Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 1998 жылғы 18 қыркүйек N 4073

      Атырау облысында екі бекіре балық өсіру зауытының пайдалануға қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) "Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2) "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылсын.
      2. <*>
      Ескерту. 2- тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.30. N 1792 қаулысымен
      3. Уәкілетті мемлекеттік басқару органы бір айлық мерзім ішінде "Орал- Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысын бекітсін және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. "Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның негізгі міндеттері жас бекіре балықтар түрлерін өсіру және олармен Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарын балықтандыру болып белгіленсін.
     5. <*>
     Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.30. N 1792 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі