ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Жарлық 01.07.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 570 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:
"
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты | 25 |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты | 50 |
". |
2. "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ережеде:
18-1 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"18-1. Аппарат басшысының орынбасарлары болуы мүмкін, оларды Аппарат басшысының ұсынуы бойынша Кеңес Төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.".
3. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының басшысы, оның орынбасарлары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы";
"Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген 2-тарауда:
"А" корпусы" бөлімінде:
"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы" деген жол алып тасталсын;
"Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары";
"Б" корпусы" бөлімінде:
В санаттарының бөлімінде:
"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық басшысының орынбасарлары";
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі";
"Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің сектор меңгерушісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының сектор меңгерушісі".
4. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;
2) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары.".
5. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. "А" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды "А" корпусының қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам (орган) (бұдан әрі – уәкілетті адам) уәкілетті орган бекітетін "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінің негізінде жүргізеді.";
8-тармақ алып тасталсын.
6. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:
"
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы | Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы |
"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы | Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы |
". |
7. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығында:
қызмет бабында пайдалану үшін.