"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері антының мәтіні;
2) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері антының мәтіні;
3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері антының мәтіні;
4) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің ант беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 61 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері АНТЫНЫҢ МӘТІНІ
Мен, __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке кіре отырып:
өз халқыма адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға;
өзіме жүктелген міндеттерді адал орындауға және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау үшін барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға;
адам мен азаматтың өмірі мен денсаулығын ерлікпен қорғауға, адам өмірін құтқару ісіне бар күшімді салуға;
моральдық жағынан тазалықтың, кішіпейілділіктің үлгісі болуға, өзімнің кәсіби абыройымды, құқық қорғау органы қызметкерінің жоғары атағын қадірлеуге;
қызметке байланысты қиындықтарға лайықты төтеп беруге салтанатты түрде ант етемін.
Егер мен қабылдаған Антымды бұзсам, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықты өтеуге дайынмын.
Ант қабылдаған адамның Т.А.Ә. _________________
Қолы _______________
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 61 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері АНТЫНЫҢ МӘТІНІ
Мен, __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарына қызметке кіре отырып:
өз халқыма адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға;
өзіме жүктелген міндеттерді адал орындауға, адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоғам мен мемлекеттің материалдық құндылықтарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтау үшін барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға;
адам мен азаматтың өмірі мен денсаулығын ерлікпен қорғауға, адам өмірін құтқару ісіне бар күшімді салуға;
моральдық жағынан тазалықтың, кішіпейілділіктің үлгісі болуға, өзімнің кәсіби абыройымды, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жоғары атағын қадірлеуге;
қызметке байланысты қиындықтарға лайықты төтеп беруге салтанатты түрде ант етемін.
Егер мен қабылдаған Антымды бұзсам, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықты өтеуге дайынмын.
Ант қабылдаған адамның Т.А.Ә. _________________
Қолы _______________
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 61 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері АНТЫНЫҢ МӘТІНІ
Мен, __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке кіре отырып:
өз халқыма адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға;
өзіме жүктелген міндеттерді адал орындауға және маған сеніп тапсырылған хат-хабарды мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып, жедел әрі сенімді түрде жеткізуге барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға;
моральдық жағынан тазалықтың, кішіпейілділіктің үлгісі болуға, өзімнің кәсіби абыройымды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерінің жоғары атағын қадірлеуге;
қызметке байланысты қиындықтарға лайықты төтеп беруге салтанатты түрде ант етемін.
Егер мен қабылдаған Антымды бұзсам, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықты өтеуге дайынмын.
Ант қабылдаған адамның Т.А.Ә. _________________
Қолы _______________
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 61 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің ант беру ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің ант беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызметкерлер) ант беру тәртібін айқындайды.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына және мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне бірінші рет қызметке кіретін, арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген адамдар – арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілгеннен кейін екі айдан кешіктірмей;
2) білім беру ұйымының бұрын Ант қабылдамаған курсанттары – оқуға қабылданғаннан кейін екі айдан кешіктірмей;
3) бұған дейін қандай да бір себептер бойынша Ант қабылдамаған қызметкерлер ант қабылдайды.
3. Қызметкерлер бір рет Ант береді.
4. Ант беру рәсімін өткізу күнін, уақыты мен орнын Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының немесе мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің басшысы не уәкілетті басшы айқындайды.
5. Ант Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің рәміздерімен безендірілген орындарда Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі басшысының не уәкілетті басшының жетекшілігімен салтанатты жағдайда қабылданады.
6. Ант қабылдау рәсіміне мемлекеттік органдардың, ардагерлік ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
7. Ант қабылдайтын қызметкерлер, сондай-ақ Ант қабылдау рәсіміне қатысатын жеке құрам салтанатты (салтанатты, салтанатты-шығу) киім нысанын киеді.
8. Ант қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталады.
9. Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің басшысы не уәкілетті басшы Анттың және Қазақстан Республикасының халқына адал болуға ант қабылдаған қызметкерлерге жүктелетін жауаптылықтың маңызын қысқаша түсіндіреді.
10. Ант беретін қызметкерлер саптан шығады, Ант мәтінін дауыстап айтады немесе оқиды және оған қол қояды, содан кейін сапқа оралады.
Ант мәтіні Ант беретін адамдардың таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде айтылады.
11. Ант қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен аяқталады.
12. Қызметкерлер қол қойған Ант мәтіні бар бланктар олардың жеке істеріне қоса тігіледі.
13. Қызметкерлерінің уақтылы Ант қабылдауы үшін жауапкершілік, оны қабылдауды ұйымдастыру және есепке алу Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының немесе мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің кадр қызметтерінің басшыларына жүктеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 61 Жарлығына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
1. "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамы антының мәтінін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 446 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтінін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1559 Жарлығы.
3. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығы.
4. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 166 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.
5. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 211 Жарлығы.
6. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 390 Жарлығы.