"1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" <*>

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы. 1995 жылғы 15 наурыз N 2120.

      Меншiк қатынастарын өзгерту процестерiн жетiлдiру және мемлекеттiк мүлiктiң тиiмдi басқарылуын қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi етiп бөлу арқылы қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы ережелердi әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мүлiгiне құқылық мұрагерлiк мәселелерiн шешсiн;
      қолданылып жүрген заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
      "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135 U931135_ Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1993 ж., N 7, 83-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.
      3. "Мемлекеттiк басқару орталық органдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 маусымдағы N 1220 U931220_ Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 225-бап) бекiтiлген мемлекеттiк басқару орталық органдарының тiзбесiнде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" сөздерi:

     "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару 
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi;
     Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi" сөздерiмен ауыстырылсын.
     4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi