05.04.1994

Геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбалар өндiру үшiн жер қойнауын пайдалануды ретке келтiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының заңына Z933600_ сәйкес және геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбалар өндiру үшiн жер қойнауын берудi тәртiпке келтiру және жер қойнауын игеруге отандық және шет ел инвестицияларын ынталандыру мақсатында қаулы етемiн:
      (1-тармақ) <*> .
      Ескерту. 1-тармақтың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң 1996.01.27
               N 2828 жарлығымен. U962828_
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң құрамына Пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясы енгiзiлсiн.
      3. Республикалық жер қойнауын қорғау және минералды шикiзат базасын толықтыру қоры нысаналы бюджеттiк қор болып табылады және ол Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн геологиялық барлауға және жер қойнауын қорғауға жұмсалған шығындарды өтеу ставкаларынан жасалатын аударымдардың есебiнен, сондай-ақ геологиялық ақпарат беруден алынатын түсiмнiң және лицензиялар беру жөнiнде көрсетiлетiн қызмет үшiн төлемдерден құралады әрi нысаналы мақсатқа ғана жұмсалады.
      4. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол 1992 жылғы 30 мамырдағы

Қазақстан Республикасының Жер қойнауын және минералды шикiзатты
ұқсату туралы Кодексiне тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлгенге дейiн қолданылады.
     5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Пайдалы қазбалар
қоры жөнiнде мемлекеттiк комиссия құру туралы" 1992 жылғы 18 
тамыздағы N 864 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1992 ж., N 30, 437-бап) күшi жойылған деп танылсын.
     6. Осы Жарлық оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi.
            Қазақстан Республикасының
                 Президентi
            Алматы. 1994 ж. 5 сәуiр
                   N 1637
      
      



Дата изменения акта:  27.01.1996
Дата принятия акта:  05.04.1994
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1637
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  012001000000 / 012003000000
Форма акта:  УКАЗ
Юридическая сила:  0500
Язык акта:  kaz