Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдер жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары Бағдарламада белгiленген iс-шараларды iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келiсiм бойынша) тоқсан сайын, есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрмей Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Yкiметiне тоқсан сайын, есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 913 қаулысымен .
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 2 шілдедегі
N 713 қаулысымен бекітілген
Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту
Бағдарламасы
Астана қаласы, 2002 жыл
1. Паспорт
Атауы Қазақстан Республикасында микропроцессорлық
карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының
ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы
(бұдан әрi - Бағдарлама)
Қысқаша мазмұны Бағдарламада Микропроцессорлық карточкалар
негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық
банкаралық жүйесiн құру және осы жүйенi
Қазақстан Республикасының барлық аумағында
кезең-кезеңiмен ендiру көзделген.
Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем
карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн
құрудың мақсаттары:
- халықтың қолындағы қолма-қол ақша массасын
қолма-қол жасалмайтын ақша айналымына тарту;
- қандай банктiң қызмет көрсететiнiне
қарамастан, халыққа, сауда-сервис
кәсiпорындарына қызмет көрсету
бойынша бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiн құру;
- мемлекеттiк басқаруда болашағы бар
ақпараттық технологияны жаппай пайдалануға
негiзделген жаңа технологиялық тәртiптi
қалыптастыру;
- ақша айналымына мемлекеттiк бақылауды
күшейту;
- бөлшек төлем жүйелерiне жаңа озық
ақпараттық технологияларды ендiрудi
қамтамасыз ету болып табылады.
Iске асыру мерзiмi 2002-2005 жылдар <*>
Ескерту. 1-бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.14. N 817 қаулысымен .
2. Кiрiспе
Төлем карточкаларының дүние жүзiнде XX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан бастап кеңiнен қолданыла бастағанына қарамастан, Қазақстандағы төлем карточкаларының рыногы 1994 жылдан бастап қана дами бастады. Төлем карточкаларын қарапайым жiктеу бойынша магниттi жолағы бар және микропроцессорлық карточкаларға бөлуге болады. Магниттi жолағы бар карточка - XX жүз жылдықтың екiншi жартысындағы негiзгi төлем құралы, ол өз кемшiлiктерiне қарамастан дамыған елдерде кеңiнен қолданылуда. Микропроцессорлық карточкалардың өз кезегiнде қорғалу деңгейi, жады көлемi мен атқаратын қызметi бойынша магниттi жолағы бар карточкаларға қарағанда елеулi артықшылықтары бар, бiрақ олардың дамыған елдердегi төлем жүйелерiнде жаппай пайдаланылуын жүйедегi магниттi жолағы бар карточкаларды пайдалануға негiзделген iрi инвестициялар тоқтатып отыр. Төлем карточкаларын аз уақыттан берi қолданатын елдердiң қатарына жататын Қазақстан Республикасының да осы саладағы жаңа ақпараттық технологияға көшу жолында серпiлiс жасауына мүмкiндiгi бар.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн құруға дайындық 1993 жылы басталды, 1993 жылдан 1995 жылға дейiнгi кезең iшiнде Ұлттық Банктiң тапсырысы бойынша IBM фирмасы (АҚШ) және банкаралық жұмыс тобы Электрондық қолма-қол ақшаның ұлттық жүйесiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн және Пластикалық карточкалардың интеграцияланған жүйесiнiң дизайнын әзiрледi, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны және дебеттiк/кредиттiк карточкаларды дамытуға болжам жасалды. Сонымен қатар электрондық қолма-қол ақша жүйесi iс жүзiнде кәдiмгi банкноттар мен металл ақшаларға толық ұқсас болуға арналған едi. Осы жобаны iске асыру үшiн - интегралды микросхемасы - электрондық әмияны (тауарларды және қызмет көрсетудi сатушылармен есеп айырысу үшiн пайдаланылатын және баланстарда (әмияндарда) әлi пайдаланылмаған ақша сомасы туралы деректер және басқа қажеттi деректемелер сақталатын микропроцессорлық карточка) бар төлем карточкаларын қолдану болуы керек едi.
Жобада қолма-қол электрондық ақшаны, сондай-ақ дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу бойынша шағын бөлшек төлемдердi жүзеге асыру көзделдi. Электрондық қолма-қол ақшаны инфляциядан қорғауға мүмкiндiк туғызу үшiн шетел валютасын электрондық әмиянда сақтауға қосымша ұсыныс берiлдi.
Ұлттық Банктiң банкноттар мен металл ақшаларды сатқан жағдайдағы сияқты электрондық ақшаны екiншi деңгейдегi банктерге сату арқылы оны айналымға шығару көзделдi. Мұндай жағдайда айналыстағы ақша массасы екi бөлiкке бөлiнер едi: электрондық ақша және банкноттар, металл ақшалар.
Жоба негiзiнен сол кезеңдегi Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң даму деңгейiне сәйкес қажет болмады. Қазiргi кезде осы жобаны кезең-кезеңiмен iске асыру үшiн барлық алғышарттар бар. Бiрiншiден, екiншi деңгейдегi банктердiң ақпараттық инфрақұрылымы осы кезең iшiнде белгiлi бiр дамуға қол жеткiздi. Екiншiден, Қазақстан Республикасында ТМД елдерiнiң арасында неғұрлым дамыған, банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ететiн төлем жүйесi қалыптасты.
Электрондық қолма-қол ақшаны енгiзу жолындағы алғашқы қадам электрондық әмияндар тұжырымдамасы негiзiнде микропроцессорлық дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн құру болып табылады. Электрондық әмияндар тұжырымдамасын "таза" күйiнде iске асыру көзделмейдi, яғни есеп айырысу жүзеге асырылғанға дейiн клиенттердiң микропроцессорлық карточкаларына енгiзiлген ақша банк жүйесiнде жинақталуға мүмкiндiк бере отырып, iс жүзiнде клиенттердiң банктегi жеке есепшоттарында қалады. Халық тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн Қазақстан Республикасының кез келген жерiнде және осы карточканы ұстаушыға қандай банктiң қызмет көрсететiнiне қарамастан есеп айырысуға мүмкiндiк алады. Электрондық қолма-қол ақша ендiрудiң жолында бүгiнгi күн талабына жауап беретiн осы қадамның өзiн iске асыру осы Бағдарламада ұсынылады.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауда iс жүзiнде қолма-қол ақша айналымының 100%-нен тұрады. Халықтың көпшiлiгiне банктерде қызмет көрсетiлмейдi және ақыны қолма-қол алады. Банктiк есепшоттары бар клиенттер қолма-қол ақшаны алып, өзiнiң барлық шығыстарын қолма-қол ақшамен төлеудi қалайды.
Салық органдарының iс жүзiнде қолма-қол ақша айналымы басым рыноктарда салық төлеушiлердiң кiрiстерiн тексеруге және бақылауға мүмкiндiктерi жоқ. Қолма-қол ақшаның негiзгi бөлiгi ұсақ-түйек сатып алуға жұмсалады. Бөлшек сауда рыногындағы ұсақ төлемдер бойынша өндiрiстiң әр түрлi салалары және импорттық өнiм берушiлер есепке алынбаған тауарлардың едәуiр көлемiн тарата алады және мемлекет бұл орайда салық жинау проблемаларына кезiгедi. Халықтың көпшiлiгi қазiргi уақытта тиiстi тiркеусiз жұмыс істейді және төлемдi қолма-қол ақшамен жүргізетiндiктен қызметкерден және жұмыс берушiден салық жинау көп қиындық туғызады. Мемлекеттiң қазiргi кезде халық қажеттiлiгiнiң нақты көлемiн тiркеуге және жанама салық салу саласындағы iстiң жай-күйiн бағалауға мүмкiндiк беретiн тетiктерi жоқ.
(қазақша мәтінде сөйлемнің аудармасы болмағандықтан орысша мәтіні беріліп отыр)
Владельцу денег нужна прозрачность и он постоянно нуждается в подсчете имеющейся у него суммы денег. Сол себептi ол ақшаны әмиянда сақтауды қолайлы санайды. Егер ол қалдық соманы көргiсi келген кезде көре алатын болса және оның ақшасы қандай да бiр жағдайда, инфляциядан iшiнара қорғалатын болса, онда ол ақшаны банкте сақтаудан және төлем карточкаларын пайдалана отырып оларды алудан бас тартуына себеп жоқ. Алайда, мұндай карточканың иесi үшiн ережелердiң бiр уақытта барлығы үшiн өзгеруiнiң маңызы бар.
Қазiргi уақытта Қазақстандағы магниттi жолағы бар төлем карточкалары негiзiндегi жергiлiктi және халықаралық төлем жүйелерi барлық жағымды жақтарына қарамастан, күнделiктi жасалынатын ұсақ төлемдер рыногын қанағаттандыра алмайды. Магниттi жолағы бар төлем карточкалары негізiнде, "оn-linе" режимiнде (тауарларға және қызмет көрсетуге ақы төлеу сәтiнде сауда терминалының процессинг орталығымен тiкелей байланысы кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер бойынша ақпарат алмасу режимi) ғана жұмыс iстейтiн төлем жүйелерiн пайдалану кезiнде транзакциялар өңдеудiң жоғары құнына байланысты ұсақ төлемдерге қызмет көрсету тиiмсiз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық желiнiң даму дәрежесi авторизацияның қажеттi деңгейiн жаппай қамтамасыз ете алмайды.
Осы Бағдарламада ұсынылып отырған микропроцессорлық технология ұсақ төлемдердi жүзеге асыру үшiн қаржы рыногының қажеттiлiгiн қанағаттандыратын және нашар дамыған телекоммуникациялық желi жағдайларында жұмыс iстей алатын төлем құралы болып табылады. Бұл технология карточка ұстаушыларының банктiк есепшоттарындағы ақшаны жинақтауға және оларды "оn-linе" режимiнде (тауарларға және қызмет көрсетуге ақы төлеу сәтiнде процессинг орталығы мен сауда терминалының арасында байланыс орнатпай, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер бойынша ақпарат алмасу режимi), сол сияқты "оn-linе" режимiнде қолданып, төлемдердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Микропроцессорлық "off-line" технологиясы "оn-linе" технологиясына қарағанда процессинг орталығымен төлем жасау сәтiнде байланысу үшiн телефон желiсiн пайдаланудың шұғыл қажеттiлiгi болмағандықтан төлемдердi қабылдаудың инфрақұрылымын құру кезiнде коммуникациялардың дамыған желiсiн қажет етпейдi.
Ағымдағы кезеңде бiрқатар екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң төлем жүйелерiне жергiлiктi және халықаралық төлем карточкалары бойынша едәуiр қаражатты инвестициялауды жалғастыруда. Екiншi деңгейдегі банктердiң магниттi жолағы бар төлем карточкаларының жергiлiктi және халықаралық төлем жүйелерiне салған инвестициялар көлемi айтарлықтай сома болды. Бұл орайда банктердiң жергiлiктi төлем жүйелерi, әдетте, өзара сәйкес келмейдi және оларды дамытуға жұмсалатын алдағы шығындар бiрыңғай жүйенi құру кезiнде тиiмсiз немесе құнсыз болуы мүмкiн.
Ағымдағы кезеңде Қазақстан Республикасы төлем карточкаларының қазiргi ұлттық банкаралық жүйесiн iске асыру үшiн күштердi бiрiктiру қажет, оны iске асыру банктердiң қаражатты үнемдеудi қамтамасыз етуiне мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн ендiрудi ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолдануда. 2000 жылдың аяғында Ұлттық Банк "Процессинг орталығы" жабық акционерлiк қоғамын құрды, оны құрудағы мақсат Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалануға арналған бiрыңғай төлем кеңiстiгiн қалыптастыру болып табылады.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Осы Бағдарламаға қол жеткiзуге бағытталған басты мақсаттар мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының банк жүйесiнде қаржы құралдарының айтарлықтай көлемiн ұсақ бөлшек тауар-ақша айналымындағы едәуiр қолма-қол ақша массасын тарту есебiнен жинақтау арқылы, оларды қолма-қол жасалмайтын айналымға аудару арқылы iшкi инвестициялық мүмкiндiктердi кеңейту;
2) бөлшек сауда саласында айналатын қаржы ағынының айқын болуына мүмкiндiк беретiн микропроцессорлық төлем карточкаларын қолдана отырып, ауқымды қолма-қол жасалмайтын бөлшек төлем жүйесiн құру.
Бағдарлама мынадай мiндеттердi шешуге бағытталған:
1) ақша айналымын бақылауды күшейту, қолма-қол ақшаның қалтарысты айналымын азайту және салықтың толық алынуын қамтамасыз ету;
2) жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеу тетiктерiн жетiлдiру;
3) коммуналдық төлемдер жинау, көлiк, байланыс қызметiне ақы төлеу барысын оңтайландыру;
4) бюджеттiк (салықтық, кедендiк) және өзге де мiндеттi алымдарды қолма-қол жасалмайтын нысанда жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк құрылымдарда микропроцессорлық карточкалар технологиясын қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасына жәрдемдесу;
5) бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол бермеу және зейнетақы реформасы бойынша iс-шаралар мен арнайы әлеуметтік жеңiлдiктер беру бағдарламалары шеңберiнде жеңiлдiктер мен жәрдемақылар беру процесiн орталықтандырылған басқару есебiнен әлеуметтiк шиеленiстi азайту;
6) қолма-қол ақшаның бiрдей массасын эмиссиялауға шығыстарды қысқарту.
Бағдарлама микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн құруды көздейдi, ол:
1) ұлттық валютамен жүргiзiлетiн жұмысқа бағытталған;
2) көпшiлiк халықтың пайдалануына арналған;
3) ұсақ және орташа төлемдердiң рыногына бағытталған;
4) халықаралық төлем жүйелерi қатаң белгiлейтiн ережелерге тәуелсiз және сол арқылы ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне жауап бередi;
5) карточканың жадында мынадай деректердiң: жеке тұлғаның тiркеу нөмiрi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке код, паспорттық, медициналық деректер және басқаларының болуына мүмкiндiк бередi.
Екiншi деңгейдегi банктердiң шығындарын оңтайландыру және Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн кейiннен халықаралық жүйелермен шоғырландыру мақсатында Бағдарлама екiншi деңгейдегi банктер үшiн халықаралық жүйелердiң төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдер клирингiн бағыттау мен жүргiзудi қамтамасыз ету қызметiн iске асыруды көздейдi.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiктерi
Төлем карточкаларын Қазақстан Республикасының барлық аумағында Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi шеңберiнде ендiрудi және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн нақты микропроцессорлық төлем карточкасын қандай банк шығарғанына қарамастан, микропроцессорлық төлем карточкаларын жаппай пайдалану үшiн тиiстi жағдайлар жасау және инфрақұрылым құру қажет.
Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң негiзгi қатысушылары банктер, сауда және қызмет көрсету кәсiпорындары және төлем карточкаларының ұстаушылары болып табылады.
Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн тиiмдi iске асырудағы үлкен роль Ұлттық Банкке, екiншi деңгейдегi банктерге, Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарына берiледi.
Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi карточкалар арқылы әскери қызметкерлер үшiн жалақы, үлес, зейнеткерлерге зейнетақы және басқа атаулы төлемдер төлеу, тауарлар мен қызмет көрсетудiң кез келген түрлерiн төлеу, кедендік алымдар мен төлемдер жасау жағдайларын жақсарту, салық органдарының салық алымдары мен төлемдерiн оңтайландыру, медициналық қызмет көрсетудi есепке алу және т.б. мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беруi тиiс.
Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi мынадай функцияларды iске асыруды қамтамасыз етуi тиiс:
1) төлем карточкалары бойынша транзакциялар өңдеу, қажеттi төлем қуаттарын дайындау;
2) осы төлем жүйесiнiң қатысушы банктерi арасында өзара есеп айырысуларды жүргiзу үшiн ақпарат дайындау;
3) төлем карточкаларын, оның iшiнде халықаралық төлем жүйелерiнiң төлем карталарын пайдалана отырып, жүзеге асырылған төлемдердi бағыттау және клирингi;
4) қатысушылардың таза позициясына сәйкес ақша аударымын жүзеге асыруға арналған қатысушы банктердiң таза позицияларын белгiлеу;
5) мемлекеттiк органдармен және екiншi деңгейдегi банктермен, бағдарламалық-техникалық құралдарды жеткiзушiлермен жүргiзiлетiн жұмысты үйлестiру және өзара iс-әрекеттердi қамтамасыз ету, жүйенің технологиялық даму бағыттарын белгiлеу, қатысушы банктер және сауда мен қызмет көрсету кәсiпорындары үшiн құнды барынша төмендету мақсатында жүйеге арналған жабдықты жеткiзу үшiн көтерме тапсырыстарды орналастыруды ұйымдастыру;
6) қатысушы банктердiң бiрыңғай жүйеде өзара iс-әрекеттерiн техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуiн ұйымдастыру;
7) төлем карточкаларын қабылдау желiсiне (сауда терминалдарына, банкоматтарға) қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
8) микропроцессорлық карточкалар негiзiнде электрондық коммерция жүйесiн (E-Commerce) құруды және дамытуды, коммерциялық ұйымдарға, корпоративтiк және жеке клиенттерге, мемлекеттiк мекемелерге электрондық коммерция бойынша қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
9) мемлекеттiк органдармен бiрге Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң негiзiнде халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң, зейнетақы және бюджеттiк басқа төлемдердiң, салықтар мен баж салығын жинаудың автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiндегi бiрлескен жобаларды iске асыруды ұйымдастыру.
Төлем карточкаларын пайдалануға байланысты операциялар бойынша ақша төлемдерiн және аударымдарын жүзеге асыру кезiнде кредит тәуекелiн және өтімдiлiк тәуекелiн төмендету мақсатында Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң қатысушы банктерi арасындағы ақша төлемдерi және аударымдары жұмыс iстеп тұрған банкаралық ақша аудару жүйесi арқылы жүзеге асырылады.
Төлем карточкаларын шығаруды және/немесе эквайрингтi жүзеге асыратын кез келген банк Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң қатысушы банкi бола алады. Бұл ретте эквайринг қызметi ретiнде банктердiң сауда және қызмет көрсету кәсiпорындарымен жасалған шарттың талаптарына және/немесе төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдi жүзеге асыру кезiнде сауда және қызмет көрсету кәсiпорны жасаған төлем құжатының талаптарына сәйкес сауда және қызмет көрсету кәсiпорындарының пайдасына келiп түскен ақшаны қабылдау жөнiндегi операциялар кiретiн қызметiн, сондай-ақ осы банктiң клиенттерi болып табылмайтын төлем карточкаларын ұстаушыларға қолма-қол ақша беру жөнiндегі операцияларды жүзеге асыру қызметiн түсiнген жөн. Қатысушы банктiң функциясына төлем карточкаларын шығару, оларды дербестендiру және менеджмент, карт-есепшоттарды жүргiзу, банкаралық есеп айырысуларға және клирингке қатысу кiредi. Қатысушы банктiң филиалдары төлем карточкаларын және эквайринг шығаруды дербес жүзеге асыра алады. Осындай мүмкiндiк экономикалық және Ұйымдастырушылық жағынан алғанда қандай да болмасын банктiң немесе оның филиалының осы төлем жүйесiне қатысу нысандары жөнiнде оңтайлы шешiмдер табуға мүмкiндiк жасайды. Банктер пайданы жеке есепшоттардағы орташа айлық өтпелi қалдықтардағы ақшаны орналастырудан, сауда бизнесiнен, төлем карточкаларын шығарудан және оларға қызмет көрсетуден алады.
Жұмыс берушiлердiң ұйымдары клиенттердiң банктiк есепшоттарына жалақы аударуға (пакеттiк файлдарды пайдалана отырып) және түрлi зейнетақы және сақтандыру қорларына басқа төлемдер жасауға жауапты. Егер компания өзiнiң қызметкерлерiне қосымша қызмет көрсету ұсынса, карточкадағы ақша туралы ақпаратты жаңарту және клиент туралы басқа ақпарат алу үшiн iрi ұйымдарға оn-linе терминалын орнату мүмкiндiгi берiлуi тиiс. Жұмыс берушi өз қызметкерлерiнiң карточкалары құнының бiр бөлiгiн төлей алады, сондай-ақ қызметкерлердi тiркеу үшiн карточкаларды пайдалана алады.
Сақтандыру бизнесiне де микропроцессорлық төлем карточкаларын және төлем карточкаларын ұстаушы клиенттерге өзiнiң сақтандыру қызметiн ұсыну үшiн осы карточкаларды қабылдау желiсiн пайдалану мүмкiндiгi ұсынылуы тиiс. Осындай инфрақұрылымды пайдалану және оны пайдалануға ғана ақы төлеу сақтандыру ұйымдарына транзакцияларды өңдеу жөнiндегi операциялық шығыстарды қысқарту есебiнен ең төменгi баға деңгейiнде клиенттiк қарым-қатынастардың түбегейлi жаңа жолын құруға мүмкiндiк бередi.
Тауарлар мен қызметтердi төлеу кезiнде сауда және қызмет көрсету ұйымдарына Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң төлем карточкаларын қабылдау үшiн карточкаларды қабылдау құрылғысы - POS терминалдар (төлем карточкаларын пайдалана отырып тауарлар және қызмет көрсету үшiн ақы төленетiн электронды-механикалық құрылғы) қажет.
Бизнесiнiң мөлшерiне қарай сауда және қызмет көрсету ұйымдары принтерiмен бiрге қызмет көрсететiн оn-linе құрамасы бар әмбебап құрылғыны немесе одан арзандау оn-linе терминалын пайдаланады. Терминал жабдығын толық сатып алмай жалдау мүмкiндiгi, сондай-ақ жалдау ақысын банктiк эквайринг комиссиясының құрамына енгiзе отырып алу мүмкiндiгi көзделуi қажет.
Карточкаларды пайдаланудың тартымдылығын арттыру үшiн бiрiншi кезеңде бiрқатар ынталандыру шараларын қабылдаған дұрыс. Мұндай шаралар мыналарды қамтуы мүмкін:
(1) тармақшаның қазақша мәтінде аудармасы болмағандықтан орысша мәтіні беріліп отыр)
1) нормативные (предоставление льгот и скидок пенсионерам, предусмотренных законодательством Республики Казахстан)
2) коммерциялық (карточкалар бойынша комиссиялық алымдар, сатып алу кезiндегi шегерiмдер, лотереялар);
3) сервистiк (артықшылықтар, клубқа мүше болу).
Мұндай жағдайларда карточка құнының бiр бөлiгiн жабу немесе осы құнды төлеудi бөлу дұрыс болады.
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi операторының қажеттi инфрақұрылымын және қызметiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, екiншi деңгейдегi банктер, басқа ұйымдар инвестициялайтын қаражат қаржыландыру көздерi болып табылады. Мемлекеттiк бюджеттен осы мақсаттарға арналған инвестициялар талап етiлмейдi. Шетелдiк ұйымдардың инвестициялары тартылған жағдайда Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң операторы акцияларының бақылау пакетi қазақстандық тарапқа тиесiлi болуы тиiс.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Осы Бағдарламада көзделген барлық iс-шараларды iске асыру мыналарды қамтамасыз етуге:
Мемлекеттiк органдарға:
1) ақша айналымын бақылауды күшейтудi, қолма-қол ақшаның қалтарысты айналымын азайтуды және жанама салықтар бойынша алымдардың толық болуын қамтамасыз ету;
2) едәуiр кредит ресурстарын экономиканың нақты секторына инвестициялау үшiн банктiк жүйеге жинақтау;
3) бюджет ақшасының түсуiн және пайдаланылуын тиiмдi бақылауды және тиiсiнше мемлекеттiк органдардың және құрылымдардың өкiлдерi тарапынан терiс мақсатта пайдалану мүмкiндiгiн болдырмауды ұйымдастыру;
4) республикалық және жергiлiктi бюджеттердегi түсiмдердi болжаудың тиiмдi мүмкiндiктерiн жасау;
5) айналыстағы қолма-қол ақша массасын (эмиссиясын) теңбе-тең ұстап тұруға байланысты шығыстарды қысқарту;
6) экономикадағы бақылаусыз ақша ағынына байланысты қылмыстың себептерiн жою;
7) халықты әлеуметтiк қолдау, әлеуметтiк жәрдемақылар, балаларға төленетiн ай сайынғы жәрдемақылар, зейнетақылар төлеуге кепiлдiктi қамтамасыз ету, халыққа қосымша қызметтер көрсету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырған кезде қолма-қол жасалмайтын есеп айырысуды ендiру мүмкiндiгiн бередi.
Екiншi деңгейдегi банктерге:
1) бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiнде жұмыс iстеу және басқа банктер эмиссиялаған төлем карточкалары бойынша халыққа, сауда-сервистiк кәсiпорындарға қызмет көрсету;
2) клиенттер базасын кеңейту, есепке алу сапасын жақсарту;
3) халықтың қосымша ақша қаражатын тарту;
4) эквайринг қызметiн көрсетуден түскен кiрiстердi көбейту;
5) эмиссиялық-кассалық жұмысқа (ақшаны инкассациялау, өңдеу, сақтау) байланысты шығындарды қысқарту;
6) жүйеде есеп айырысуды ұйымдастырудың арнайы технологиясымен үйлестірiлген микропроцессорлық карточкалар пайдаланылатын болғандықтан қаржы залалдары мен тәуекелдерiн, жүйенi бұзуды және карточканы қолдан жасауды iс жүзiнде толық болдырмау және ақпаратты қорғау;
7) тауарларға ақы төлеу және қолма-қол ақша алу жөнiндегi жаппай операцияларды орындау кезiнде off-line режимiн пайдалануға байланысты қатысушы банктiң орталық компьютерлiк жүйесiне түсетiн күштi азайту. Терминалдық карточкалармен және банкомат карточкаларымен жасалған электрондық инкассация операцияларының қарапайымдылығы, жылдамдығы, сенiмдiлiгi, байланыс желiлерiн жүргiзуде немесе жалдауда үнемдеу;
8) микропроцессорлық карточканың, сол сияқты басқа карточкалық төлем жүйелерiнiң магниттi жолағы бар карточкасының да терминалдық жабдығында қызмет көрсету мүмкiндiгiн бередi.
Сауда және қызмет көрсету ұйымдарына:
1) төлем карточкалары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын клиенттердiң қосымша санын тарту;
2) есепке алудың сапасын жақсарту;
3) қолма-қол ақшаның инкассациясына, сақтауға және өңдеуге кететiн шығыстарды төмендету;
4) клиенттерге жедел қызмет көрсету, авторизация жүргiзуге кететiн уақыт шығынының болмауы, қағаз құжаттарды қолмен жасау және өңдеу қажеттiлiгiнiң болмауы, жабдықтармен жұмыс iстеу үшiн мамандардың арнайы бiлiмi және дайындығы талап етiлмейтiн операциялардың қарапайымдылығы;
5) барлық жасалған төлем операцияларына сауда ұйымы әкiмшiлiгiнiң тарапынан қарапайым ыңғайлы бақылау;
6) iрi және ұсақ сауда нүктелерiнде төлем жасауға карточкалар қабылдау мүмкіндігі;
7) сол сауда терминалында қызмет көрсетуге микропроцессорлық карточкаларды, сол сияқты әдеттегi магниттi карточкаларды да қабылдау мүмкiндiгiн бередi.
Микропроцессорлық карточкаларды ұстаушы клиенттерге:
1) жоғалту, ұрлау, есеп айырысуда қателер жiберу тәуекелдерiн болдырмау, алаяқтықтан қорғауға техникалық кепiлдiк беру;
2) салым бойынша пайыздар түрiнде қосымша кiрiс алу мүмкiндiгi, мұндайда карточкадағы ақша карточкалық есепшоттың жалпы теңгерiмiне кiредi;
3) жедел сатып алу, iрi және ұсақ сатып алу жасау үшiн карточкаларды пайдалану мүмкiндігiн;
4) микропроцессорлық карточка жоғалған кезде қаражаттың жұмсалмаған бөлiгi банкте қалады және клиентке қайтарыла алады;
5) карточканың көмегімен ақша аударымдарын және есепшоттарды төлеудi жүзеге асыру мүмкiндiгiн;
6) клиенттiң микропроцессорлық карточкасындағы транзакциялардың тiзiмi бойынша қаржы операцияларын жеңiл, ыңғайлы бақылауды, кез келген сауда нүктесiнде, банкоматта немесе банктiң офисiнде оn-linе режимiнде соңғы операциялар бойынша анықтамалар немесе карточканың көкейкесті теңгерiмi бойынша жиi қажет болатын анықтаманы алу мүмкiндiгiн;
7) өзiне-өзi қызмет көрсету терминалы арқылы микропроцессорлық карточкаға қаражат салу мүмкiндiгiн бередi.
Барлық ұйымдарға:
1) қызметкерлерге кассалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды төмендету;
2) есепке алу сапасын жақсарту мүмкiндiгiн бередi.
8. Микропроцессорлық карточкалар негізінде
Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 8-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.14. N 817 қаулысымен .
Ескерту. 7-жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 913 қаулысымен .
___________________________________________________________________
р/с| Іс-шара |Орындауға |Аяқталу |Орын. |Болжамды|Қаржы.
N | |жауаптылар |нысаны |далу |шығыстар|ландыру
| | | |мерзімі| |көздері
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 Микропроцессорлық Ұлттық Ұлттық 2002 Шығыстар Қаржы.
карточкалар негі. Банк Банк жылғы жоспар. лан.
зінде Төлем (келісім Басқар. 4- ланбайды дыру
карточкаларының бойынша), масының тоқсан талап
ұлттық банкаралық "Процессинг қаулысы етіл.
жүйесінің жұмыс орталығы" мейді
істеу ережесін ЖАҚ
әзірлеу (келісім
бойынша)
2 Микропроцессорлық Ұлттық Дайын. 2002 Шығыстар Қаржы.
карточкалар негі. Банк далған жылғы жоспар. лан.
зінде Төлем (келісім конкурс 4- ланбайды дыру
карточкаларының бойынша), талап. тоқсан талап
ұлттық банкаралық ККМ, ҚарМ, тары етіл.
жүйесінің жұмыс "Процессинг және мейді
істеу үшін жабдық. орталығы" құрылған
тарды және бағдар. ЖАҚ конкурс
ламалық қамтамасыз (келісім комиссия.
етуді жеткізуші. бойынша), сы, жет.
лерді таңдау екінші кізушіні
бойынша тендер деңгейдегі (лерді)
өткізуге конкурс банктер таңдау
талаптарын дайын. (келісім
дау, тендер бойынша)
комиссиясын құру
және конкурсты
өткізу
3 Микропроцессорлық Ұлттық Үкімет. 2002- Шығыстар Қаржы.
карточкалар негі. Банк ке 2004 жоспар. лан.
зінде Төлем (келісім ақпарат жылдар ланбайды дыру
карточкаларының бойынша), талап
ұлттық банкаралық "Процессинг етіл.
жүйесінің қаты. орталығы" мейді
сушылары арасында ЖАҚ
семинарлар өткізу (келісім
бойынша)
4 Төлем карточкала. Ұлттық БАҚ-та 2002- Шығыстар Қаржы.
рын сауда және Банк жария. 2004 жоспар. лан.
қызмет көрсету (келісім ланым. жылдар ланбайды дыру
саласында танымал бойынша), дар мен талап
ету және пайдалану "Процессинг сөз етіл.
мақсатында бұқара. орталығы" сөйлеу. мейді
лық ақпарат құрал. ЖАҚ лер
дарында халық (келісім
арасында насихат. бойынша),
тау және түсінді. екінші
ру жұмысын деңгейдегі
жүргізу банктер
(келісім
бойынша)
5 "Мемлекеттік Ұлттық Үкімет 2002 Шығыстар Қаржы.
бюджеттің қаража. Банк қаулы. жылғы жоспар. лан.
ты есебінен жала. (келісім сының 4- ланбайды дыру
қы, стипендия, бойынша) жобасы тоқсан талап
зейнетақы, жәр. етіл.
демақы және басқа мейді
да ақшалай төлем.
дерді төлеудің
тәртібін жетілді.
ру жөніндегі ша.
ралар туралы"
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 28
қыркүйектегі
N 1464 қаулысына
мемлекеттік меке.
мелер, мемлекет.
тік кәсіпорындар
және мемлекеттің
қатысуы бар ұйым.
дар қызметкерле.
рінің жалақысын
екінші деңгейдегі
бантерде ашылған
карт-шоттарға
аудару бөлігінде
өзгерістер енгізу
туралы Үкімет
қаулысының жоба.
сын әзірлеу
6 Екінші деңгейдегі Ұлттық Ұсыным. 2003 Шығыстар Қаржы.
банктерге және Банк дар жылғы жоспар. лан.
"Казпочта" ААҚ-ға (келісім 4- ланбайды дыру
бюджетке төлемдер бойынша) тоқсан талап
бойынша, сондай- етіл.
ақ төлем карточ. мейді
каларын пайдалана
отырып коммунал.
дық қызметтер
көрсетуге, байла.
ныс қызметтеріне
ақы төлеу бойынша
операциялар жүр.
гізу үшін өз
бөлімшелерінде
халыққа қызмет
көрсететін жаб.
дықтар орнатуды
қамтамасыз етуді
ұсыну
7 <*>
8 Міндетті медици. ДСМ, ЭБЖМ, Ұлттық 2004 Шығыстар Қаржы.
налық сақтанды. "Процессинг Банкке жылғы жоспар. лан.
руды енгізу жө. орталығы" ұсыныс. 3- ланбайды дыру
ніндегі іс-шара. ЖАҚ тар тоқсан талап
лар іске асырыл. (келісім етіл.
ған жағдайда бойынша) мейді
Микропроцессорлық
карточкалар негі.
зінде Төлем
карточкаларының
ұлттық банк
аралық жүйесі
шеңберінде төлем
карточкаларының
технологияларын
пайдалану және
қызмет көрсету
мүмкіндігін
қарастыру
9 Сауда және сервис Екінші Ұлттық 2004 Шығыстар Қаржы.
ұйымдарын сауда деңгейдегі Банкке жылғы жоспар. лан.
терминалдарымен банктер есептер, 4- ланбайды дыру
қамтамасыз ету (келісім Үкіметке тоқсан талап
жөніндегі ұйым. бойынша), ақпарат етіл.
дастыру іс-шара. "Процессинг мейді
ларын жүргізу орталығы"
ЖАҚ
(келісім
бойынша),
облыстар.
дың, қала.
лардың
және ау.
дандардың
әкімдері
10 Қазақстан ҚарМ, АБА, Норма. 2005 Шығыстар Қаржы.
Республикасының ӘдМ, ІІМ, тивтік жылғы жоспар. лан.
Ұлттық тізілім. "Процессинг құқық. 1- ланбайды дыру
дерін жасау мақ. орталығы" тық ке. тоқсан талап
сатында Жеке (заң. ЖАҚ сімнің етіл.
ды) тұлғаның (келісім жобасы мейді
бірыңғай нөміріне бойынша)
(ИН(БИН) көшу
бағдарламасын
іске асырған
кезде оларға
Микропроцессорлық
карточкалар негі.
зінде Төлем кар.
точкаларының ұлт.
тық банкаралық
жүйесі шеңберінде
қызмет көрсету
үшін төлем карточ.
каларының техноло.
гияларын пайдалану
___________________________________________________________________