"Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу турал

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 255 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 29 Жарлығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 19.04.2019 № 29 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 18-19, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасында:

      мазмұнында:

      "6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері" деген тармақ алып тасталсын;

      "1. Бағдарлама паспорты" деген бөлімде:

      "Қаржыландыру көздері мен көлемі" мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржыландыру көздері мен көлемдері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен жалпы шығыстар:

      2015 жылы - 770,1 млрд. теңге;

      2016 жылы - 839,9 млрд. теңге;

      2017 жылы - 2 млрд. АҚШ долларына дейінгі баламаны құрайды.

      Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен қоса қаржыландырудың индикативтік көлемі шамамен 8,1 млрд. АҚШ долларын құрайды.

      Ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру 254,2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

      2015 жылы - 25,6 млрд. теңге;

      2016 жылы - 71,8 млрд. теңге;

      2017 жылы - 87,4 млрд. теңге;

      2018 жылы - 49,1 млрд. теңге;

      2019 жылы - 20,3 млрд. теңге.";

      "2. Кіріспе" деген бөлімде:

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инфрақұрылымдық, жобаларды іске асырудан кешенді, синергетикалық нәтиже алу үшін ілеспе іс-шаралар қолданыстағы бағдарламалық құжаттар (Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, Бизнестің жол картасы-2020, Жұмыспен қамту жол картасы-2020, Отын-энергетикалық кешен тұжырымдамасы) шеңберінде жүзеге асырылатын болады.";

      "3. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы бір жүз елу үшінші, бір жүз елу төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Денсаулық сақтау саласында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында ұжымдық пайдаланудағы ғылыми молекулярлық-генетикалық 2 зертхана құрылды, олар медициналық ғылыми ұйымдар мен ЖОО студенттері, оқытушылары және ғылыми қызметкерлері үшін заманауи жабдыққа және зерттеулерді орындауға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      Сонымен бір мезгілде зертханалар ресурстарының азаюына байланысты оларды жарақтандыру арқылы әрі жаңа технологиялардың дамуы мен ғылыми ұжымдардың практикалық сұраныстарын ескере отырып, зертханалардың қуатын күшейту мәселесі өзекті болып отыр.";

      "4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:

      нысаналы индикаторларда:

      мына:

      "

ЖІӨ-нің болжамды өсімін қамтамасыз ету

алдыңғы жылға %-бен

104,3

101,5

102,2

103,3

103,6

104,1


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

ЖІӨ-нің болжамды өсімін қамтамасыз ету

алдыңғы жылға %-бен

104,1

101,5

100,5

101,1

101,9

102,4


      ";

      мына:

      "

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың ЖІӨ өсіміне әсері

пайыздық тармақтарда


1,83

0,87

1,18

0,18

0,65


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың ЖІӨ өсіміне әсері

пайыздық тармақтарда


1,83

1,29

1,16

0,18

0,65


      ";

      "1. "Шұғыла" қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылым құру." деген міндетте:

      мына:

      "

Құрық портында жүкті ауыстырып тиеу

млн. тонна




2,7

3

3,6


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Құрық портында жүкті ауыстырып тиеу

млн. тонна




3,1

3,5

3,8


      ";

      "5. Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру." деген міндетте:

      мына:

      "

ҚТҚЖБ салымшыларының кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етілуі

салымшылардың саны


2000

1200





      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"ҚТҚЖБ" салымшылары үшін кредиттік тұрғын үйді енгізу көлемі

мың шаршы метр


246

332,9

566,6

404,7

404,7


      ";

      мына:

      "

ЖАО-да есепте тұрған адамдардың (1.02.2015 ж. санына) "ҚИК" ИҰ" АҚ жалға беретін тұрғын үймен қамтамасыз ету

%


2,6

2,3

1,3

0,8

1,0


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үйді енгізу көлемі

мың шаршы метр


401,0

423,2

563,9

154,0

180,0


      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ коммерциялық тұрғын үйді енгізу көлемі

мың шаршы метр



50,0

362,3

0,0

412,4


      ";

      "6. Білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту." деген міндетте:

      мына:

      "

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

%

78,6

81,1

82,7

85

88

89


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

%

78,6

81,1

82,7

87,5

88

100


      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Ұжымдық пайдаланудағы зертханалар базасында орындалатын тіркелген ғылыми бағдарламалардың саны

бірлік

5

8

10

13

15

18


      ";

      "8. Отандық машина жасауды қолдау (автомобильдерді,"Еврокоптер" тікұшақтарын және "Тұлпар Тальго" жолаушылар вагондарын шығару)." деген міндетте:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасының аумағын отандық тікұшақтарды пайдалана отырып, авиациялық қолдаумен қамту

%

62

69

87

100

100

100


      ";

      деген жол алып тасталсын;

      "9. Экспортты қолдау." деген міндетте:

      мына:

      "

Бағдарлама шеңберінде қолдау алған кәсіпорындардың шикізаттық емес экспортының көлемі

млрд. теңге



21,7

31

31

31

31


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Бағдарлама шеңберінде қолдау алған кәсіпорындардың шикізаттық емес экспортының көлемі

млрд. теңге


21,7

105

105

105

105


      ";

      "5. Негізгі бағыттар, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар" деген бөлімде:

      "5.2. Индустриялық инфрақұрылымды және туризм инфрақұрылымын дамыту" деген кіші бөлімде:

      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі - ӘКК) тартады, олар басқарушы компанияларды, оның ішінде жергілікті және шетелдік сыртқы ұйымдарды тарта отырып құра алады. ӘКК үшін инвестициялар тарту және индустриялық аймақтардың қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтің тиімділігін бағалаудың өлшемшарттары белгіленетін болады.";

      "5.5. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.5. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту

      Болжамды деректер бойынша, 2050 жылға қарай урбандалу деңгейінің 70%-ға дейін (қазіргі 55%-дан) өсуі күтілуде, бұл ретте қала халқының 35%-дан астамы халқы 2 млн. адамнан асатын хаб-қалаларда (Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен) тұратын болады.

      Экономикалық белсенділікті қолдау, экономиканың сабақтас салаларын дамыту арқылы мультипликативті әсерді қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысының және инфрақұрылымның негізгі бағыттары, оның ішінде:

      1) жалға берілетін тұрғын үй құрылысы;

      2) кредиттік тұрғын үй құрылысы;

      3) коммерциялық тұрғын үй құрылысы;

      4) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (бұдан әрі - ИКИ) жүргізу жандандырылатын болады.

      Бұл бағыттар халықтың жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйге деген өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін жеке құрылыс салушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

      Кредиттік және коммерциялық тұрғын үй құрылысының негізгі артықшылығы құрылыс мақсаттарына қосымша қаржыландыруды тартпастан, бөлінген қаражатты көп мәрте пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

      Өз кезегінде, жалға берілетін тұрғын үймен ЖАО-да кезекте тұрғандардың арасынан халықтың әлеуметтік осал топтары қамтамасыз етілетін болады.

      1. Жалға берілетін тұрғын үй.

      ЖАО-да кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және ішкі көші-қон үшін өңірлік квоталарды өткізу үшін жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы операторлар - "ҚИК" ИҰ" АҚ және "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы ауданы:

      1) 2016 жылы құрылыс басталғаннан бастап, 5%-дан аспайтын ауытқумен 80 шаршы метрден аспауы тиіс;

      2) 2017 жылы құрылыс басталғаннан бастап, 5%-дан аспайтын ауытқумен 65 шаршы метрден аспауы тиіс.

      Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Ақтау және Атырау қалаларында тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құрылысының құны 200 мың теңгеге дейін, қалған өңірлерде 180 мың теңгеге дейін құрайды.

      Операторлар 2016 жылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысы объектілерін уақтылы қаржыландыру мақсатында объектілерді қаржыландыруды өз қаражаты есебінен бастап, кейіннен оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатынан облигациялық қарыз шеңберінде берілетін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қарыз қаражатының есебінен өтей алады.

      Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үйді сату, іріктеу және бөлу шарттары жалға берілетін тұрғын үйдің операторлары мен ЖАО арасындағы ынтымақтастық туралы келісіммен айқындалады.

      Құрылыс салушыларды іріктеу, жалға берілетін тұрғын үйді тапсыру және сату тәртібі, құрылыс салушыларға және тұрғын үй құрылысының жобаларына қойылатын талаптар операторлардың ішкі құжаттарында белгіленеді.

      Тұрғын үй екі бағыт бойынша сатылатын болады:

      1) сатып алу мерзімі 20 жылға дейінгі жалға берілетін тұрғын үй;

      2) сатып алынбайтын жалға берілетін тұрғын үй.

      Сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй толық көлемде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен ЖАО-да кезекте тұрғандарға беріледі.

      Бағдарламаны 2015-2019 жылдары іске асыру кезеңін шамамен 1,7 млн. шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынатын болады.

      2. Кредиттік тұрғын үй.

      "ҚТҚЖБ" АҚ салымшылары үшін тұрғын үй құрылысын ұлғайту мақсатында кредиттік тұрғын үй құрылысы операторлар - "Бәйтерек девелопмент" АҚ және ЖАО арқылы одан әрі жалғастырылатын болады.

      Кредиттік тұрғын үйдің жалпы ауданы:

      1) 2016 жылы құрылыс басталғаннан бастап, 5%-дан аспайтын ауытқумен 80 шаршы метрден аспау тиіс. Бұл ретте, ЖАО-ның бар тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша кредиттік тұрғын үй салуына жол беріледі;

      2) 2017 жылы құрылыс басталғаннан бастап, 5%-дан аспайтын ауытқумен 65 шаршы метрден аспау тиіс.

      Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу мен сату құны 180 мың теңгеге дейін, қалған өңірлерде 140 мың теңгеге дейін құрайды. Тұрғын үй құрылысының құнынан асатын шығындарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабуға болады.

      "Бәйтерек" девелопмент" АҚ арқылы кредиттік тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құрылысының құны Астана мен Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Ақтау және Атырау қалаларында 200 мың теңгеге дейін, қалған өңірлерде 180 мың теңгеге дейін құрайды.

      Салынған кредиттік тұрғын үйдің уақтылы сатып алынуын қамтамасыз ету мақсатында салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "ҚТҚЖБ" АҚ-ға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөлінетін болады.

      Астана және Алматы қалаларында кредиттік тұрғын үйді сатып алуға үміткер қатысушылар үшін аталған қалаларда тұрғылықты жері бойынша кемінде соңғы 2 жыл тұрақты тіркеуде болуы талап етіледі.

      Тұрғын үй мынадай бағыттар бойынша сатылатын болады:

      1) "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй.

      "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы кредиттік тұрғын үйдің құрылысы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

      Құрылыс салушыларға қойылатын талаптар, жобаларды іріктеу және қаржыландыру тәртібі "Бәйтерек девелопмент" АҚ ішкі құжаттарымен айқындалатын болады.

      Қаржыландырылуы тиіс жобаларды сатуды "Бәйтерек девелопмент" АҚ "ҚТҚЖБ" АҚ-мен келісу бойынша жүзеге асыратын болады.

      Салынған тұрғын үй "ҚТҚЖБ" АҚ салымшыларына сатылуы тиіс. Мұндай тұрғын үйді Бағдарламаға қатысушыларға сату шарттары "ҚТҚЖБ" АҚ мен "Бәйтерек девелопмент" АҚ арасындағы келісіммен айқындалады.

      "Бәйтерек девелопмент" АҚ 2016 жылы кредиттік тұрғын үй құрылысы объектілерін уақтылы қаржыландыру мақсатында объектілерді қаржыландыруды өз қаражаты есебінен бастап, кейіннен оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатынан облигациялық қарыз шеңберінде берілетін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қарыз қаражатының есебінен өтей алады.

      Тұрғын үйді сатудан алынған қаражат 2 жылға дейінгі мерзімділікпен 20 жыл бойы кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға қайтадан бағытталатын болады.

      2) ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй.

      ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үйдің құрылысы айналым мерзімі 2 жылға дейінгі борыштық бағалы қағаздарды шығару жолымен "Бәйтерек девелопмент" АҚ-дан қарыз қаражатын тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.

      Борыштық бағалы қағаздарды өтеуден алынған қаражат 1 жыл бойы кредиттік тұрғын үйдің құрылысын қаржыландыруға қайтадан бағытталады.

      ЖАО құрылыс барысын бақылауды, тұрғын үйдің уақытылы пайдалануға берілуін және "ҚТҚЖБ" АҚ салымшыларының тұрғын үйді сатып алуы есебінен "Бәйтерек девелопмент" АҚ қаражатының қайтарылуын қамтамасыз ететін болады.

      Қаржыландырылуы тиіс жобаларды іске асыруды ЖАО "ҚТҚЖБ" АҚ-мен келісу бойынша жүзеге асыратын болады.

      ЖАО-ның құрылыс салушыларды тартуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарға және құжаттарға сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы жүргізіледі.

      ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй салу тетігін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

      Қатысушыларды іріктеу тәртібі "ҚТҚЖБ" АҚ ішкі құжаттарымен балдық жүйе негізінде айқындалады. Қатысушыларды іріктеу кезінде "ҚТҚЖБ" АҚ айқындайтын бағалау көрсеткішіне және (немесе) іріктеуге қатысатын салымшының тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартының өзге де сапалық сипаттамаларына қарай неғұрлым көп балл жинаған "ҚТҚЖБ" АҚ салымшыларына тұрғын мен сатып алудың басым құқығы беріледі.

      Бағдарламаның қатысушыларына тұрғын үйді сату және бөлу шарттары "ҚТҚЖБ" АҚ мен ЖАО арасындағы келісімімен айқындалады.

      Құрылыс объектісінде ЖАО арқылы салынған кредиттік тұрғын үйдің кемінде 50%-ы "ҚТҚЖБ" АҚ салымшылары болып табылатын ЖАО-да кезекте тұрғандар арасында бөлінеді. ЖАО-да кезекте тұрғандар арасында қатысуға өтініш берген не төлемге қабілеттілігін растаған кандидаттар саны жетіспеген жағдайда, тұрғын үй "ҚТҚЖБ" АҚ салымшыларының қатарынан басқа өтініш берушілердің арасында бөлінеді.

      ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үйге үміткерлерге қойылатын талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;

      2) "ҚТҚЖБ" АҚ ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен төлемге қабілеттілігін растау;

      3) тұрғын үй алуға үміткердің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынатын жалға берілетін тұрғын үйінің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйінің (бірлескен ортақ меншік, осы тармақта көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінің тұрғын үй бірлігі ретінде бірлескен (үлестік) ортақ меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес) болмауы, бұған мыналар:

      жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелердің болуы;

      тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлау (қирау) қаупі бар саман және қаңқалы-қамысты типтегі тұрғын үйдің болуы кірмейді;

      4) тұрғын үй алуға үміткердің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа да мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жылдың ішінде өзіне меншік құқығында тиесілі болған тұрғын үйді айырбастау немесе иеліктен шығару жолымен тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлату фактілерінің болмауы.

      ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйге, мұқтаждардың есебінде тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаждық мәртебесін растау талап етіледі.

      ЖАО кезекте тұрғандардың тізімін "ҚТҚЖБ" АҚ-ға дербес деректерін, оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, бір тоқсанда бір реттен сиретпей жібереді.

      Бағдарламаны 2015-2019 жылдары іске асыру кезеңінде шамамен 1,5 млн шаршы метр кредиттік тұрғын үй салынатын болады.

      3. Коммерциялық тұрғын үй.

      Жеке құрылыс салушыларды қолдау шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында жаңа коммерциялық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылатын болады, оның операторы "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік қоры) болады.

      Тұрғын үй объектілері құрылысының жобаларын іріктеу және қарау Жылжымайтын мүлік қорының ішкі рәсімдеріне сәйкес өткізілетін болады.

      Құрылыс салушының (инвестордың) жобаға қатысу үлесі жоба құнының 20%-нан кем болмайды және мыналарды: жер учаскесін сатып алу (кадастрлық құны бойынша), жобалау - сметалық құжаттама әзірлеу, мемлекеттік немесе кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өту шығындарын және (немесе) тиісті банк кепілдіктерімен не объектінің құрылысы аяқталғанға дейінгі мерзімге қаржыландырудың расталған көздерінің болуымен қамтамасыз етілген ақша қаражатын және (немесе) Жылжымайтын мүлік қорының қатысуы мен жобаны іске асыру басталған кезге дейін объектіде орындалған құрылыс-монтаждау жұмысының көлемі бойынша техникалық аудит қорытындысымен расталған, аяқталмаған құрылысты қамтиды.

      Құрылыс салушы (инвестор) жобаны қаржыландыру басталған кезден бастап 24 айдан аспайтын мерзімде құрылыс объектісіндегі жылжымайтын мүліктің барлық пулынан тұрғын үйді қаржыландыру басталған кезге белгіленген құрылыс құнына 20%-дан аспайтын үстеме бағамен сатады.

      Құрылыс салушыға (инвесторға) сату үшін берілген мерзім өткеннен кейін жобадағы жылжымайтын мүліктің сатылмаған бөлігінің барлық пулы құрылыс құнының 20%-ы мөлшеріндегі дисконтпен Жылжымайтын мүлік қорына беріледі.

      Тұрғын үйді сатуға құқық берген кезде қаражаттың қайтарымдылығы және Жылжымайтын мүлік қорының қаржылық тұрақтылығы қағидаттарын негізге ала отырып, бағаның төменгі шегі белгіленеді.

      2016 жылы құрылысы басталған тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы ауданы 5%-дан аспайтын ықтимал ауытқумен 105 шаршы метрден аспауға тиіс.

      Жеке құрылыс салушыларды қолдау шеңберінде тұрғын үй құрылысының құны Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Ақтау және Атырау қалаларында 240 мың теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 200 мың теңгеге дейін болады.

      Коммерциялық тұрғын үйді жеке тұлғаларға сату жүзеге асырылатын болады. Жобадағы тұрғын үйлерді (пәтерлерді) заңды тұлғаларға сатуға жол беріледі, бірақ ол жобадағы тұрғын үйдің (пәтерлердің) жалпы санының 20%-нан аспауға тиіс.

      Тұрғын үйлерді сату тәртібі және құрылыс салушылар мен тұрғын үй құрылысының жобаларына қойылатын талаптар Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      Жылжымайтын мүлік қоры салынған инвестициялардың сақталуын және қайтарылуын басшылыққа ала отырып, объектілер құрылысының барысына тұрақты мониторингті жүзеге асырады.

      Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй құрылысын 10 жылдың ішінде тұрғын үй құрылысын одан әрі қаржыландыру үшін бөлінген қаражаттың әрбір 2 жыл сайын қайтарылуын қамтамасыз ете отырып қаржыландырады.

      2015-2019 жылдары Бағдарламаны іске асыру кезеңінде Жылжымайтын мүлік қоры желісі бойынша 800 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.

      4. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу.

      Тұрғын үй құрылысының барлық бағыттары бойынша тұрғын үйді уақтылы пайдалануға енгізу үшін 2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (бұдан әрі - ИКИ) дамытуға және (немесе) жайластыруға қосымша қаражат бөлінетін болады.

      ИКИ негізінен жалға берілетін, кредиттік, коммерциялық тұрғын үй және жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі - ЖТҚ) салынатын жаппай құрылыс салу аудандарына жеткізілетін болады.

      Сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының жаппай құрылыс салу аудандарында ЖАО ИКИ жайластыруға көзделген қаражат шеңберінде автомобильдер үшін паркингтер құрылысын ұйымдастыруға құқылы.

      Бұдан басқа, 1 шаршы метрдің сату құны белгіленген коммерциялық тұрғын үй салу үшін ЖАО құрылыс салынатын аудандарда ИКИ тартуды іске асырады:

      Астана, Алматы қалаларында - 200 мың теңгеге дейін;

      басқа өңірлерде - 180 мың теңгеге дейін.

      Осы мақсаттар үшін ЖАО:

      1) бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендердің құрылысын салу қағидаларына сәйкес тұрғын үйлерді жаппай салудың басым аудандарын айқындауы;

      2) бос жер учаскелерінің болуы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуі;

      3) құрылыс салушыға ИКИ жеткізумен жер учаскелерінің берілуін қамтамасыз етуі қажет.

      Құрылыс салушы тұрғын үйді (пәтерді) Бағдарламаның осы бағытында белгіленгеннен асатын құн бойынша сатқан жағдайда, құрылыс салушы жер учаскесінің құны мен ИКИ шығындарын қайтарады.

      Жаппай құрылыс салу аудандарында электрмен, жылумен, сумен, газбен жабдықтау, кәріз желілері, байланыс желілері, квартал ішіндегі жүру жолдарын ИКИ жүргізуге көзделген қаражат есебінен қаржыландырылуға тиіс.

      Нәтижесінде, жүргізілген шаралар жаппай жеке құрылысты ынталандыруға және тұрғын үйді пайдалануға берудің жыл сайынғы көлемін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Іске асыру кезеңінде сомасы 51,1 млрд. теңге бөлінген қаражатқа тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда электрмен, жылумен, сумен және газбен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру бойынша 167 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланады.

      5. Операторларға және тұрғын үй құрылысының жобаларына қойылатын негізгі талаптар.

      Өңірлер бөлінісінде жалға берілетін, кредиттік және коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы үшін қаражат бөлуді "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асыратын болады.

      Операторлар жеке инвесторлармен бірлесіп жаңа тұрғын үйді және құрылыстың аяқталмаған объектілерін салуға (қоса қаржыландыруға), оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және операторлардың ішкі құжаттарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары негізінде қатысуға құқылы.

      Тұрғын үй құрылысының түпкілікті құны кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалатын болады.

      Қарауға жіберілген жобаларды іріктеу кезінде индустриялық үй құрылысының жобаларына басымдық беріледі.

      Осы мақсаттарда, сондай-ақ пайдалануға берілетін тұрғын үй санын ұлғайту үшін индустриялық үй құрылысының технологиялары қолданылатын шағын көлемді тұрғын үйлердің үлгілік жобалары әзірленетін болады.";

      "5.6. Білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту" деген кіші бөлімде:

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары білім беру саласында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы үшін базалық деп айқындалған 11 жоғары оқу орны жанынан құрылыс материалдарының өндірісі, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, технологиялық машиналар, энергетика, мұнай химиясы, химия өнеркәсібі бағыттары бойынша 48 жаңа зертхана құрылады. Барлық зертханалар халықаралық стандарттарға сәйкес келетін болады. Екі медициналық жоғары оқу орнында жалпыға ортақ пайдаланылатын ғылыми зертханалар толық жарақтандырылатын болады.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ең жаңа жабдықтар қазіргі заманғы талаптар деңгейінде техникалық пәндер бойынша практикалық және зертханалық сабақтар өткізуге мүмкіндік береді.";

      мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми медициналық зертханалар базасында жаңа медициналық технологиялардың клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерін жүйелік қолдау және ынталандыру, сондай-ақ биобанктердің ұлттық желісін құру жүзеге асырылады.";

      "6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері" деген бөлім алып тасталсын;

      "7. Қажетті ресурстар" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қажетті ресурстар

      Бағдарламаның іс-шаралары мен инвестициялық жобалары негізінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.

      Бағдарламаны іске асыру үшін тартылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының жалпы көлемі 2015-2017 жылдар аралығындағы кезеңде 9 млрд. АҚШ долларына балама соманы құрайды.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаты республикалық бюджетке нысаналы трансферттер түрінде де, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілетін облигациялық қарыздар түрінде де тартылатын болады.

      Бұдан басқа, Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік кредиттер, ХҚҰ-дан үкіметтік сыртқы қарыздар, мемлекеттік емес және мемлекет кепілдік берген ХҚҰ қарыздары, ұлттық компаниялардың, даму институттарының меншікті қаражаты, сондай-ақ капитал нарығында тартылатын басқа да қаражат тартылатын болады.

      Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру қолданыстағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.

      Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен қоса қаржыландырудың индикативтік көлемі шамамен 8,1 млрд. АҚШ долларын құрайды.

      Жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын ХҚҰ қарыздарының көлемі қарыздарды дайындау және оларға қол қою барысында нақтыланады.

      Жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатынан 2015-2016 жылдары мынадай жобаларға қаражат бөлінеді:

      Автожол жобалары

      Автожол саласындағы жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 329,3 млрд. теңге сомасына қаражат бөлінеді, оның ішінде:

      1) Орталық-Оңтүстік (Астана - Қарағанды - Балқаш - Күрті - Қапшағай - Алматы) автомобиль магистралін салу және реконструкциялау - 120 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 57 млрд. теңге, 2016 жылы - 63 млрд. теңге;

      2) Орталық - Шығыс (Астана - Павлодар - Қалбатау - Өскемен) автомобиль магистралін салу және реконструкциялау - 148 млрд. теңге, оның ішінде:

      2015 жылы - 87,5 млрд. теңге, 2016 жылы - 60,5 млрд. теңге.

      3) Орталық - Батыс автомобиль магистралін салу және реконструкциялау - 2016 жылы (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге) - 2 млрд. теңге;

      4) республикалық маңызы бар басқа жолдарды реконструкциялау - 58,3 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 33,5 млрд. теңге, 2016 жылы - 25,8 млрд. теңге.

      ХҚҰ қатысатын автожол жобалары

      2016 жылдан бастап Батыс Еуропа - Батыс Қытай және Бейнеу - Ақтау жобалары бойынша қарыздарды игеру кезінде үнемдеу есебінен қалыптасқан 763 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз қаражатын Күрті - Бұрылбайтал, Ұзынағаш - Отар, Жетібай - Жаңаөзен автожол жобаларын іске асыруға қайта бөлу жүзеге асырылады.

      Бағдарламада 2015-2016 жылдарға көзделген жобаларды іске асыру үшін жалпы индикативтік сомасы 5 583 млн. АҚШ доллары болатын жаңа қарыздарға қол қойылады, оның ішінде Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің қарызы - 942 млн. АҚШ доллары, Дүниежүзілік Банктің қарызы - 3 183 млн. АҚШ доллары, Азия Даму Банкінің қарызы - 550 млн. АҚШ доллары, Ислам Даму Банкінің қарызы - 908 млн. АҚШ доллары.

      Теміржол жобалары

      Теміржол саласы мен көліктік логистика жобаларын іске асыруға, одан әрі "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ын капиталдандыра отырып, республикалық бюджетке бөлінетін нысаналы трансферттер арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 56,2 млрд. теңге сомасындағы қаражат мынадай жобаларға бөлінеді:

      1) Алматы-1 - Шу учаскесінде екінші жолдарды салу 27,7 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 8,3 млрд. теңге, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның қаражаты есебінен 2016-2017 жылдары 10,6 млрд. теңге сомасына қоса қаржыландыра отырып, 2016 жылы - 19,4 млрд. теңге;

      2) Боржақты - Ерсай теміржол желісінің құрылысын аяқтау - "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның қаражаты есебінен 2,8 млрд. теңге, оның ішінде 2014 жылы - 0,3 млрд. теңге, 2016 жылы - 2,5 млрд. теңге сомасына қоса қаржыландыра отырып, 2015 жылы - 6,7 млрд. теңге;

      3) Құрық портында паром өткелін салу, ол мынадай құрылым бойынша қаржыландырылатын болады: құрылыстың жалпы құны - 32,1 млрд. теңге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылы - 4,8 млрд. теңге, 2016 жылы - 17,0 млрд. теңге, "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ-ның меншікті қаражаты 2016 - 2017 жылдары - 10,3 млрд. теңге.

      Азаматтық авиация жобалары

      Астана қаласы әуежайының ҰҚЖ мен терминалын реконструкциялауға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылы - 29 млрд. теңге, 2016 жылы - 10 млрд. теңге бөлінеді. Сонымен қатар ХҚҰ мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның меншікті қаражатын тарта отырып, жобаны қоса қаржыландыру мәселесі пысықталады.

      Индустриялық инфрақұрылым жобалары

      "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА-ны дамыту (бұдан әрі - "ҰИМТ" АЭА)

      Инфрақұрылым салуды қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылы - 68,5 млрд. теңге, 2016 жылы - 10 млрд. теңге бөлінеді.

      "ҰИМТ" АЭА аумағында іске асырылатын "Ықпалдастырылған газ-химия кешені, 1-ші фаза" жобасын қаражаты үшін 2016 жылы 35 млрд. теңге көлемінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - БЖЗҚ) қаражаты "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ" АҚ облигацияларын шығару арқылы тартылатын болады.

      "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА-ны дамыту

      2015 жылы АЭА инфрақұрылымын аяқтауға Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатынан 12,35 млрд. теңге бөлінеді. Бұл ретте 2015-2019 жылдары "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның қаражаты есебінен қоса қаржыландыру 23,7 млрд. теңгені құрайды.

      Энергетикалық инфрақұрылым жобалары

      "Екібастұз - Шүлбі ГЭС - Өскемен 500 кВ желісін салу" жобасының 1-ші кезеңін қаржыландыру "KEGOC" АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Құрылыс құны 43,315 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша: 2011 жылы - 0,242 млрд. теңге, 2012 жылы - 0,163 млрд. теңге, 2013 жылы - 0,325 млрд. теңге, 2014 жылы - 8,585 млрд. теңге, 2015 жылы - 17 млрд. теңге, 2016 жылы - 14,7 млрд. теңге, 2017 жылы - 2,3 млрд. теңге.

      "Семей - Ақтоғай - Талдықорған - Алма" 500 кВ желісін салу" жобасының 2-ші кезеңін қаржыландыру "KEGOC" АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен, сондай-ақ ХҚҰ қарыз қаражатын тарта отырып жүзеге асырылады. Құрылыс құны 76,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша: 2012 жылы - 0,164 млрд. теңге, 2013 жылы - 0,311 млрд. теңге, 2014 жылы -0,185 млрд. теңге, 2015 жылы - 2,610 млрд. теңге, 2016 жылы - 28,026 млрд. теңге, 2017 жылы - 30,566 млрд. теңге, 2018 жылы - 14,936 млрд. теңге. "KEGOC" АҚ жоспарланған меншікті қаражатына қосымша 2016 жылы "KEGOC" АҚ облигацияларын шығару арқылы 47,5 млрд. теңге көлемінде БЖЗҚ қаражаты тартылатын болады.

      ТКШ, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту (реконструкциялау және салу) жобалары.

      ТКШ, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту (реконструкциялау және салу) жөніндегі жобаларды іске асыруға 150 млрд. теңге сомасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаты, оның ішінде:

      2015 жылы - 60 млрд. теңге;

      2016 жылы - 90 млрд. теңге;

      және одан әрі жыл сайын кемінде 100 млрд. теңге бөлінеді.

      Жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын ХҚҰ қарыздарының көлемі қарыздарды дайындау және оған қол қою барысында айқындалатын болады.

      Тұрғын үй инфрақұрылымы жобалары

      Тұрғын үй инфрақұрылымын қолдауға бөлінетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырудың жалпы көлемі 510 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

      1) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының тұрғын үй салу (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер арқылы - 35 млрд. теңге, оның ішінде:

      2015 жылы - 17,5 млрд. теңге;

      2016 жылы - 17,5 млрд. теңге;

      2) "ҚИК" ИҰ" АҚ желісі бойынша кейіннен жалға беру үшін тұрғын үй объектілерін салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыруға - 115 млрд. теңге, оның ішінде:

      2015 жылы - 92,5 млрд. теңге;

      2016 жылы - 22,5 млрд. теңге.

      Тұтастай алғанда, "ҚИК" ИҰ" АҚ желісі бойынша кейіннен жалға беру үшін тұрғын үй объектілерін салуды және (немесе) сатып алуды барлық көздерден жалпы қаржыландыру 239,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қарыз қаражаты - 115 млрд. теңге;

      2016 жылы бюджеттік кредит беру тетігі арқылы республикалық бюджеттен бөлінетін қарыз қаражаты - 19,1 млрд. теңге;

      2017-2019 жылдары облигацияларды орналастырудан тартылған, "ҚИК" ИҰ" АҚ меншікті қаражаты - 50 млрд. теңге;

      2013-2014 жылдары "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат - 29,2 млрд. теңге;

      2017-2019 жылдары қаражатты қайта пайдалану есебінен "ҚИК" ИҰ" АҚ меншікті қаражаты - 25,8 млрд. теңге.

      3) 2016 жылы "Бәйтерек девелопмент" АҚ желісі бойынша жалға беру үшін тұрғын үй объектілерін салуды қаржыландыруға - 53 млрд. теңге.

      4) 2016 жылы ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй салуды қаржыландыруға - 67 млрд. теңге;

      5) 2016 жылы "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй салуды қаржыландыруға - 60 млрд. теңге;

      6) 2016 жылы "ҚТҚЖБ" АҚ салымшыларына қарыз беруге - 22 млрд. теңге;

      7) 2016 жылы "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы жеке құрылыс салушыларды қолдауға - 97 млрд. теңге;

      8) 2016 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, жетілдіруге және (немесе) жайластыруға Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктеріне республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер арқылы - 61 млрд. теңге.

      Білім беру саласындағы инфрақұрылым жобалары

      Жалпы білім беру жүйесінде авариялық мектептердің орнына және үш ауысымды оқытуды жою үшін мектептер салу қаржыландырылады.

      Бағдарламаны іске асыру кезеңінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында хаб-қалаларда, екінші деңгейдегі қалаларда, экономикалық өсу орталықтарында және елді мекендерде балабақшалар салу жобалары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы қаржыландырылады.

      Жоғары білім беру саласында қаржыландыру ИИДМБ-ның базалық 11 және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде медициналық 2 жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын дамытуға жұмсалады.

      Осылайша, жылдар бойынша қаржыландыру:

      1) 2015 жылы - мектептер мен балабақшаларды салу мен реконструкциялауға 19,4 млрд. теңге, балабақшалардағы мемлекеттік білім беру тапсырысына 12,7 млрд. теңге және жоғары оқу орындарына 3 млрд. теңге;

      2) 2016 жылы - мектептер мен балабақшаларды салу мен реконструкциялауға 57,9 млрд. теңге, жоғары оқу орындарына 3 млрд. теңге құрайды.

      Тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджет мүмкіндіктеріне қарай бөлінетін республикалық бюджет қаражатты Astana Business Campus ғылыми паркінің құрылысын қаржыландыру көздерінің бірі болып табылады.

      Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау

      Кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға барлық көздерден қаржыландырудың жалпы көлемі 366,3 млрд. теңге құрайды, оның ішінде:

      1) ШОБ және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына 50 млрд. теңгеден тең үлестермен қаражат орналастыру арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беруге 2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражат - 100 млрд. теңге;

      2) ХҚҰ қаражаты:

      Дүниежүзілік Банк - 2016-2017 жылдары 72 млрд. теңге (200 млн. АҚШ долларына балама);

      Азия Даму Банкі - 2015-2017 жылдары 134,8 млрд. теңге (428 млн. АҚШ долларына балама);

      Еуропа Қайта құру және Даму Банкі - 2015-2017 жылдары 59,5 млрд. теңге (200 млн. АҚШ долларына балама).

      ШОБ жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын ХҚҰ қарыздарының көлемі қарыздарды дайындау және оған қол қою барысында нақтылануы мүмкін. Халықаралық қаржы ұйымдарымен жобаларды қоса қаржыландыру ХҚҰ-мен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру мақсаттары үшін мынадай мөлшерде:

      2015 жылы - 8 млрд. теңге;

      2016 жылы - 41,3 млрд. теңге қаражат бөлінеді.

      Дағдарысқа қарсы жаңа шаралар

      2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаты есебінен мыналар қаржыландырылатын болады:

      отандық машина жасауды дамыту - 35 млрд. теңге, оның ішінде:

      1) автомобильдер өндірісі - 30 млрд. теңге;

      2) жолаушылар вагондары өндірісі - 5 млрд. теңге. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының көзделген қаражатына қосымша 2016 жылы бюджеттік кредит беру тетігі арқылы РБ-ден 5,5 млрд. теңге мөлшерінде қаражат тартылады, сондай-ақ "КДБ-Лизинг" АҚ отандық жүк вагондарының өндірісін лизингтік қаржыландыруы үшін "КДБ" АҚ облигацияларын шығару арқылы 17,5 млрд. теңге мөлшерінде БЖЗҚ қаражаты тартылатын болады;

      экспорталды және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру - 2015 жылы - 50 млрд. теңге және 2016 жылы - 15 млрд. теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының көзделген қаражатына қосымша 2016 жылы "КДБ" АҚ облигацияларын шығару арқылы экспорттаушыларға экспорт алдындағы (экспорттық) кредит беру үшін 30 млрд. теңге мөлшерінде БЖЗҚ қаражаты тартылатын болады;

      2015 жылы АӨК-ті қосымша қолдау - 18,8 млрд. теңге, оның ішінде:

      1) АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру бағыты шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға - 5,8 млрд. теңге;

      2) ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лимит) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 1,5 млрд теңге;

      3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруға - 11,5 млрд. теңге;

      бұрын басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын аяқтауға және үлестік салымдарды қорғауға - 45 млрд. теңге, оның ішінде:

      1) бюджеттік кредит беру тетігі арқылы "ҚТҚЖБ" АҚ желісі бойынша бұрын басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын аяқтауға Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктеріне - 2015 жылы бөлінген 30 млрд. теңге, қайтару мерзімі - 2016 жылғы 31 наурызға дейін;

      2) үлестік салымдарды кепілдендіру тетігін іске асыру үшін кейіннен "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға - 2016 жылы 10 млрд. теңге;

      Бизнестің жол картасы - 2020 жобалары үшін қажетті инфрақұрылымды жүргізу - 2015 жылы 9,8 млрд. теңге және 2016 жылы 15 млрд. теңге;

      өнім сапасының инфрақұрылымын дамыту - 1,1 млрд. теңге;

      перспективті учаскелерді геологиялық зерделеу - 4,6 млрд. теңге.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев