өткiзедi.

      94. Жоғары оқу орнының, ғылыми мекеменiң басшысы iзденушiмен өткiзiлген пiкiрлесудiң нәтижесi мен тиiстi кафедраның (бөлiмнiң, сектордың, лабораторияның) қорытындысы негiзiнде iзденушiнi бекiту туралы, мерзiмi мен ғылыми жетекшiсiн бiрге көрсете отырып, бұйрық шығарады.

      Iзденушiлердiң ғылыми жетекшiлерi, әдеттегiдей, ғылым докторлары немесе профессорлар қатарынан тағайындалады. Жекеленген жағдайларда жоғары оқу орындарының, ғылыми мекемелерiнiң ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерiмен ғылыми кадрларды аттестациялау департаментiнiң келiсiмiмен iзденушiлердiң ғылыми жетекшiлiгiне мамандығы сәйкес келетiн жетекшi доценттердi, ғылым кандидаттарын тартуға болады.

      95. Iзденушiлер жеке жоспарлары бойынша жұмыс iстейдi, мезгiл-мезгiл есеп бередi және жыл сайын жоғары оқу орнының кафедрасынан, ғылыми мекемесiнiң бөлiмiнен (секторынан, лабораториясынан) аттестациядан өтедi. Жеке жұмыс жоспарын орындай алмаған iзденушi оқудан шығарылады.

      96. Жеке жұмыс жоспарына сәйкес iзденушiлер де аспиранттар сияқты өздерi бекiтiлген жерден барлық қажеттi жұмыс жағдайларын пайдалана алады. Iзденушi жұмыс iстейтiн жоғары оқу орындарының, ғылыми мекемелердiң басшылары оларға диссертациямен жұмыс iстеу үшiн жағдай жасайды.

      97. Iзденушiлер бекiтiлген мерзiмдерi iшiнде:

      1) жеке жұмыс жоспарын түгелдей орындауы, ғылыми-зерттеу жүргiзудiң методологиясын меңгеруi тиiс;

      2) тиiстi курстар (пәндер) бойынша кандидаттық емтихандар тапсыруы керек;

      3) алдын-ала қорғаудан өтуi қажет.

      Тиiстi емтихандарды тапсырған және өз бетiмен ғылыми-зерттеу жұмысын орындаған iзденушiлер ғылым кандидаты ғылыми атағын алу үшiн диссертация қорғауға жiберiледi.

      98. Iзденушiлердiң тiзiмiн есепке алып, олардың жұмысын бақылау сол тiркелген жердегi аспирантура бөлiмiне жүктеледi.

      99. Кандидаттық және басқа да емтихандар мен диссертациялық жұмыс бойынша кеңес бергенiне ғылыми жетекшiге еңбек ақы бiр жылға әрбiр iзденушiге шаққанда педагогикалық жүктеменiң 25 сағатынан кем болмайтындай өлшемде төленедi.